Главная » Статьи » В помощь учителю » Уроки музыки |
Домбырада төмен және жоғары бағытта оң қол саусақтарымен қимыл-қағыс деп аталады. Әр күйшілік мектепте қаллыптасқан қағысы бар. Академик А.Қ.Жұбанов (Музыкознание. VIII-IX A. ) авторлар бірлестігі жинағында қағыс туралы мынандай тұжырым берген екен. « Қазақстан аймағындағы күйшілік орындаушылық мектептерде оң қолдың қағыс жүйесі шығармашылық әдіс негізінде қалыптасқан. Біздің пайымдауымызша осындай жеті дәстүрлі мектеп бар: Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл, Адай, Қазанғап, Тәттімбет, Байсерке. Оң қол қағыстары сан алуан. Тұтас алғанда домбыра көркемдік мәнері үшін маңызы зор. Күйші санасында әр күй әуезі оң қол қағысын қаперлеу арқылы қалады. Дәстүрлі құйма-құлақ әдісінде оң қол қағыстары күдің ырғағын да, дыбыс бойауын да, болмысын да анықтайды. Оң қол қағыстарының коп мүмкіндіктерін нота жазуында беру мүмкін емес»,- дей келе, жаппай қағыс, сүйрете қағыс, шұбыртпа қағыс, кезек қағыс, сипай қағыстарға түсініктеме берген. Халық арасында қағыс анықтамалары көп айтылады, мұнан оқу жүйесінде де алшақтаған жоқпыз. Қағыс жүйесін графикалық белгілеумен профессор, композитор А.Т.Жайымов домбыра өнеріне үлкен жаңалық әкелді ( жинақта кесте берілген). Кейін дамытып, толықтырып келемиз. Бұған дейін төмен, жоғарлау белгіленип, ілме қағысқа келгенде ПVV , саусақ саусақ белгісі қойылып келсе, тұту, басқа саусақ реті тіпті жазылмайтын. Күй мазмұнына байланысты шұбыртып, тұтып, кезектестіріп оң қолдың барлық саусақтары қолданылуы керек. Осы орай А.Жайымов бастамасы бұл жүйеге белес. Терең ғылыми үрдіс болып қалыптасты. Қағыс бағыты төмен жоғары қозғалысымен анықталады. Бірақ төмен бармақ пен сұқ саусақтан басқасы қолданылатын кезде төмен белгі түсініксіз болып қалады. Жаңа жүйе бойынша бұл өте түсінікті , бас бармақпен кілең төмен , үшінші саусақпен белгіленіп көзі ашық домбырашы орындай алады. Мысалы, «Кербез керік» барлық саусақпен жоғары қағылатын тұсында мына белгімен күйдің болмысы ашылмас еді. –бұл жағдайда күй орындалуын көзімен көргендер қағыс қасиетін бере алады. Ал көрмегендер үшін, домбыра басына қол ойната жүргізілетін тұсын , дөңгелете орындалатын тұсы, қолды жүргізбек түгілі, қағыстардан кейін о белгі қойса , әр түрлі әдіспен орындалар еді.Күйшілік мектептерде күй болмысына байланысты төкпе,шертпе болып беріледі.Төкпе күй мазмұнына байланысты айтылса,шертпе шертіп орындау.Төкпе,шертпе қағысы деп аталмаған.Орама ,ілме,адай т/б қағыстар төкпе күйге тән болса,тұту қағысы екеуіне де ортақ.Орама қағысы ,ілме, адай, сыртымен тұту, сұқсаусақпен жоғары тұту – сонда белгіленуінде төмен –жоғары бар күй мектебіне ортақ қасиет.Төмен қағыс білезік,білек буындарын қатыстыру арқылы сұқ саусақпен қағылады,басқа саусақтар сұқ саусақпен жанаса,алқанға қарай бүгіле бос ұсталады,бас бармақ сұқ саусақты жанай жазық тұсынан келеді.Шынтақ,иық буындар табиғи қалпында,тиек тұсынан қойылады.Бас бармақ пен сұқ саусақ қозғалысын ең әуелі ішекте емес,кеңістікте жаттықтырған ыңғайлы.Ұстаз шәкіртінің ыңғайына қарай жаттығуларды түрлендіріп отырады. Қағыс жазылу үлгісінің әр нота тұсына қойылуынан оқушы тез үйреніп жаттайды. Ашық ішек үнінен домбыра құлақ күйін есту қабілеті өседі. Қағыс жазылу үлгісінің әр нота тұсына қойылуынан оқушы тез үйренип, жаттайды. Ашық ішек үнінен домбыра құлақ күйін есту қабілеті өседі. Ре-Сольноталары домбыра қос ішегі ноталарының басталу тірегі – оған көз қанықты болады. Санап ойнағаннан оқушының ырғақтық қасиеті қалыптасады. Оң қолда сұқ саусақпен төмен қағыстарға үйренгеннен кейін, бас бармақпен жоғары қағыстарға көшу керек. Екі бағыттағы қағыстарды бірден бастауға тіпті де болмайды. Оқушыны жалықтырып алмас үшін арасында басқа тапсырмаларды беріп отыру керек. Ашық ішекте бас бармақпен жоғары бағыттағы қағыстарға арналған жаттығулар. Оң қол бас бармағының домбыра ішегін жұлқа тартуға жол берілмегені жөн. Білезік буыны арқылы ішекті қаққаннан кейін сыртқа қарай бұрылады да, бас бармақтың бірінші буыны сұқ саусақ 1-ші буынын жанай жаймен бүгіледі. Осы жаттығуды қағыс бастамас бұрын қолға алған дұрыс. Бас бармақпен жоғары қағысқа арналған жаттығуларды да осылай күрдендилере берген дұрыс. Жоғары қағыстарды бірден тездетуге тырыспаған жөн. Оқушы қолы жаттыққан сайын қағыс аралығын жиілете беру керек. Сол қол саусақтарыбас буынға қойылғаннан кейін негізі буынға өтемиз.. Бұл тұста еске сала кететін жайт, жоғары қағысқа қарағанда төмен бағытқа қол өз салмағымен оңай түседі. Жоғары қағысқа кейде жұлқи күш салады, болмаса қолды түскен бағытынан бұра тартады. Қолдың ішекке жанасуы, сонан кейн қай буын арқылы бағыт Жоғары қағыстың берген дұрыс, міне, бұл әр домбырашының күнделікті жадында сақтар қағидасы. Жоғары қағыстың дыбыс бояуы, әлді, әлсіз үлес. өлшем түрлері оқушы үлгеріміне қарай өзгертіліп отырады.Оң қол қойылымы керекті дағдыға жақындағаннан соң, сол қол қойылымы басталады. Сол қол қойылымы таңбалануы домбыра мойынында көрнекті суреттен көрсетілген. Бұл жалпыға бірдей заңдылық. Көп жылғы тәржірибеден байқағанымыздай сол қол 1-саусақтан басталып қойылады. Себебі ең салмағы бар, ыңғайлы, қозғалысқа оңай, жалпы табиғи үйлесімі мол, тірек нүктесі мықты саусақ. Ең әуелі оқушының саусақтарын оң қолды қоспай, бірнеше рет пернеге қойып, дыбыссыз қозғалысқа келтіреді. Саусақтар үлгідегі көрсетілген ауытқымауы керек, 1-саусақты қалыпқа келтіргеннен кейін оң қолды төмен қағыспен қосып, жай екпінде жаттығулар беріледі. Сол қол 1-саусағының төмен қағыспен қойылымы кезінде, музыкалық дыбыстың ұзақ болуы, болмаса паузамен келуі, оқушының келесі ұяға көшкенше саусақтарын бағдарлап үлгеруіне керек пе,-деген сұрақ қойылмауы тиіс. Оқушы дене құрылымына байланысты тіпті басқаша да болуы мүмкін. Кейде сол қол 4-ші саусақтан да бастап қойылады. Сол қол иық, шынтақ буындарының табиғи қалыпта тұруының, кеудемен арадағы бұрыш қатысының үлкен маңызы бар. Алғашқы сабақтарда бас бармақты қозғамаған абзал. Бас бармақпен 1-ші саусақты қатар пернеге өойған кезде табиғи қозғалыс дағдысын білмегендіктен оқушы да домбыра мойынын қатты ұстау дағдысы пайда болады. Бұл жөндеуге өте қиын әдет. Сондықтан да жан-жақты талмай ізденіспен, жіті бағамен, терең тұжырымды тәрбие мен тәжірибе ғана өз жемісін бермек. Қағыс табиғаты мәселесінде белгілі зерттеуші,профессор А.Е.Тоқтағанның әдістемелік еңбектері бар,сонымен қатар қағыс атулары қақында,айтулы ғалым А.Сейдімбек «қазақтың күй өнері» еңбегінің 87-89 беттерінде тұжырымды баяндаған.Қортындылай келгенде дұрыс бағытты қағыспен алған күннің өзінде күи болмысының ашылуы тыңдаушыға жетуі күйші шеберлігіне, оның туынды мазмұнына бойлай білуіне байланысты.Алғашқы сабақтан ақ оқушыға қағыстан кейін дыбысын тыңдай білуге ,дұрыс қаға білуге үйретуге тырысқанымыз абзал. Академиялық концерт бағдарламасы алдын ала алынады.Дәріс мерзімі осы уақытқа сәйкес келтіріледі». Садвокасова Кундыз Тураровна "Школа искусств №2" г.Караганда | |
Просмотров: 1961 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|