Главная » Статьи » В помощь учителю » География |
Тақырыбы: «Африканың табиғат зоналары». Сабақтың мақсаты: 1. Ұйымдастыру Оқушылармен сәлемдесу, оларды 3 топқа бөлу. Әр топтың алдында топтың аты, керуеннің суреті. Сол керуенмен Африканың табиғат зоналарына аттанады. І. Аялдама «Тапқырлар аялдамасы» Әр топқа сұрақтар қойылады, олар тез арада жауап береді. 1. Африканың табиғат зоналары қандай бағытта орналасқан? 2. Қандай табиғат зоналардан тұрады? 3. Ылғалды экваторлық ормандар зонасының Амазония ормандарынан басты айырмашылығы қандай? 4. Мадагаскар аралының символдары? 5. Африка жерінің 40% алып жатқан зона? 6. Қандай ұлттық парктер ұйымдастырылған? 7. Хамада дегеніміз не? 8. Тек қана Африканы мекендейтін жануарлар. 9. Тропиктік шөлдердің топырағы қандай? ІІ. Аялдама «Пошта» ойыны. Тақтада табиғат зоналардың аты жазылған жәшіктер ілінген. Әр топқа берілген сұрақтардың жауаптарын жәшікке салады. ІІІ. аялдама: «Ойлан, тап» 1. Жер бетіндегі ең ірі құс 2. Ауыл шаруашылығына үлкен зиян тигізетін жәндік 3. Бір өркешті жабайы түйе 4. 2000 жылға дейін тіршілік ететін өсімдік 5. Топталып тіршілік ететін маймылдың түрлері 6. Ірі тұяқты жануар түрлерін ата 7. Ұзындығы 5 – 6 м. жететін жыртқышты ата 8. Адам тәріздес ең ірі маймыл түрі Жауаптарын тапқан сайын слайд түрінде суреттері көрсетіледі. ІV. аялдама: «Адасқан жануарлар дүниесі» Әр топқа жануар суреттері беріледі, оқушылар тақтадағы картаға мекендейтін аймақтарына жапсырады. V. аялдама: «Экологиялық сәт» Адам – шаруашылық әрекет – саванна – шөл. 50 жыл – Сахара – 650 км2. Адам – Бағалы ағаш – кесу – топырақ. VІ. аялдама: «Қорытындылау аялдамасы» Әр топ басшысы сабаққа қатысқан оқушыларды бағалайды | |
Просмотров: 1575 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|