Главная » Статьи » В помощь учителю » Уроки музыки |
КММ ШҚО Тарбағатай ауданы А.Байқыдыров атындағы саз мектебі Нығметжанов Мұратқазы Солтанғазинович Домбыра үйрету әдістері Бұл жинақ Домбыра өнері сұранысының үйрету бағыттарының, сұраныстың әр қилы болуына байланысты үш арнада қарастырылды. 1. Домбыраны сан жүйесімен үйрету. Домбыраны үйрнеуді ниет еткен, рухани тектілігі, таудай талабы бар жандарға сан жүйесімен үйрету. Есте сақтау қабілеті қалыптаспаған үйренушіге тиімді әдіс. Бұл тез үйренумен қатар нота сауатын қажетсінбейтін домбырашыға арналады. Сонымен қатар жас балаларға үйрету кезеңінде нота уақыт алады. 2. Құйма-құлақ бұл дәстүрлі күй үйрету мектебі. Құйма - құлақ әдісі жалпы домбыра үйрету мектебінің өзегі. Бұл қасиет музыка маманының әрқайсысында болу шарт, көбінесе табиғаттан беріледі.Құйма –құлақ әдісін ғасырлық тарихы бар. Ол заманда да, қазірде күй ғұмыр боп өскен ауыл баласы құлақпен қабылдаған, қолын қойып ешкім үйретпеген. Үйрету әдісінің қиыны , бірақ ең тиімдісі. 3. Кәсіби,нота сауаты. Домбырашы мамандығын қалаған әрбір азаматтың үйрену жолы. Музыка мектептерінің ұстанар бағыты, дәстүрлі құйма-құлақ әдісі нота сауаты мен қатар жүргізіледі. Әдістердің қайсысы болса да ешбір маманға кедергі келтірмейді. Кәсіби жүйе үшін нотамен үйренту қажет. Домбырада қолданылатын негізгі қағыстардың түрлері Домбырада қолданылатын қандай қағыстың түрі болмасын, бәрі дерлік дыбыс шығарудың тәсілдері болып есептелінеді. Домбырадағы қағыстардың өзіндік атаулары бар. Мысалы: төмен және жоғары қағылатын қағыс «алма кезек» (немесе «қара қағыс») қағыс, тұтып ойнайтын қағыс «тұтпа қағыс» деп аталады. Қағылу мінезіне байланысты қағыстардың көптеген аттары кезігеді. Мысалы, «ілме қағыс», «сипай қағыс», «түйдек қағыс», «түрікпен қағыс», «бөгеме қағыс»т.с.с Домбырада қағыстарды қағылу бағытына қарай белгілейді. Төмен бағыттағы П – белгісімен, ал жоғары қағылғаны V– деп белгіленеді. Қағыстардың сан түрі осы екі белгі арқылы белгіленіп, әр күйдің басында көрсетіледі. Мысалы: пvv;ппv; ппvv;пvvv... . Домбырада күрделі шығармаларды орындауға байланысты классикалық аспаптардан алынған қағыс түрлері де қолданылады. Олар жалпы «штрихтар» деп аталынып, бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, пицикато, тремоло, қос тремоло т.с.с. Дара ішекте сұқ саусақпен төмен-жоғары бағытта немесе бас бармақпен төмен қағылатын әдісті «пицикато» деп атайды. Осы өте жиі алынған түрін «тремоло» деп атайды, ал ноталарды үзбей, жалғастырып орындау үшін қолданылады. Бұл әдіс білезік буынның көмегімен қос ішекте де орындалады. Шығармадағы әр нотаны бөліп-бөліп қысқа тремоломен орындалуы – деташе штрихы деп атайды. Домбырада қолданылатын әдістердің ішінде акцент, глиссандо, стаккато, портаменто сияқты штрихтар да бар. Акцент – көрсетілген дыбысты жеке, бөліп (салмақ түсіре) орындауды берілсе, глиссандо – екі нотаның арасын тремоло арқылы жалғастыра, домбыра сабымен жылжыта ойнауды көрсетеді. Стаккато – дыбысты өте қысқа, бөліп-бөліп орындауды көрсетсе, ал, портаменто – дыбыстардың арасын үзбей, сол қолды көтермей орындау екрек екенін білдіреді. Домбырашының оң қол шеберлігі осы әдістерді меңгеруге байланысты болады. Оңай қағыстан күрделі қағыстарға қарай біртіндеп жаттығу керек. Оң қол шеберлігін арттыру үшін арнайы жаттығу, этюдтер қолданған жөн. Домбыра үнінің сапасы, дыбыс көркемдігі тікелей оң қол шеберлігіне де байланысты, сондықтан оқушы бұл әдістерге мұқият дайындалуы керек. Оқушы шеберлігінің өсіп, даму жолдары Ең дауапты да, қиын жұмыстың бірі оқушының сол қол саусақтарының шеберлік жылдамдығын өсіру. Бұл үшін күнбе-күнгі сабақта гамма, этюд, әртүрлі жаттығуларды пайдалану керек. Әр музыкант үшін қол жүгірту, жаттығу күнделікті әдетке айеалуы тиіс. Жаттығулармен дайындық. Оқудың алғашқы кезеңінде арнаулы жаттығулармен міндетті түрде дайындалу керек, себебі, бұл жаттығуларсыз оқушы дұрыс дыбыс шығара білуді, қолдың буындарының дұрыс қозғалысын қалыптастыруды жақсы меңгере алмайды. Бір ескертетін жәй: оқушының сол қол буындарының бір қалыпты жылжып, ретпен қозғалысын қадағалау, гамма, арпеджиомен жаттығу техникалық өсудің бірден –бір жолы. Гамма және арпеджиомен жұмыс жасағында дыбыстың таалығына, құндылығына, ритмикалық дәлдігіне үлкен көңіл бөлген жөн. Мұғалімнің негізгі міндетінің бірі әрбір оқушының жеке оқу жоспарын жасау.ол баланың қабілет ерекшеліктеріне сәйкес күйлері мен пьесаларды дұрыс таңдап алуға негізделеді.Домбыраны ойнаудың осы күні екі орындаушылық дәстүрі бар: 1.күй орындау дәстүрі.2. фортепианоның сүйемелдеуімен ойналатын көркем шығармаларды ойнау дәстүрі. Оқушылардың орындау шеберліктерін арттыруға күй сипаты жаттығулардың, әр түрлі қағыстарға, гаммалар және арпеджиолар ойнаудың әсері мол. Оқушының үлгерімі, көбінесе, оның үйдегі дайындық жұмысының дұрыс ұйымдастыруына тікелей байланысты. Бағдарламада оқу жоспарында көрсетілген көркемшығармалардың мазмұны, орындау әдістері әрдайым тиянақты талданып отырады, шеберлікті жетілдіретін түрлі жаттығулар гаммалар, т.б техникалық шығармалар біртіндеп,сатылап үйретіледі. Музыкалық сауатын кеңейтіп теориялық білімімен орындау мәдениетін қалыртастыра түседі. Оқушы орындайтын шығармаларды бірте-бірте күрделендіріп оларды кідіріс жасамай ойнайтындай дәрежеге жетуі керек. | |
Просмотров: 2275 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|