Главная » Статьи » В помощь учителю » Уроки музыки |
Сабақ уақытында мұғалім оқушыға аспапта шығармаларды орындау жөнінде білім береді, оқушының музыкалық ой-өрісін дамытады. Сабақ барысында бірінші, үй тапсырмасын тексереді. Оқушы үй тапсырмасын орындағанда бір жерін бұрыс немесе тоқтап ойнауы мүмкін, сол кезде тоқтатып немесе әрі қарай тыңдай береді, мұндай әдіс әр кезде әр түрлі әсер береді. Тоқтатпай ойната берсек окушы оған үйреніп алады немесе керісінше болады. Сондықтан мұғалім баланың ішкі жан сезімін терең білуі керек. Оқушы шығарманы ойнап болғаннан кейін мұғалім дұрыс емес жерін корсетіп, сонымен жұмыс жасайды. Төменгі 1-3 класс окушылары үшін арнайы күнделік толтырылады , оған үй тапсырмасын, қалай дайындалу керек екенін көрсетеді. Сабақ барысында мұғалім шығарманы орындап көрсетудің маңызы өте зор. Мұғалімнің шығарманы шеберлікпен орындауы оқушыға үлкен көркемдік әсер береді және өз бетімен жұмыс жасауға, жеке дайындалуды дамытуға, көп көмек береді. Оқушының музыкалық ойлау қабілетін, сол шығарманы елестету түсінігін дамытады. Орындап көрсету мен түсіндіру бір-бірімен жалғасып жатады. Бірақ құр еліктеушілікталпынысын тудырмау әр уақыт есте болғаны ләзім. Жалпы бірінші кезекте үйренушінің өз пайымдауы тұрғаны дұрыс. Бұйрық рай – талпынысына кедергі болу деген еш уақытта болмаған жөн. Оқушымен сабақ откізу кезінде мұғалім музыкалық терминдермен түсініктеме беріп оқыту қажет.Оқушыны мамандықта музыка теориясы, байланыстырып оқыту үлкен себебін тигізеді, мысалы орындап отырған шығарманың тональдығы, техникалық қиындықтарын, дыбыс бояуын, қағыстары мен жаңалықтарын таныстыру. Бір сабақ үстінде бүкіл шығарманы талдау, онымен дайындалып сабақ өткізу мүмкін емес. Сабақ кезіндешығармамен дайындалудан басқа әр текті жатттығулардың тигізер әсері зор. Үй жұмысына дұрыс көңіл бөлінуі, маңызы өте зор. Музыкалық және жалпы мектеп сабағына дұрыс дайындалу үшін, басқа сабақтарға ұстаз оқушыға сабақ кестесін құруға көмегі қажет. Сабаққа үлгеріммен дайындалумен бірге, кітаптар оқуға, театр, концерттерге баруға, спортпен шұғылдануға, бой сергітуге көңіл бөлген де дұрыс, Оқушының үй тапсырмасын орындап, жеке дайындығын дамыту үшін, оның үй-тұрмыс жайын ескерген жөн болады. Сондықтан жоғарыда әңгіме еткен ата-анамен байланыстың маңызы осы тұста да қажет. Ата-анасының да көзқарасы, баласының сабағын қадағалауын байқау орынды болар еді. Дайындаған: Садвакасова Құндыз Тұрарқызы №2 өнер мектебі | |
Просмотров: 1069 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|