Главная » Статьи » В помощь учителю » Общество семи муз |
«Музыкадағы интервалдар» тақырыбына сольфеджиодан ашық сабақ 3 сынып (халық аспаптар бөлімі) Сабақтың мақсаты: Оқушылардың музыкалық-теориялық пәндерден алған білімдері мен музыкалық-тәжірибелік сабақтарының арасындағы байланысын нығайту, өзара ұштастыру. Сабақтың міндеттері. Білімділік: Теориялық білімдерін қайталау және бекіту. Жаңа тақырыпты меңгеру. Дамытушылық:Музыканы есту қабілеті мен музыкалық ойлау қабілеттерін жетілдіру Тәрбиелік:Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру және топпен жұмыс істеу дағдыларын пысықтау. Сабақтың түрі: аралас сабақ Көрнекілігі: музыкальнық аспап (фортепиано), ноталық материалдар, тақтадағы тапсырмалар, көрнекі құралдар. Әдісі: сараптау, салыстыру, жалпылау, көрнекі құралдармен жеткізу. Оқушылармен жасалатын жұмыс түрлері: дауыс-ырғақтық жаттығулар, тәжірибелік тапсырмалар, диктант, есту қабілетін тексеру, парақтан оқу, музыкалық мәтінді сараптау, әр түрлі ойындар. Сабақтың жоспары 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Өткен тақырыпты бекіту. 3. Есту қабілетін сараптау. 4. Жаңа тақырыппен таныстыру. 5. Парақтан оқып үйрену, музыкалық мәтінді сараптау. 6. Музыкалық диктант. 7. Үй тапсырмасы. Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Қайырлы күн, балалар! Бүгін біз сіздермен күнделікті сольфеджио сабағын өткіземіз. Бірақ бүгінгі сабағымыздың тек бір ғана ерекшелігі бар, сабағымызға бүгін қонақтар келіп отыр, олар - менің әріптестерім, яғни ұстаздар. Әдеттегідей сабаққа мұқият және белсенді қатысуға тырысыңдар, ең алдымен амандасудан бастайық! 1. «Саламатсындар ма» (Т5/3 жогары, томен ) оқушыла жауап береді «Саламатсыз ба» (по звукам Т 53↓)дауысымыздың ырғағын дұрыстап алу үшін До мажор гаммасы мен біздің жаттығуымызды қайталайық, бұл жаттығу бүгін бізге интервалдарды өткенде қажет болады: До-Ре – бұл тон, Ре-Ми –бұл тон, Ми-Фа – жарты тон, Фа-Соль – бұл тон, Соль-Ля – бұл тон, Ля-Си – бұл тон, Си-До – жарты тон. Мұғалім: Балалар, гаммада жарты тон неше рет кездесті? Балалар: Екі рет. Олар – ми-фа және си-до. Мұғалім: Мажорлық гамманың құрылымын еске түсірейік. Балалар: 2 тон, жарты тон, 3 тон, жарты тон. 2.Өткен тақырыпты қайталау. Балалар! Біз сендермен үлкен қызықты тақырыпты бастадық оның аты «Музыкадағы интервалдар», бүгінгі сабағымызды қайталаудан бастаймыз. Сабаққа белсенді қатысқан балалар сабақтың соңында жақсы бағалар алады. Ал, бастайық. Мұғалім: Интервал дегеніміз не? Балалар: Ол дыбыстар арасындағы ара қашықтық. Мұғалім: Дұрыс, балалар. Интервал —бұл бір дыбыстан екінші дыбысқа дейінгі ара қашықтық. Бұл дыбыстарды бірге айтуға болады немесе кезекпен айтуға болады. Егер екі дыбысты кезекпен орындаса қандай интервал шығады? Балалар: мелодиялық интервал. Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, өйткені әуен интервалдардан тұрады. Ал егер екі дыбысты бірге алсақ ше? Балалар: гармониялық интервал. Мұғалім: осы уақытқа дейін біз қанша интервалды білдік? Балалар: Сегіз. Мұғалім:интервалдардың аттарын есімізге түсірейікші! Балалар: Прима, секунда, терция, кварта, квинта, секста, септима, октава. 3. Интервалдардың тақтада ретімен жазылуы (сандарды ғана жазу). Мұғалім: Балалар, менің амандасуым қандай интервалдан басталады, кім назар аударды? Балалар: Тоникалық үш дыбыстан. Мұғалім: Дұрыс, тоникалық үш дыбыстан, ал сендердің жауаптарың қалай шықты? Балалар: тондық трезвучидің сатылары бойынша. Мұғалім: Ал трезвучие мелодиялық немесе гармониялық мазмұнда болды ма? Балалар: мелодиялық, өйткені ол аккорд емес, әуен болып естілді. Мұғалім: трезвучие интервалдан қалай ерекшеленеді? Балалар: интервал-бұл екі дыбыс, ал трезвучие-үш немесе одан көп дыбыстар. Мұғалім:Бірнеше интервалдарды тыңдаңдар. Олар бірдей ме, әлде әр түрлі естіле ме ? Балалар: Олар әр түрлі. Мұғалім: Әр интервалдың өзінің ерекшелігі мен сипаты бар, есту арқылы оңай ажырату үшін біздің де өзіміздің ойлап тапқан шарттыбелгілеріміз бар. Соларды еске түсірейік: Секунда – кірпі Терция - шымшық Кварта -Қазақстанның республикасының әнұраны Квинта– теңіз Секста– жымию Септима - дикообраз Октава - керік 4. Есте сақтау қабілетін анықтау: интервалдарды дәптерге жазамыз (8 такті, сандар). 5. Блиц-сұрақтар: сұрақтарға жауап беру керек. Музыкада неше қарапайым интервалдар бар? (сегіз) «Интервал» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (промежуток) Бірінен соң бірі айтылатын интервал қалай аталады? (мелодиялық) Қазақстанның республикасының әнұраны қандай интервалдан басталады? (кварта) Бір мезгілде орындалатын интервал? (гармониялық) 3 деңгейді қамтитын интервал? (терция) Қай интервал секундадан кең? (терция) Қай интервал терциядан кейін тұрады? (кварта) 8 деңгейді қамтитын интервал? (октава) «В лесу родилась елочка» әні қай интервалдан басталады? (секста) Қай интервал октавадан кіші? (септима) Квинтада неше деңгей бар? (5) 6. Жаңа тақырып. Таза, үлкен және кіші интервалдар. Мұғалім:Бүгін біз сіздермен таза, үлкен және кіші интервалдар туралы айтамыз. Сонымен, көбінесе, мажормен айтылатын интервалдар бұл - үлкен интервалдар, минормен естілетіндер бұл - кіші, ал таза айтылатын интервалдар таза интервалдар болып саналады.а есть чистые интервалы, которые звучат чисто: не мажорно и не минорно. Балалар: Бұл прима, кварта, квинта, октава. Учитель: Ендеше қалған интервалдар - секунда, терция, секста и септима бұлар кіші және үлкен интервал бола алады. Сонымен, біз сіздермен интервалдардың деңгейлік көлемі бар екенін және оның көлемі интервалдың қанша музыкалық деңгейді қамтитындығына байланысты екенін білеміз. Интервалдың тек деңгейлік қана емес, сонымен қатар тондық көлемі болады. Тондық көлем бір интервалға кіретін қанша тон бар екедігін анықтайды (немесе жарты тон). Бүгін біз сіздермен 4 таза интервалдармен таныстық, ал енді үлкен және кіші секунда дегеніміз не, соған тоқталайық. Тақтаға жазамыз: үлкен секунда (до - ре), кіші секунда (до-ре бемоль). секунданың деңгейлік көлемі қандай? Балалар: -2 деңгей. Мұғалім: Үлкен және кіші секундада неше тон бар? Балалар: Үлкен секунданың тондық көлемі-1 тон. Кіші секунданың тондық көлемі - 0,5 тон. Мұғалім: Кіші секунданы былай жазуға бола ма: до және до диез? Балалар: Жоқ, өйткені до мен до диез – бұл бір деңгейде, ал секунданың деңгейлік көлемі - 2 деңгей, сондықтан алдымен до мен рені жазамыз, сосын интервалды бемольдың көмегімен кішірейтемізпотом. 7.«Интервалдарды айту». Мұғалім: Әр интервалға өзінің әні тиесілі. Осы әндердің арқасында біз бұдан былай интервалдарды есту арқылы анықтай аламыз. м.2 – «Ой, оса летит, жужжит, нас ужалить норовит». б.2 – «Ёжик, ёжик, ты хорош, с нами песенки поёшь». Келесі сабақта біз сіздермен үлкен және кіші интервалдар туралы айтып, оларды есту арқылы ажыратуды үйренеміз. 8. Парақтан оқу, музыкалық мәтінді сараптау. Мұғалім: алдымен номерді сараптаймыз: тонын, көлемін, ұзақтығын, қайталанатын жерлерін, тактілерін анықтаймыз. Әр тактіде өзінің интервалы жасырылып тұр, кәне, соны табайық. 9. Музыкалық диктант. Балаларға жеке- жеке парақтардағы 8 такті таратылады. Сендердің алдарыңдағы диктанттың әуені, бірақ бұл әуендегі тактілер жоғалып қалған, сондықтан әуенді тыңдап болған соң, біз диктантымызды «паровоз» етіп жинаймыз, бұнда «паровоз» –скрипка кілті, ал соңғы вагон - екі такті сызықтары. Әуенді толық тыңдап болған соң оның көлемін, құрылымын, қай тональностьта тұрғанын анықтап, диктанттың тактілерін дұрыс қойып шығу керек. 10. Үй тапсырмасы. Интервалдардың аттары жасырылған сөзжұмбақты шешіңдер. с е п т И м а с е к у Н д а к в а р Т а с Е к с т а т е Р ц и я к В и н т а о к т А в а Л | |
Просмотров: 2386 | Комментарии: 1 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|