Главная » Статьи » В помощь учителю » География |
Күні: сыныбы:8 ә Пәні: география (1- сабақ) Сабақтың тақырыбы Аласа таулы өлкелер Сілтеме Интернеттен мағлұмат алу. Қосымша материалдар. Қазақстанның физикалық географиясы. 8 класс оқулық беті Мақсаты Қазақстан аумағындағы аласа таулы өлкелердің ерекшеліктерімен таныстыру. Ішкі және сыртқы күштердің ,таулардың жер бедерін өзгертудегі рөлін түсіндіру .Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын,ойлау және сөйлеу мәдениетін дамыту. Оқыту нәтижесі Өздігінен оқу дағдыларын қалыптастырады. Жаңа тақырыптың мазмұнын өз бетімен аша алады, салыстыра біледі, талдай алады, ой қорытуды үйренеді,картамен жұмыс жасайды. Түйінді идеялар 1) Оқушылар интернет арқылы тың деректерді іздеді,сабаққа қолданды. 2) Оқушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы жаңа көзқараста мәтіннің мазмұнын ашады. 3) Оқушылар ойлау және жазу дағдысын қалыптастыра отырып,Қазақстандағы таулы өлкелердің орналасуы туралы өз бетінше айтып хат жазды. Блум таксаномиясы 7 модуль ресурстар Сабақтың мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс - әрекеті Жас ерекшеліктеріне қарай білім беру топтастыру Ұйымдастыру.Тренинг өткізу. Оқушыларға есімдерімен бірге өздерінің жақсы қасиеттерін сипаттайтын сөздер айту тапсырылады. Оқушылар өз есімдеріне жақсы қасиеттерін қосып айтады.Берілген қағаздағы жазулардың сәйкестігі арқылы топтарға бөлінеді. Білу АКТ-ны қолдану Оқулық, сұрақ-жауап стратегиясы Сұрақ жауап мәлімет алады 1.Республиканың солтүстігінде,солтүстік шығысында Оралдан Алтайға дейін созылған жазық? 2.Қазақстан жерінің 1/3 ін не алып жатыр? 3.Тау дегеніміз не ? 4.Биіктігіне қарай таулар нешеге бөлінеді ? 5.Қандай тауларды білеміз? 6.Шығысытағы Сарыарқа батыстағы Мұғалжар және Оңтүстік Оралдың аралығындағы жатқан үстірт? Оқушылар бірлесіп сұрақтарға жауап іздейді,бір бірімен ақылдасып ортақ шешімге келіп жауап береді.Өткен тақырыпты пысықтайды,жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Түсіну Диалогтік оқыту Картамен жұмыс Оқушыларға кітапта жоқ қосымша,қызықты мәліметтер таратылады.Оқушыларға жаңа тақырып бойынша картадан түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Оқулықтан оқып, жұппен, топпен талқылайды,диалог құрайды.Картамен жұмыс жасайды. Қолдану Сыни ойлау ЖИГСО әдісі Оқушыларға аласа таулы өлкелер тақырыбын: 1топ Сарыарқа 2топ Мұғалжар 3 топ Маңғыстау ЖИГСО әдісі қолданылады. Оқушылар топта өзара рөлдерге бөлінеді.Топта топ басшысы қалады,қалған оқушылар келесі топтармен пікір алмасу жұмысын жүргізеді.Алған мәліметтерін жинақтап постер құрастырады. АКТ-ны қолдану сергіту Сергіту сәтін ұйымдастырады. Қаңқа биі. Бейнетаспадағы әуен арқылы жаттығу жасайды. Талдау Сыни ойлау Түртіп алу стратегиясы Оқушыларға таулы өлкелердің биіктігіне,ұзындығына байланысты сандар береді. Бұл тапсырма «Сандар сөйлейді» деп аталады. Оқушылар берілген сандарға нақты дерек көздер жазады,сандарды сөйлетеді.Тақырыпты пысықтайды. Тапсырма Аctiv Studio да орындалады. Жинақтау Таалантты,дарынды балалар Шығармашылық жұмыс . Оқушыларға жеке жұмыс тапсырмалары; «Шетелдегі досыма хат» «Геодиктант» мәтіні беріледі Оқушылар берілген тақырып бойынша эссе жазады.Геодиктант мәтініне керекті сөздерді жазу арқылы тақырып бойынша білгендерін түйіндейді. Баңалау Тест тапсырмасы Оқушыларға бүгінгі тақырып бойынша тест тапсырмасы беріледі.Тапстырманы орындағаннан кейін интерактивті тақтадан дұрыс жауаптары беріледі. Оқушылар тест тапсырмасын орындайды .Бүгінгі сабақты түсінгендіктерін тест арқылы дәлелдейді.Дұрыс жауаптары арқылы өздерін бағалайды. АКТ Үйге тапсырма:тақырыпты оқу интернеттен қосымша мәліметтер алу арқылы аласа таулы өлкелерге сипаттама беру. Кескін картаға түсіріп бояп келу. Оқушылар интернеттен тың деректер алады,таулы өлкелерге сипаттама береді.Картаға түсіреді. Оқыту үшін бағал ау Оқушыларға жаңа тақырыпты меңгергендері туралы критерийлер беріледі. Оқушфлар критерий бойынша өздерін бағалайды. | |
Просмотров: 1382 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|