Главная » Статьи » В помощь учителю » География |
Сабақ тақырыбы: Аустралия. Сабақ мақсаты: Оқушыларға Аустралияның географиялық орнының ерекшеліктерін,жер бетінің сипатын,табиғатын түсіндіріп білімдерін толықтыру. Білімділік: Оқушыларға жаңа сабақты мазмұндау.аустралияның зерттелу ерекшелігін,қаситеттерін,даму ерекшеліктерін ғылыми деректерді пайдаланып тереңдете меңгерту. Дамытушылық:Білімге құштарлығын,дүниетанымдылық көзқарасын,жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып,деңгейлеп оқыту арқылы жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Тәрбиелік:Ғылыми деректерге сүйене отырып, халықтық тәрбие үлгілерін қолдану,өсіп-өркендеу тұрғысынан дұрыс қабылдауға,ұлтаралық сыйластыққа,шындыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу. Сабақ көрнекілігі:Дүние жүзінің физикалық картасы,саяси карта,атлас,кескін карта,оқулық,интерактивті тақта,плакаттар. Сабақ әдісі: деңгейлеп оқыту,СТО,Инсерт,Венн диаграммасы,сұрақ-жауап т.б. Сабақ түрі: өткен сабақты бекіту,жаңа сабақты игеру. Сабақ барысы 1.Ұйымдастыру.Класты топқа бөлу. 2.Үй тапсырмасын бағалау. Мұнда 4 топқа әр түрлі тапсырмалар беріледі. 1 топ. Африка елдерінің бөлінуі мен олардың астаналары.Мұнда оқушылар ел астаналарын картадан көрсету арқылы атайды. 2 топ. Африка елдерінің пайдалы қазбалары: Мұнда шартты белгілері арқылы картаға жабыстыру. 3 топ. Сандар сыры.Мұнда тақырыпқа байланысты санда беріледі. 180-200,1 млрд 30 млн,150,700, 22, 400ж, 20ғ, 973,125млн,250,6% ,40%,1991ж. 4топ. «Даналық ағашы» Ортада сұрақтар ілінген тал беріледі,сондағы сұрақтарды алып жауап беруі керек. Жаңа сабақ. Мұғалім: Оқушылар дүние жүзінде 6 материк бар екенін жақсы білесіңдер,жаңа ғана өздерің бір мтериктің елдері мен халқына қысқаша сипаттама бердіңдер,яғни әр материк өзіне тән қайталанбас табиғат жағдайларымен ерекшеленеді екен.Мысал өткен Африка материгінің сыртқы пішіні орамал таққан әйел адамға ұқсас екенін байқауға болады.(Интерактивті тақтада африканың пішіні көрсетіледі) Видеоролик.Бүгінгі өтейін деп отырған материк «Үлкен жүректі кіші материк».Ол жақта бақтар қазан айында гүлдейді,кейбір жануарлар жұмыртқадан шығады. Сонымен қатар бұл материкте дүние жүзінің барлық елінен жиналған ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр.Сонымен бүгінгі тақырыбымыздың аты: Оқушылар жауабы: Аустралия материгіғ,оның географиялық орны мен пайдалы қазбалары. Сабағымыздың негізгі ұстанымы: «Естідім- ұмыттым,көрдім- есте сақтаймын,жасадым – мәңгілік менікі» 1 бөлім. «Менің білетін деректерім»деп аталады. Сұрақ: Aустралия материгі туралы кім не біледі? Оқушы жауаптары: • Ең кішкентай материк • Ең оңтүстікте орналасқан материк • 2000ж Сидней қаласында олимпиада болды.Онда қазақтың біртуар ұлдарының бірі Б.Саттарханов алтын иеленді. • Аустралияда қалталы жануарлар көп.Солардың бірі-кенгуру. • Елтаңбасында Эму құсы мен кенгуру бейнелеген. 2 бөлім. «Менің мұны білгенім жөн»деп аталады. Бұл бөлімде тақырыпқа сай жаңа мәліметтермен танысамыз.Ол үшін әдеттегіше мынадай жоспар бойынша жұмыс жасаймыз. Жоспар: Материктің экваторға,бастапқы меридианға қатысты орны. • Шеткі нүктелерін координаталары бойынша анықтау. • Солтүсолтүстіктен оңтүстікке,батыстан шығысқа қарай қашықтығы. • Материктің мұхиттарға қатысты орны • Жер бедері • Пайдалы қазбалары • Зерттеушілер. Оқушылар физикалық картаның көмегімен жоспарбағы №1,2,3,4 тапсырмаларды орындап анықтама береді. Күтілетін жауап: 1. Материк түгелімен оңтүстік жарты шарда,түгелімен бастапқы меридианның шығысында оранласқан,оңтүстік тропик шеңбері дәл ортасынан кесіп өтеді. 2. Шеткі нүктелері: 10 о.е; 142 ш.б. 26о.е; 113 ш.б. 26 о.е: 113 ш.б. 28 о.е; 153 ш.б. 3.Батыстан шығысқа-4000км солтүстіктен оңтүстікке 3200 км созылып жатыр. 4.Материктердің мұхиттарға қатысты орны,жағалық сызығы,теңіздері мен шығанақтарын анықтап,кескін картаға түсіреді. 5.Оқушыларға Аустралияның жер бедері жазылған шағын мәтін беріледі.Мәтінді оқып,картадан тауып,төмендегі кестені толтырады: Африка Ұқсастығы Аустралия Пайдалы қазбалары: Материктің пайдалы қазбалар картасынан қандай п\қ бар екенін оқушылар өздері анықтап,материктер картасына шартты белгілерін салады. Зерттелу тарихы: • Б.Янсзон • Л.Торрес • А.Тасман • Дж Кук 3 бөлім. «Өзіңе сен,өзіңді алып шығар білімің мен еңбегің екі жақтап» Бүгінгі сабағымызды қорытындылауға арналған тапсырмалар мен сұрақтар беріледі. Ең кішкентай атерик Ең оқтүстіктегі материк Ең жазық материк Жануарлар дүниесі ерекше материк Бір ғана мемлекет орналасқан материк 3. «Ол кім? Бұл не? Иорк- ? Коала-? Тасман-? Жаңа Гвинея-? Торрес-? Тимор-? Сабақты бекіту үшін INSERT әдісімен кесте толтырамыз • маған таныс + мен үшін жаңа ? бұл туралы тереңірек білгім келеді - мен білетін сәйкестікке дұрыс келмейді. Бекіту тесті. 1.Жер шарындағы ең кіші материк А)Африка Ә)Еуропа Б)Аустралия В)Антрактида 2.Аустралия материгінің жер көлемі А)7,6 млн км Ә)7,2 млн км Б)7 млн км В)9 млн км 3.Эйр көлінің деңгейі А) 12 м Ә) 14 м Б) 8 м В) 10 м 4.Аустралия одағының астанасы А)Сидней Ә)Марлен Б)Клаид В)Канберра 5.Дүние жүзіндегі ең биік ағаш А) Баобаб Ә)Эвкалипт Б)Емен В)Папортник 6.Аустралия сөзінің латыншадан аударғандағы мағынасы: А) Солтүстік Ә)Оңтүстік Б)Шығыс С)Құрғақ Жер бедері туралы мәтін: Аустралия жерінің басым көпшілігі жазық және оның 95 %-дан астамының биіктігі 600 м-ден аспайды.Орографиялық ерекшеліктеріне қарай жер бедерін 3-ке бөлуге болады. • Батыс Аустралия таулы үстіртінің орташа биіктігі 400-500м,үстірттің шығысында (құрлықтың орталық бөлігінде)Магдоннелл жотасы(1510м) Солтүстігінде Кимберли алқабы(936м) Оңтүстік батысында Дарлинг (582м)жоталары жатыр. • Орталық ойпаттың биіктігі 100м-ден аспайды,ал аустралиядағы ең төмен жер- Эйр көлінің маңы(12м төмен)Ойпаттың оңтүстік батысында Флиндерс,Маунт-Лофти жоталары бар. • Құрлықтың бүкіл шығыс бөлігін ұзына бойы созылған Үлкен Суайрық жотасы алып жатыр.оның шығыс беткейі тік құлама және қатты тілімденген,батысы төбелерге және көлбеу жазықтарға ұласқан.Аустралияның ең биік жері – Косцюшко тауы осында орналасқан.(2230м) Зерттеушілері: Биллем Янсзон. 1606ж –Голландиялық Дуивкен атты кемесінің капитаны Б.Янсзон Австралияны ашады.17ғ голландиялықтар дүниежінің картасына аустралияның батыс және солтүстік жағалауларын Жаңа Голландия деп енгізеді. Дж Кук. ХҮІІІ ғасырдағы ағылшынның атақты теңізшісі. Ол оңтүстік материк (Австралия) жағалауын, Үнді мұхитын зерттеп, көптеген аралдар ашты. Кук 1728 жылы Йоркшир ауданында туған. 1770ж Дж Кук Аустралияның шығыс жағалауын ашады.Ол оны Жаңа Оңтүстік Уэльс деп атайды. және оны Ұлыбританияның жері деп жария етеді. | |
Просмотров: 4641 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|