Главная » Статьи » В помощь учителю » География |
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы №2 орта мектеп География пәнінің мұғалімі Калиева Жұпар Тлегеновна Сабақ мақсаты: 1.Білімділігі: Жер бедерінің дамуы және геологиялық құрылысы мен пайдалы қазбалардың байланысына ой қозғау 2.Дамытушылығы: Пайдалы қазбалардың өндірілуі және тиімді пайдалануы 3. Тәрбиелілігі: Тұрмыс тіршілікте пайдалану Сабақ әдісі: Әңгіме, сұрақ-жауап, “ой қозғау” кластер стратегиясы, карталармен жұмыс Көрнекілігі: ҚР физикалық картасы, коллекция, пайдалы қазбалар Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі 2.Үй тапсырмасын тексеру Еске түсіру үшін Қазақстанның жер бедері бойынша “Ой шақыру” жоспары бойынша сұрақтар қойылады 1.Биік тауларды атап көрсету 2.Аласа тауларды атап көрсету 3.Үстірттерді атап көрсету 4.Жазықтар мен ойпаттарды атап көрсету Еске түсіру үшін Қазақстанның жер бедері бойынша “Ой шақыру” жоспары бойынша сұрақар қойылады 1.Биік тауларды атап көрсету 2.Аласа тауларды атап көрсету 3.Үстірттерді атап көрсету 4.Жазықтар мен ойпатарды атап көрсету Жаңа сабақ: Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесінің 99 элементі кездеседі, соның 70 элементінің қоры мол, 60 түрі өндіріледі, 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар алынатын кең орындары ашылған. Мұғалім оқушыларды диалогқа шақырып, оқушылардың пікірін тыңдау Мұнай –ең алғаш рет 1899 ж. Ембіде өндіріле бастады, кейін Доссор, Мақат, Теңіз, Қашаған, Құрманғазы, Бозашы түбегіндегі Қаламқас,Қаржамбас,Байқоңыр маңында Құмкөл кен орындары игеріле бастады.Теңіз кен орны Американың “Шеврон”компаниясы Қазақстанмен “Теңізшевройл” серіктестік құрып, игерілуде. Құмкөл кен орны Канадының Харрикейн компаниясымен бірлесіп жұмыс істеуде. Сонымен қатар, Қазақстанда Қазақойл,Қазақстанкаспийшелф қоғамдары да еңбек етуде. Атырау мұнай өңдеу зауыты Ембі, маңғыстау мұнайын өңдейді.Ембі мұнайының күкірті, парафині аз, одан алынған жанармайдың сапасы жоғары болғандықтан, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ұшақтарға пайдаланды Газ кен орындары-Қарашығанақ,Имаш, Шынар, Өзен, т.б. 1997 ж. Қарашадан бері КИО “Карачаганакская Интегрированная Организация”, Италияның ЭНИ, АҚШ-тың Бритишгаз,Тексако, Ресейдің Лукойл компанияларымен 40 жылға келісіп еңбек етуде. Одан түскен табыстың 32,5 пайызы Бритишгаз үлесіне тиесілі болып отыр. Көмір өндіретін Қараанды,Екібастұз, Торғай бассейндері бар. Көмірдің отын, химиялық шикізат ретінде маңызы зор. Қарағанды көмірінен кокс алынады, оны металлургия өнеркәсібінде металл балқытуға қолданылады. Қарағанды көмір бассейнінде Абай, Шахта,Шахан көмір кен орындары жұмыс істейді. Қарағанды көмірінің күкірті, фосфоры аз. Екібастұзда ашық түрде жылына 50 млн т. көмір Богатырь кен орнынан өндіріледі. Екібастұз көмірінің өзіндік құны арзан, күлі көп, сондықтан тасымалдау тиімсіз.ЖЭС-ке пайдаланады. Балкаш көлінің маңында Төменгі Іле көмір бассейні, Ақтөбе облысында Біршоғыр,Семей полигоны аумағында Қаражыра көмір кен орындары игерілуде 1.Жанатын пайдалы қазбалар -Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап, 200 кен орны бар. -Қазір Қазақстанда жылына 45 млн тонна мұнай, 7,5 млрд м3 газ өндіріледі -Шетелге 17 млн тоннадай өнделмеген мұнай шығарылады. -10 көмір алабы, 300 кен орны бар, жалпы 162 млдр тонна қоры бар. -Негізгі көмір базасы Қарағанды көмір алабы 3600 шқ2 жерді алып жатыр -Екібастұз көмір алабы 360 шқ2 қалыңдығы 150 метр ашық әдіспен өндіріледі.Ал ең арзан “Алып” кен ішінде 36 млдр т көмір өндіріледі. Кластер стратегиясы Шартты белгілермен бақылау жұмысы Қорытындылау: 1.Пікірталас: “Егер сізде мол қаражат болса, қандай пайдалы қазбаны игеруге жұмсар едіңіз?” Сауықтыру саниториясын салар едім Жолдарды тегістейтін құмтас, қиыршықтас өндірер едім Дәрі-дәрмек жасар едім Зауыт ашар едім Дөңгелктер жасар едім Сіріңке өндіруге жұмсар едім т.б. 2.Егер де мен ақын болсам нефтіні былай жырлар едім Нефті-жердің бұлағы Нефті-жердің құнары Нефті-өмірдің шырағы Нефті-қайрақ қайратқан Нефті деген немене? Нефті- күші-тасқын күш. Нефті өмір жайнатқан, Нефті күші-асқын күш! Үйге тапсырма ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫ 1.кестені толтыру 2.Кескін картаға түсіру | |
Просмотров: 2891 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|