| Главная » Статьи » В помощь учителю » Уроки музыки |
| № 2 Өнер мектебі Қарағанды қаласы Қобыз жасау процесі Ежелгі көшпенділер ата-бабалардың әруағымен байланысып, адамдарды ауруынан айықтыратын бақсыларға аса зор құрметпен қараған. Мұндай бақсылардың ерекше белгісі – сазды керілген қылмен ойналатын ішекті аспап қобыз болған. Аңыз бойынша, алғашқы қобызды ақындардың жебеушісі Қорқыт-ата жасап шығарған. Адамдардың жанын күнадан тазартып, ен даланы бейбітшілікке толтыру үшін, ол ағаштың бүтін бөлігінен алғашқы қобызды кесіп шығарып, жер бетіндегі әрбір адам естіген сиқырлы әуен орындайды. Содан бері көптеген ғасыр өтті, қобыздың түрі де өзгерді. Алайда, ол әлі күнге дейін түрік мәдениетінің маңызды сазды аспабы болып қала береді. Қобыз жасау үшін жарамды материал болып шырша, үйеңкі және қайың ағаштары болып табылады. Бүгін шебер қайыңды таңдап алды – мұндай ағаш оңай өңделеді. Қобызды жасау процесі жапсырғаннан кейін ағаштың бүтін бөлшегі секілді болып көрінетін, дайындық жасаудан басталады. Ағаштың үш діңгегін шебер сүргімен өңдейді – тегіс емес жерін, сынықтарын, қабыршақтарын алып тастайды. 80 сантиметрлік ең ұзын діңгек, қобыздың денесінің негізі болады. Алғашқы тегістеуден кейін шебер ағаштың бөліктерін ПВА желімімен жапсырып, оларды бұраумен қатты тартып тастайды да, бөлме температурасындағы бес сағаттық кептіруге жібереді. Осы уақыттың ішінде діңгектер өте жақсы жабысып, біртұтас болуы тиіс. Дайындалған нәрсе кеуіп, желім материалды өте жақсы жапсырысымен, шебер тегістеудің екінші кезеңіне көшеді. Ол ағаш жартылай фабрикатты сүргілеп, діңгектің толқынды бетін тегістей түседі. Содан кейін іске жоңғы кіріседі. Бұл аспаптың көмегімен оны мұқият тазалап, бетінің барлық жағын тегістейді. Келесі кезеңде шебер діңгекке қобыздың қатырма қағаздан жасалған қалыпын қойып, аспаптың пішінін түсіреді де, одан кейін балтамен оның артық бөлшектерін шауып тастайды. Ыңғайсыз бір қимыл жасалса болғаны, жұмыстың барлығы бүлінді деуге болады, бірақ шебердің кәсібилігі мен шыдамдылығы бұл жұмысты форс-мажорсыз өткізуге көмектеседі. Келесі кезеңде аспаптың денесінен ағаштың артықтарын алып тастау керек, алайда енді бұл жұмыс асқан дәлдікпен жасалуы тиіс, сондықтан да іске өте жақсы ұшталған қашау кіріседі. Содан кейін бастың негізінде, яғни ағашты қалыңдау алу керек жер арамен кесіледі. Шебер бұл арамен кесуді қобыздың денесінен ағаштың қалың қабаттарын жылдам және қиындықсыз алып тастау үшін жасайды. Ағашпен жұмыс істеу кезінде материалды да, болашақ аспапты да сезіну керек. Бір ғана дәл жасалмаған қимыл қобыздың мінсіз формасына да, аспаптың дыбысына да кері әсерін тигізуі мүмкін. Шебер қолдарда тұрса ғана жақсы ұшталған қашау өз жұмысын өте жақсы атқарады. Технологиялық қулық – жұмысты жеңілдету үшін шебер оны қысқышқа ұстатуға оңай болуы үшін, аспаптың денесінде дөңес жер қалдырады. Егер де барлығы дұрыс жасалса, шебер қобыздың қалыпын алып, бұл жолы аспаптың қаптал жағын сыза бастайды. Керекті белгілер салынысымен, денеден ағашты жете кесу процесі басталады, сөйтіп қобыз өзінің алғашқы бейнесін ала бастайды. Сүргі, жоңғы секілді мықты аспаптардың күшімен музыкалық жартылай фабрикат көз алдымызда әсем келбетін алып, оның алғашқы майысқан жерлерінен қобыздың формасын тануға болады. Жұмыс ағаш сызығы мен мойын негізінің арасындағы ашық жер 3 сантиметрге жеткенше жүреді. Мүмкін дәлсіздік – 1 немесе 1,5 миллиметр. Бұл көрсеткіш аспаптың дыбысына әсер етеді, сондықтан да бұл кезеңіндегі дәлдік – технологияның өте қажет шарты. Әрі қарай шебер аспап денесінде тағы да қапталдық белгілер салып, балтамен артық жерлерін шаба бастайды, сөйтіп қобыздың артқы бөлігіндегі бұрыштарды кеседі. Жұмыс аспап денесінің сыртық жағы дөңгеленгенше жалғаса береді – ширақ қимылмен маман оның бұрыштарын жоғалта бастайды. Бұл кезеңде шебер үш аспапты кезек-кезек қолданады: жоңғы, кішкене жоңғы және қашау. Қобыздың денесін бұрыштары жұмсарғанша өңдей береді. Нәтижесінде, аспап өте жұмсақ, ал бұрыштары дөңгелене түседі. Шебердің келесі жұмысы – аспаптың бас жағына форма береді. Қобыздың бас жағы жартылай дөңгелек форма ала бастайды. Бұл технологиялық процесс аспаптың дыбысымен бекітілген. Бас жағының артын шебер аралап, ағаштарын алып тастайды, грифке ішекті тартуға дайындау мақсатында. Процестің келесі кезеңі – қобыз жасаудағы негізгісі болып табылады. Шебер аспаптың әлі де бүтін денесіне белгілер салады, содан кейін сол сызықтың бойымен қобыздың дыбысын шығаратын қуыс оя бастайды. Оны қашаудың көмегімен жасайды, алғаш қарағанға оңай көрінуі мүмкін. Алайда, ағашты игеру өте қиын жұмыс, бұл жерде шеберлік пен тәжірибе қажет. Бірнеше сағаттық ауыр жұмыстан кейін қобыз денесіндегі қуыс та дайын бола бастайды. Қабырғаларының қалыңдығы 5 тен 8 миллиметрге дейін баруы мүмкін – әрине барлығы да қобыздың өлшеміне және болашақ музыкалық аспаптың дыбыс тембрына байланысты. Келесі кезең – басын үшкірлеу. Алдымен шебер қысқышқа қысатын жерді денесінен алып тастайды – бас жағы біртұтас және тегіс болады. Әрі қарай бояу қалады. Бояр алдында аспаптың денесі егеуқұм қағазымен түгелімен тегістеледі. Тегістелгеннен кейін, бояуға кірісе беруге болады. Бұл жерде шебер анилинді қолданады – қобызға қою қызыл түс беретін майлы сұйықтық. Реңін өзгерту үшін суды қолданады – белгілі бір өлшемде анилин мен Н2О түсті өзгертуге мүмкіндік береді. Сондықтан да, егер барлығын дұрыс есептесе, өте қою қошқыл түс немесе керісінше ашық түс шығаруға болады. Сонда ағаштың бай текстурасы көзге жақсы көрінетін болады. Анилин аспапқа бірнеше қабатта жағылады. Мұнда да барлығы шеберлік қиялына байланысты – өнімге анилинді көбірек жаққан сайын, оның түсі де жарқын бола түседі. Бояудан кейін жартылай дайын қобызды жақсылап кептіреді – барлық процесс 4 сағаттан көп уақыт алмайды. Келесі кезеңде шебер аспапты матаның бөлігімен ысқылай бастайды. Бұл драп немесе шұға болуы мүмкін. Ысқылаудан кейін денесінің барлық жері түгелімен тегістеледі, ал өнім бір түсті болады. Тегістеу жұмысы аяқталған соң, қобызды лактау жұмысы басталады. Процесс нитролактың көмегімен жасалады, ол тез кебетіндігімен әйгілі. Лак қобыздың денесіне тампонның көмегімен жағылады, ол кәдуілгі медициналық бинттен жасалған болуы мүмкін. Тампон жетпейтін жерге, шебер кішкентай жаққыш қолданады. Процестің келесі қадамы – тағы бір тегістеу, бұл жолы ұсақ егеуқұммен. Содан кейін шебер қобызға нитролактың тағы бірнеше қабатын жағады, ал содан соң денесін терімен қаптауға кіріседі. Қобыз енді шыға бастағанда біздің ата бабаларымыз түйенің терісін пайдаланған, алайда біздің кезімізде ешкінің терісі сенімді және жақсы материал ретінде көрсете білді. Ешкінің терісі құрғақ жерде қолданылатындықтан ол өте қатты болады. Шебер оны суға салып жібітіп, құрғатып сүртіп, содан кейін барып арнайы қалыппен керекті пішінді сала бастайды. Бұл материалдың қалыңдығы аспаптың үлкендігіне байланысты – қобыз үлкен болған сайын терінің қалыңдығы да көп болуы тиіс. Келесі кезеңде шебер аспап денесінің бүйірінде тарту мақсатында тесіктер жасайды да, ортасынан тағы біреуін жасап, теріні денесіне тартып тұрып, арнайы желіммен оны ұстатып қояды. Процестің аяқталуына дейін аз ғана жұмыс қалды. Енді бас жағында ішекті тартуға ұстатқыш ою керек. Қобыздың ішектерін жасау үшін жылқының тіп-тіке қылдары пайдаланылады. Шебер олардың әрқайсысын санап алады – әрбір ішекте 90 қылда кем болмауы керек. Бірақ, денесінің төменгі жағында олардың саны 65 тен 70 ке дейін төмендейді. Бұл нюанс аспатың дыбысымен түсіндіріледі. Ішектер жасалып болғаннан кейін оларды кішкентай ұстатқыштарға желімдеп қояды, ал одан кейін барып басына орната беруге болады. Шебер ішекті барынша қатты тартып, олардың байланатын жерлеріне канифоль жағады, ішектер бір-біріне жабысып тұруы керек. Олай болмаса қобыздың дыбысы дұрыс болмайды. Мінекей, ежелгі қазақ көшпенділерінің сазды аспабы, өте қиын жасау процесінен өтіп, дайын болады, енді оның дыбысын тексеру ғана қалды. 20 ғасырдың ғалымдары қобыздың жер бетіндегі ең ежелгі ішекті сазды аспап екенін дәлелдеді. Оның майысқан формасы, тіпті 100деген жылдар өтсе де ежелгі аңшылың садақтың формасына ұқсайды. Оны скрипка немесе контрабас секілді қазіргі заманғы аспаптардан да кездестіруге болады. Ал қобыздың сиқырлы, қайталанбас үнін бағалайтындар музыка жанкүйерлерінің арасынан көптеп кездесіп жатады. Қазіргі заманғы өңдеудегі ежелгі музыкалық аспаптардың әуені – бұл соңғы жылдары өте танымал бола бастаған жаңа леп. Источник: http://алу | |
| Просмотров: 1279 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
|---|
Социальные закладк |
|---|
Поиск |
|---|
Друзья сайта |
|---|
Теги |
|---|
Статистика |
|---|