| Главная » Статьи » В помощь учителю » Уроки музыки |
| I. Сабақтың тақырыбы: Октава Әні: Б. Әлімжан «Октава»- үйрену. Сабақтың мақсаты: Музыкадағы дыбыстарды өткен сабақ мысалдары ақылы пысықтау. Нота арқылы дыбыстар байланысын ұғындыру. Білімділігі: Б. Әлімжанның «Октава» әнімен таныстыру. Дамытушылығы: Музыкалық іс-әрекет арқылы жеке тұлғаның сезімін оятып, ән айту қабілеттерін шыңдау. Тәрбиелілігі: Музыкалық шығармадларды түсініп тыңдап, орындай білуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Баян, домбыра, фонохрестоматия және музыкалық жазба. Сабақтың әдісі: Жеке тұлға, топпен жұмыс. Ой қозғау, танымдық сұрақтар. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Пән аралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, музыка. Сабақтың құрылымы: Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларын топқа бөліп, назарларын сабаққа аудару. Дауыс жаттығуы. II. Үй тапсырмасын тексеру: а) сөзі: Ә. Асылбековтікі, әні: Б. Жүсіпәлиевтікі «Нота үйренеміз» әнін ролге бөліп орындатыру. ә) Біз сыйлайтын «си» нотасы музыкалық сауатты ауызша, жазбаша сұрақтармен тексеру. 1. Си нотасы нешінші сызыққа жазылады? 2. Си нешінші нота? 3. Си нотасының алдындағы нотаны ата? 4. Си нотасынан кейінгі нотаны ата? III. «Ұлт болашағы-білімдінің қолында» атты білім сайысы: 1-топ: 1. Ноталар неше сызыққа жазылады? 2. Дыбыстарды ата? 3. Музыкада неше дыбыс бар? 4. 3-ші дыбысты ата? 5. Қай дыбыстардың арасы жарты тон? 6. Тақтаға «ля» нотасын жаздыру. 7. Қол қимылына қарап «ре» нотасын ажыраттыру. 2-топ: 1. «Соль» кілті не үшін қажет? 2. 1-ші нотаны ата? 3. Тақтаға «си» нотасын жаздыру. 4. «Фа» нешінші дыбыс? 5. Қай дыбыстардың арасы жарты тон? 6. Нота не үшін қажет? 7. Қол қимылына қарап «ми» нотасын ажыраттыру. IV. «Жеті ғажайып бақ» ойыны: 1 2 3 7 4 5 6 1. «Астана» Б. Әлімжан 3 кл №1 2. «Кеңес» халық күйі 3. «Біздің ауыл» И. Нүсіпбаев 3 кл №19 4. «Сарыарқа» құрманғазы 1кл №24 5. «Алтын адам» Б.Әлімжан 3 кл №21 6. «Ата толғауы» Н. Тілендиев 2 кл №26 7. «Қамажай» халық әні 2кл №15 V. «Алтын сақа» дидактикалық ойыны: 1. Музыкалық шығарманы кім жазады? 2. «Соль» кілтінің үйі қайда? 3. Қорқыт кім? 4. Құрманғазының шәкіртін ата? 5. –Тоғыз белбеулі Екі тербеулі Қос құлақты Үні ұнамды Бұл не? (домбыра) 6. Сызылған үні, сүйкімді тілі, Үрлесең ойнайтын, аспаптың бірі (сыбызғы) 7. –Ел қорғайтын ерлікке Әуенімен шақырған. Батылдыққа, елдікке Әуенімен шақырған (дабыл) VI. Сергіту сәті: «Кел ойнайық» -ырғақты қимыл жасау. Кәне, қызық ойын бар, Қатарласа қойыңдар. Отырыңдар, тұрыңдар, Маған мойын бұрыңдар. Қолымызды созайық, Ноталарды санайық. До, ре, ми, фа, соль, ля, си Әніне біз салайық. Ноталарды үйреніп, Біз білімге қанайық. Әуенімен дыбыстың, Билеп, билеп алаыйқ. Оңға басты бұрайық, Солға басты бұрайық. Бір отырып, бір тұрып, Орнымызға қонайық. VII. Мағынаны тану: Октава музыка сауаты. Б. Әлімжан «Октава»- үйрену. Оқулықпен жұмыс. Октава деп 7 нотаның ретпен орналасуын айтамыз Ре До Ми Си Фа Ля Соль 3 пен 4, 7 мен 8-ші дыбыстың арасы жарты тонға тең, қалған дыбыстардың арасы бүтін тонға тең. Б. Әлімжан «Октава» әнін-үйрену. VIII. Түйіндеу. «Жоғалған нотаны тап!» дидактикалық ойыны. 1. до, ре, фа, соль, ля си (ми) 2. ре, ми, фа, соль, ля си (до) 3. ми, фа, соль, ля, си, до (ре) 4. до, ре, ми, соль, ля, си (фа) 5. до, ре, ми, фа, ля, си (соль) 6. до, ре, ми, фа, соль, си (ля) 7. си, соль, фа, ми, ре, до (ля) IX. Бағалау. Х. Үйге тапсырма: «До-мажор» дыбыс қатары Б. Әлімжанов «Октава» әні | |
| Просмотров: 2767 | |
Форма входа |
|---|
Социальные закладк |
|---|
Поиск |
|---|
Друзья сайта |
|---|
Теги |
|---|
Статистика |
|---|