Главная » Статьи » В помощь учителю » География |
Топ Мерзімі Қуанышева Айгерім Жұмабекқызы Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласының педагогикалық колледжінің география пәні оқытушысы Пән атауы: География Дисциплина: Сабақтың тақырыбы: «Дүниежүзілік халықаралық қатынастар. Халықаралық ұйымдар.» Тема урока: Оқу –тәрбиелік мақсаты: Учебно-воспитательная цель: Халықаралық экономикалық қатынастардың дүниежүзінің саяси картасына әсерін қарастыру, халықаралық экономикалық ұйымдармен танысу,олардың дүниежүзілік саяси – экономикалық сахнадағы маңызын бағалау, оқыта отырып дамыту, өз бетінше жұмыс жүргізіп, еркін ой қорытындылап, нәтижеге жетуге баулу. Сабақ міндеттері: Задачи: Білімділік: Халықаралық экономикалық қатынастар туралы түсінігін кеңейту, экономикалық білімін қалыптастыру, алынған ақпаратты сараптай білу, алған білімдерін өмірде қолдана білу. Дамытушылық: студенттердің ой-өрісін дамытып, ұжымда жұмыс істеуіне мүмкіндік беру, дағды қалыптастыру. Тәрбиелік: студенттердің өз білімін объективті бағалауды тәрбиелеу, патриоттық, толеранттық, гуманизм сезімдерін арттыру. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Вид урока: Сабақтың типі: аралас сабақ Тип урока: Оқыту әдісі: ауызша, интерактивті, көрнекілік, тәжірибелік , ғылыми- ізденіс, топтық, проблемалық, жобалау әдістері Методы обучения: Тексеру әдісі: формативті, жекелей, топтық Методы контроля: Қолданылатын технологиялар: сын тұрғысынан ойлау, тұлғаға бағдарланған технология, жобалау технологиясы Применяемые технологии: Құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, дүниежүзінің саяси картасы, атластар, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы, жекелеген топтарға арналған үлестірме материал. Оборудование: Пәнаралық байланыс: тарих, экономика, саясаттану Межпредметная связь: Пайдаланылған әдебиеттер: Литература: Ахметов, Уалиев «Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы» 10 сын., гуманитарлы бағыт, Алматы, «Мектеп» 2010 ж., 81-90 б., В.П. Максаковский «География» 10 сын., Довгань «Справочник по географии» Сабақтың құрылымы: Структура урока: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу 2. Студенттердің және аудиторияның дайындығын тексеру ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Проверка домашнего задания. Әдісі: ауызша, флипчарттармен жұмыс Метод: ІІІ. Ой қозғау. Актуализация знаний. Әдісі: ауызша, диалог Метод: ІV.Жаңа тақырыппен танысу. Усвоение новых знаний. Әдісі: топпен жұмыс Метод: Жоспар: План : 1. Халықаралық қатынастар туралы жалпы түсінік. 2. Халықаралық экономикалық ұйымдардың алуантүрлілігі. 3. Халықаралық байланыс жүйесіндегі Қазақстанның орны. V. Бекіту. Закрепление. Әдісі: Метод: 1. Симантикалық картаны толтыру. 2. Синквейн ойыны VІ.Үй жұмысын беру. Домашнее задание. 1. Кесте толтыру. Ұйым атауы Қалыпт.жылы Мақсаты Штаб-пәтері Қатысатын елдер БҰҰ ТМД ОПЕК ЕҚЫҰ НАТО ШОС ЕО АСЕАН 2. «Халықаралық қатынастар» тақырыбына сөзжұмбақ құру 3. «Қазіргі заманның қалыпты дамуына қандай ұйымдар қажет?» диспутқа дайындалу. VІІ. Қорытынды. Заключение. Студенттерді бағалау Әдісі: тест өткізу Метод: VІІІ. Рефлексия Оқытушы: Қуанышева А.Ж. Преподаватель: Сабақтың барысы Ход урока "Білімді ұрпақ- болашақ кепілі". Н.Ә.Назарбаев І. Ұйымдастыру кезеңі. Орг.момент. 1. Сәлемдесу 2. Студенттердің және аудиторияның дайындығын тексеру 3. Топты 4 шағын топқа бөлу ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Проверка домашнего задания. Әдісі: ауызша, флипчарттармен жұмыс Метод: 1. Дүние жүзінде _______ ел бар. (230) 2. Елдердің басқару жүйесі бойынша басым көпшілігі ______________ болып саналады.(республика) 3. Географиялық орналасуы бойынша елдер ______топқа бөлінеді.(5) 4. Демография дегеніміз-_____________________________________ (дж.халық санының ұдайы қозғалысын зерттейтін ғылым) 5. Дүние жүзінде _____________адам бар. (7 млрд.) 6. Олардың басым көпшілігі _____________өмір сүреді. (Азияда, 60%) 7. Қала тұрғындарының өсуі __________деп аталады. (урбандалу) 8. Қалалардың өсуі ___________ деп аталады. (агломерация) 9. _________________ халықтың өсуін н/е кемуін реттейді. (Демографиялық саясат) 10. Дж.саяси картасының қалыптасу кезеңінде қандай өзгерістер пайда болды? Оның себептерін ата. (Империялар құлдырады, Чехословакия, Австро-Венгрия мемлекеті бөлінді, Германия бірікті, КСРО құлдырады, Корея оңтүстік ж/е солтүстік болып бөлінді. Оның себептері: І дж.соғыс, ІІ дж. соғыс, азаматтық соғыс, КСРО-ның құлдырауы.) ІІІ. Ой қозғау. Актуализация знаний. Әдісі: ауызша, топтық жұмыс Метод: 1. Сендердің ойларыңша, осындай күрделі үрдістерді елдер арасындағы саяси, тарихи қарым қатынастар деп атауға болады ма? 2. Салыстырмалы кластерге жауап беруге тырысайық. Халықаралық қатынастар Жағымды үрдістер Жағымсыз үрдістер мысалдар мысалдар ІV.Жаңа тақырыппен танысу. Усвоение новых знаний. Әдісі: топпен жұмыс (жаңа сабақ материалы топтарға бөлініп, студенттерінің өз тобы ішінде ақпаратты меңгеруі арқылы жүзеге асады, қалған 3 топпен ой бөліседі) Метод: Жоспар: План : 1. Халықаралық қатынастар туралы жалпы түсінік. 2. Халықаралық экономикалық ұйымдардың алуантүрлілігі. 3. Халықаралық байланыс жүйесіндегі Қазақстанның орны. 1 топ: Екінші дүниежізілік соғыстан кейін дүниежүзілік саяси картада отаршылдық жүйесі құлдырап, бірқатар социалистік елдер пайда болып, тәуелсіз мемлекеттер саны көбейе түсті. Осы кезеңде соғысқа қатысқан елдердің арасында бейбітшілік, келісімділік қатынасын орнату үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды (1945 ж, АҚШ, 193 ел кіреді.). оның басты мақсаты- әлемдегі бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбіт өмірге төнген қауіптің алдын алу н/е бетін қайтару, шиеленістерді реттеу. Бірақ соғыстан кейінгі уақытта да бейбітшілік жолына тұрудан бас тартқан Шығыс пен Батыс елдері «суық соғыс» қатынасын қатаң жүргізіп отырды. Сол кезден бастап әскери-саяси одақтар құрыла бастады, олардың бірі НАТО (Солтүстік Атланттық келісім ұйымы1949 ж., Бельгия, 26 ел кіреді: Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Грекия, Дания, Исландия, Испания, Норвегия, Польша ж/е т.б.мақстаы- біртұтас қорғаныс жүйесін құратын әскери- саяси одақ) және Варшава Келісімінің ұйымы пайда болды. Жалпы, халықаралық қатынастар дегеніміз – территориялық қалыптасудың және ішкі қоғамдық қарым- қатынастың шегінен шығатын қоғамдық қарым-қатынас түрі. Осындай күрделі процесстердің негізіде халықаралық ұйымдар пайда бола бастады. Халықаралық үйымдар - мемлекеттердің немесе олардың қүрылымдарының, сондай-ақ қоғамдық үйымдардың, үлттық қоғамдардың, үкіметтік емес сипаттағы қауымдастықтардың, әртүрлі мемлекеттердің атынан жүретін жеке мүшелердің бірлесуі; қоғамдық өмірдің әртүрлі (саяси, экономикалық, әлеуметтік, әскери-саяси, мәдени, ғылыми-техникалық, аймақтық, аймақаралық, және т.б.) салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін қүрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып табылады. Халықаралық үйымдар XIX ғ. екінші жартысында пайда болды, ол үлттық мемлекет шеңберінен шыққан дамыған экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың түбегейлі жаңа мәселелердің, трансүлттық міндеттердің шешімін табуда бірлесудің, халықарaлық күшті жүмылдырудың объективті қажеттілігінен туды. Қазіргі кезде 500 – ге жуық халықаралық ұйымдар бар. Солардың бірі – Еуропалық Одақ (1957 ж., ) Еуропалық орталық қауымдастық. Оның басты міндеті – біртұтас экономкалық одақ құру арқылы елдер арасындағы тауар, қаржы, жұмыс күшінің еркін айналымына жағдай жасау. Оған 27 ел кіреді: Бельгия, Германия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Франция, Ұлыбритания, Дания, Ирдандия, Гркия, Испания,Португалия, Австрия, т.б. 2 топ: Халықаралық қатынас -XX ғacыр соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің елеулі әсеріне үшырады - капиталистік сипаттағы әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану проңесінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр. Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық негізі - әлемнің метериалдық базасындағы елеулі өзгерістердің негізінде қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек бөлінісі. Жаһандану нәтижесінде өнеркәсібі дамыған елдер өздерінің экономикалық орталық үстанымын нығайтуда, ал дамушы елдер одан тәуелді шет аймақ күйіне түсуде. Өнеркәсібі қарқынды дамыған елдер арасында АҚШ басым орын алуда, алайда Еуропалық Одақ онымен иық теңестіріп, кей жағдайларда одан басым түсіп отыр. Жапония бүрынғыдай үшінші келеді. 20-25 жылдан кейін Қытай әлемдік экономиканың бас алпауытына айналуы мүмкін. Үндістан да одан қалыспауда. Осы кезде аймақтандырудың қарқынды проңесі жүріп жатыр - Еуропада (Еуропалық Одақ), Азияда (АСЕАН(1967 ж., 10 ел – Индонезия, малайзия, Сингапур, таиланд Филлипин, Бруней, Вьетнам, Лаос. Міндеті- оңт-шығыс Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату, экономикалық- әлеуметтік және мәдени өрлеуді жеделдету) және өзге де тар шеңбердегі қүрылымдар), Африкада (Африкалық одақ), Солтүстік Америкада (НАФТА), Латын Америкасында (МЕРКОСУР, Анд тобы). Бүл аймақтық үйымдар өз кезегінде халықаралық қатынастар сахнасының белсенді әрі ықпалды ойыншы- ларына айналуда. Қалыптасып келе жатқан әлемдік азаматтық қоғамның үстанымдарын білдіретін үкіметтік емес үйымдар Халықаралық қатынастар саласында елеулі ықпалды рөл атқаруда. 3 топ: Дүниежүзінің шаруашылығы дамыған кезеңнен бастап, халықаралық еңбек бөлінісі күрделене беруі дүниежүзінің экономикалық қатынастарының дамуына әкеліп соқтырды. Дж.экономикалық қатынастардың дамуы материалды өндіріске қарағанда анағұрлым қарқынды дамуда. Оның географиялық бөлінуі де ерекше. Солтүстік аймақтың елдері оңтүстік елдердің дамуынан бірқатар алда келе жатыр. Өз тәуелсіздігіне ие болған елдер дж.экономикалық қатынастарын жақсартып, өз елдерініің деңгейін көтеруге ат салысуда, бірақ бұл үрдіс өте баяу жүруде. Сондықтан, оңтүстік аймақтың елдері өз территориясында Дүниежүзіндегі Жаңа Экономикалық Тәртіптің орнатуына бет бұрды. Дж.экономикалық қатынастарға тәуелді елдер экономикасы ашық елдер деп аталады. Олардың ерекшелігі: осындай экономикасы төмен елдерден экспортқа шыққан тауар бағасының пайыздық көрсеткіші жоғары болады, ал керісінше экономикасы дамыған елдерде экспорттық тауардың пайыздық көрсеткіші төмен болады. Оның себебі: экономикасы жоғары елдердің сауда қатынасы негізінде материалдық фундаменті өте дамыған және мықты болып есептеледі. Оған мысал- Дж. сауда ұйымы (1995ж, 159 ел,Швейцария, Женева,). Осы ұйымның басты мақсаты- экономикасы орташа деңгейдегі мемлекеттердің жоғары сатыға көтерілуіне ықпал жасау және сауда, нарықтық қатынастарды нығайту. Қазақстан Республикасы осы ұйым қатарына қосылуға бет бұрды. 4 топ: Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 160-тан астам елі мойындады. Минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 250-дей біріккен кәсіпорын құрылды. Соңғы үш жылда (2002, 2003, 2004) инвестицияның келуі өсіп, 182 доллардан асып отыр, адам басына шаққанда.Өнеркәсібі дамыған елдермен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея т.б.) халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе – Индонезия, Малайзия, Сингапурмен жасалуда. Ынтымақтастық Таяу және Орта Шығыс елдерімен дамуда. Оларға: Түркия, Иран, Сауд Аравиясын жатқызамыз. Ресей, Өзбек, Қырғыз елдерімен, экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның экономикалық қатынаста болуы үлкен стратегиялық мүдделілікті байқатады.Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қзақстан барлық ТМД (ТМД- елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда.Қытаймен өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда қатынастарын жүргізуде. Қазақстан экономиканы реформалауда шетел капиталын бәсекелестік негізде тартуды алға қоюда. Ол экономиканың күрделі мәселесін шешіп қана қоймайды, жаңа технологияны әкелуді, экпорттық өнімнің өзімізде шығарылған тауар мен толтырылуын мақсат етеді. Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 30 елдің қатарына жету бағыт - бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған 30 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян -қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді. Жаңа кезеңдегі ұлттық бірлесу үдерісінде қазақ халқының ролін нығайту өте маңызды. Біз «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға кірісудеміз. 2050 жылы Қазақстан жұдырықтай жұмылған біртұтас халық, үлгілі ұлттық мемлекет болуы тиіс. Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанымен, теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ, біртұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді. Осылай елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «Бір халық-бір ел-бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр. V. Бекіту. Закрепление. Әдісі: Метод: 3. Симантикалық картаны толтыру. Функционалды ерекшеліктері Ұйым атауы Саяси Экономикалық Әскери- саяси Мәдени Аймақтық Аймақаралық БҰҰ + + АСЕАН + + Дж.Сауда Ұйымы + + ТМД + 4. Синквейн ойыны Шарты: 1 жол. Зат есім – 1 сөз 2 жол. Сын есім – 2 сөз 3 жол. Етістік -3 сөз 4 жол. Зат есімді сипаттайтын 1 сөйлем 5 жол. Ассоциация – 1 сөз VІ.Үй жұмысын беру. Домашнее задание. 1.Кесте толтыру. Ұйым атауы Қалыпт.жылы Мақсаты Штаб-пәтері Қатысатын елдер БҰҰ ТМД ОПЕК ЕҚЫҰ НАТО ШОС ЕО АСЕАН 2. «Халықаралық қатынастар» тақырыбына сөзжұмбақ құру 3.«Қазіргі заманның қалыпты дамуына қандай ұйымдар қажет?» диспутқа дайындалу. VІІ. Қорытынды. Заключение. Студенттерді бағалау. Сұрақтарға «+» немесе «-» белгілерімен жауап беру. 1. Халықаралық қатынастар ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін нығая бастады. + 2. БҰҰ 1945 жылы құрылды. + 3. Қазақстан БҰҰ-ға төрағалық етті. - 4. «Экономикасы ашық елдер» әлсіз елдерге тән. + 5. АСЕАН ұйымына тек Азия елдері кіреді. + 6. Қазақстан Дж. Сауда Ұйымына енді. - 7. Дж. Сауда Ұйымы Германия, Берлинде құрылды. - 8. Дж. сауда ұйымының басты мақсаты- экономикасы орташа деңгейдегі мемлекеттердің жоғары сатыға көтерілуіне ықпал жасау . + 9. «Қазақстан-2050» Стратегиясы негізгі 7 бағытты көздейді. + 10. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасын 160 ел мойындап отыр. + 11. Қазақстан Республикасы төрағалық еткен ұйымдар? ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ҚҰ 12. Рефлексия Оқытушы: Қуанышева А.Ж. Преподаватель. Источник: http://collegy.ucoz.ru/publ/0-0-0-0-1 | |
Просмотров: 12794 | Комментарии: 1 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|