Главная » Статьи » В помощь учителю » Уроки музыки |
ТАЙЫНША ӨНЕР МЕКТЕБІ Әдістемелік баяндама тақырыбы: «Оқушының есте сақтау қабілетін арттыру» Өтгізген мұғалім:Кусакаев С.А. Тайынша 2018 ж Суреттеулерді жанның жоғалтпай сақтай білуі ес деп аталады. Ал енді, сақталып тұрған суреттеулердібұрынғы түрі, бұрынғы ретімен жанның тірілтіп алып келе білуі еске түсіру деп аталады. Оқуға сенген ұмытшақ - деп оқуды керек қылмаған, жазуға сенген жаңылшақ-деп жазуды керек қылмаған... Естігенін ұмытпайтын құлағының тесігі бар, кеудесінің есігі бар, ұқпа құлақ жандар болған дейді Мәшһүр Жүсіп. Көркемсөздіауызша үйрену ойлау қабілетіндамытады. Көргені мен естігенін ауызша қайталау кезінде бала ұзақ уақыт есінде сақтайды. Әр адамның есі әр түрлі. Кейбіреулер тез жаттап алып, тез ұмытады.Кейбіреулершабан алады, бірақ тез ұмытпайды. Кейбіреулер тез алады, сонда да ұмытпайды. Адамның білімді болуына,әрине,естің осы төртінші түрі,онан соң үшінші түрі пайдалы. Адамның есі тағы төмендегі түрлерге бөлінеді. 1. Көру есі. Көру есі күшті адам нәрсенің түрін есінде ұстап қалады. Мысалы, таныс адамдардың пішіні есте болады, аты, фамилиясы есінде болмайды. Яки бір шәкірт бір пәннің бір жерінен жауап беріп тұрғанда сол пән кітәбінің айтып тұрған сөздер жазылған бетін көргендей болады. 2. Есту есі. Есту есі күшті адам заттың дыбысын естігенде ұстампаз болады. Мысалы, кейбір адам таныс адамдарының аты, фамилиясы, пішінін де ұмытып қалып, жалғыз даусын ғана есінде ұстайтын болады. Яки кейбір шәкірт сабақты өзі оқығаннан да, мұғалімнің сөйлегенін тыңдағандадез жаттап алатын болады. 3. Қозғалу есі яки мотор есі. Қозғалу есі күшті адам заттың қозғалуын есінде ұстайтын болады. Мысалы, кейбір адам таныстарының жүріс-тұрысын ұмытпайтын болады. Адамда осы ес түрлерінің біреуінің күшті болуы, көбінесе тұқым қуалайды. Мысалы,әнші,домбырашы,өлеңшінің баласында есту есі күшті болады. Және бір адам көңіл қойған нәрселеріне есті болып, көңіл қоймағандарына ессіз болуға мүмкін. Адам өмірі үшін естің керектігі. Ес өмір үшін аса керек. Ес болмаса, бүгін жаттағанын бүгін ұмытып тұрса, өмірінде адамның білімі артпас еді. Ес неғұрлым мол,бай болса, ой да терең болады.Терең ойлы адамдардың аса есті болғандығы бізге тарихтан белгілі. Балада ес болмаса,оған еш нәрсе үйрену де мүмкін емес. Сондықтан тәрбиеші баланың есті болуына аса көп күш жұмсауы керек. Баланың есі. Ересекадамның есіне қарағанда,баланың есі тым әлсіз. Бала тез ұмытады. Екі-үш жасар бала аз уақыт ата-анасынан айырылып тұрса, оларды танымай қалады. Тоғыз-он жасар бала шет елде ана тілін біржола ұмытып қалады. Бала ұмытып қалып бір нәрсенің атын қайта-қайта сұрай береді, бір көрген нәрсесін қайта-қайта қарай береді. Ес түрлерінен балада есту есінен, көру немесе қозғалу есі күшті. Естің өркендеуі үшін төмендегі шарттар орындалуы керек. 1. Әсердің күштілігі. Әсеркүшті болса,есте ұзақ сақталады. Мысалы,қатты дауыл,сұрапыл дауыл сықылды, күшті көріністер тез ұмытылмайды.Қатты дауыспен ашық ұқтырылған сабақ, баланың есінен шықпайды. 2. Сырқы сезімдердің көбінің қатынасуы. Бір затпен танысқанда сыртқы сезімдердің көбі қатынасса, ол зат ұмытылмайды. Балаға бір нәрсені білдіру керек болғанда осы жолды ұстау керек. Яғни мүмкін болғанша баланың сырқы сезімдерінің көбін қатынастыру керек. Мысалы, бір заттың түрін де көрсет, дыбысын да естірт, ұстатып та көр, иіскет,дәмін татқыз, сыйпат, суретін салғыз. Баланың жаратылысының өзі осыны тілейді. 3. Жаңа білімді бұрынгы біліммен байлау. Балаға жаңа беретін білімді, баланың бұрынғы таныс біліміне байлап берсін. 4. Пысықтау. Бала жаңа білімді неғұрлым көп пысықтаса, есінде сонша берік болып қалады. Пысықтау-білудің анасы - деген. Мұғалім балаға оқытқан нәрсесін көп пысықтауыкерек.Ауыз әдебиетіндегі жаттау үрдісінің қатаң сақталып дамуы, көп салалы фольклордың жіктелуі. | |
Просмотров: 631 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|