Главная » Статьи » В помощь учителю » Уроки музыки |
Күй-қазақ мәдениетіндегі ауыз тұшытып айта алар, әрі оны құрап тұрған көптеген тінсағаналардың бірі. Зерттеу обьектісіне айналған жетпіс жылдың ішінде куйдің табиғатын ашатын арнайы еңбектер өте сирек. Осы жетімсіздікті толықтыру мақсатында өз зерттеулеріміз ашып берген кейбір тұжырымдарды ұсынамыз. Осындай халден мәдени мұра ретінде, эстетикалық бағасын ала алмай келген күй жанрын тез арада тірілтіп алмасақ, біз біріншіден басқа ұлттардың музыкасына айналамыз, екіншіден өз тарихымызды нақты түсіне алмаймыз. Мақтанғанда не себепті мақтанғанымызды, төменшіктегенде не себепті бұққанымызды нақты білмей, яғни күйдің категория ретіндегі ұлт мәдениетіндегі шын орынын, нақты табиғатын білмесек, қате қорытындылар жасаймыз. Демек қазақ музыка ғылымы өзіне лайықты орынын ала алмай, европалық ілімнің асыранды, телінген баласы болып, қала беретіндігі күмәнсіз. Себебі қазақ ұлтының классикалық музыка теориясы дегенді теріс айналатындар толып жатыр. Мұндай өзін-өзі кемсіту, ұлттық нигилизм себептері қазір ғана түсінікті болып отыр. Келешек қазақ музыка теориясын жасағанда қажеті болатындығын білгендіктен, күй табиғаты туралы кейбір ойларымызды жариялап отырмыз. Алдымен зерттелмеген деуге тұрарлық бұл салада күй жанрындағы форма мен мазмұн, мән мен құбылыс категориялары қалай көрініс тапқанын сарапқа салайық.Қазақ күйлерінің форма жағынан үлкен екі арнаға бөлінетіндігі мәлім: жалғыз буынды және көп буынды. Себебі «буын» термині жеке бір күйдің структурасын талдағанда пайдаланылады. Ал біз бұл терминді,күй атаулының жанр ретіндегі ерекшелігін көрсету үшін алдық. Яғни белгілі бір оқиғаны, ол тек адам ойында өтсін, не нақты өтсін, екі түрлі сипаттауға, екі түрлі жұмбақтауға, бейнелеуге болады. Ол – тұтас бір жазықтықта, немесе бірден қабылдауға арналған пьеса-информация және біртіндеп, шым-шымдап қабылдауға арналған роман-информация түрінде болады, немесе бір актілі – пьеса-күй және көп актілі –роман күй. Яғни пьеса-күйлерде оқиға бас –аяғымен толық суреттеледі (бұл жерде «суреттеу» деген сөзді біз қарабайыр мағынасында емес, информациялық код мағынасында қолданып отырмыз), роман –күйлерде оқиға рет-ретімен, жеке-жеке қыр –сырымен бейнеледі де, белгілі бір сандық шекке жеткенде сапалық өзгеріске түсіп, аяқталады. Немесе өзі суреттеп отырған жеке-жеке тақырыптырдан мүлде бөлек тосын қорытынды жасатады. Мысалы роман-күйлердің бір сарасы «Ақжелең» күйлері табиғатына қысқаша тоқталайық: «... Ақ Жайық елінде Ақжелең атты күйші қыз болыпты – мыс. Сол Ақжелең ару талай жиын тойларда сәнді киініп, аққан жұлдыздай жорғаларды таңдап, мініп шығады екен. Сонда өмілдірік құйысқан, жүген, қамшының сабы, өзінің шолпыс, алқасы, шашбауы, сақина, білезіктері – бәрі ақ күмістен жасалып, жүрген –тұрған кезінде де, жорғаға мінгенде де сыңғырлап сөйлеп тұрғандай әсер қалдыратын әсер қалдыратын болса керек. Ақжелең ару; мынау мүшел жасымда, мынау тұлымым толып шашбау таққанда, мынау топқа түсіп күй тарту үшін рұқсат сұрағанда, мынау топта отырып тыңдаушылырдың делебесін қоздыру үшін, мынау тойларда жиналған жұрттың алғысын алып ауылыма аттанарда мынау ұзатылырда, мынау бозжорғаның үстінде тұрып тартқан күйім деп топтап-топтап күй тартады. Бұл анықтамалардан роман-күйлердің басты ерекшеліктерінің бірі- информацияны бір күйдің аясында емес, біртіндеп, тізбектеп ашу шарты бар екендігін, яғни эмоциялық спектрдің жылжуын сатылап көрсететін, градациялық табиғаты бар екендігі туралы пайымға келеміз. Эмоциялық спектрдің жылжуын «Байжұма» күйінің табиғаты да анық көрсетеді. Шексіз тұңғиық дүние әрі жақын, әрі алыс, әрі анық, әрі бұлынғыр, яғни нақты дүниеден айнымайтын бір-ақ сағым, фотосурет тәрізді дүние. Өлшемі жоқ, бірақ үздіксіз өтіп жататын сезімдер, ойлар немесе жыраулық толғау. Көнеден келе жатқан «құбылу шарты» яғни деректіні дерексіздеу, затты затсыздандыру, немесе парциялды маска –көзі мұрны, аузы бар, бірақ шектелмеген карнавалдық масканы еске түсіреді. Жымиысы бар өзі жоқ мысық сияқты құбылыс. Фольклорда бұл құбылыс «кейіптелу» деп аталады да, тарихы көне Алтайдағы «Кіші сайдан» басталып, 20 ғасырға дейін келіп жеткен құбылыс (мысалы Динаның «Байжұмасы»). Тіл ұшындағы дүние. Мұндағы «Бай» - бақ, «Жұма» -шама- жасырынып тұрған жұмбақ. Мәселен «Шама» деген әннің структурасы тәмендегідей: 1) ән-сөзі; 2) ән; 3) күбір; 4) қырыл; 5) қара сөз немесе тақпақ; 6) жәй сөз. Осы ретпен барлық эмоциялық дүниені бейнелей алатын мүмкіндіктер толық көрініс табады. Осы тұрғыдан алғанда «Байжұма» күйі күйшілердің сезімталдығын сынайтын «деңгей» (критерий) болып табылады. Сондықтан күйші бір мақамның ауданында асқан шеберлік көрсетсе ғана сол тақырыпты жаңа қырынан аша алады. Бұл сүре тартыстың басты шарты. Ал роман- күйлер календарлық сипаттағы шығармалар. Осындай календарлық сипаттағы роман- куйдің бірі «Қосбасар». «Қосбасар» терминінің аудармасы Жалеладдин Румидің дастанынан шыққан. Бұл дастанның аты «маснауи уа мағнауи» немесе «әр нәрсенің екінші мағынасы» болады, «дүние астарлы» деген идеядан туған. Демек «Қосбасар» форманың да, мазмұнның да рөлін қатар, теңестіре көрсеткен, яғни басқа күйлерге программа – бағдар болып тұрған күй. Роман –күйлердің бұл екі үлгісі өзара панвитагониялы және моновитагониялы, жалпы өмір және жеке ғұмыр кезеңдерің сипаттайтың персонификациялаған календарлар болып табылады. Панвитагониялы «Қосбасар» үлгісі де, моновитагониялы «Ақжелең» үлгісі де «алпыс екі тамырлы» делініп, ортақ терминмен дәйектелінеді. Бұл екі үлгі де адам өмірін бейнелейтін ортақ мәнге тәуелденілген, яғни екеуі де адамның бірі объективті, бірі субъективті, жеке тарихын бейнелейді. Алпыс екі «Қосбасар» патрицелярлы дүниетаным бойынша мынадай блоктарға бөлінеді: 1) Сандық схемада: 1+12+12+12+12+12+1; 2) Бірінші он екілік – зар, екінші – жәйсары, үшінші – сейіл, төртінші – сырнайлы, бесінші – қырмызы, оған қоса бірінші және алпыс екінші – табалдырық күйлерден – барлығы алпыс екі тамырдан яғни өмір арқауынан тұрады. №2 өнер мектебі орындаған: Омарова Ж.Б. | |
Просмотров: 1187 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|