Главная » Статьи » В помощь учителю » География |
Сабақтың тақырыбы: Аустралия. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Аустралияның географиялық орнының ерекшеліктерін, жер бетінің сипатын, табиғатын түсіндіріп, оның тарихын, экономикалық, экологиялық жағдайлары туралы білімдерін толықтыру. Білімділік мақсаты: Оқушыларға жаңа сабақты мазмұндау. Аустралияның зерттелу ерекшелігін, қасиеттерін, даму ерекшеліктерін ғылыми деректерді пайдаланып тереңдете меңгерту. Дамытушылық мақсаты: Білімге құштарлығын, дүние танымдылық көзқарасын, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып және саралап, деңгейлеп оқыту арқылы жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Тәрбиелік мақсаты: Ғылыми деректерге сүйене отырып, халықтық тәрбие үлгілерін қолдану, өсіп-өркендеу тұрғысынан дұрыс қабылдауға, ұлтаралық сыйластыққа, шындыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Сабақ көрнекілігі: Дүниежүзінің физикалық картасы, саяси карта, атлас, кескін карта, оқулық, қосымша оқулықтар, интерактивті тақта, плакаттар. Сабақтың әдісі: Деңгейлік саралап оқыту арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту. М.М. Жанпейісованың әдісі бойынша. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. А) Сәлемдесу Ә) Түгелдеу Б) Сабаққа назар аудару 2. Үй тапсырмасын бағалау. 3. Жаңа сабақ « Аустралия материгі » 1. Ой шақыру 1. Анхель 6. Амазонка 2. Мариан 7. Титикака 3. Сахара 8. Анд 4. Гималай 9. Мадагаскар 5. Бриз 2. Интерактивті тақтаға тірек сөздер жазылады. 1. Аустралия 2. Жылы сулары 3. Маржандық құрылымдар 4. Гондваналық ежелгі платформа 5. Таулы үстірттер 6. Аустралия Альпісі 7. Пайдалы қазбалары Оқушылар оқып есте сақтап, дәптерлеріне жазады. Осы тірек сөздерді оқулықтан тауып оқып, мазмұнын ашады. 3. «Даналық ағашы» ойынында ағашқа алма тәрізді етіп, сұрақтар ілеміз. Оқушылар бір-бірден Алманы алып, сұраққа жауап береді. Әрбір оқушының білімін осындай ойындар арқылы тексеруге болады. 1. Ең үлкен арал 2. Ең кішкентай құс 3. Тас көмірдің ең сапалы түрі 4. Ең терең шұңғыма 5. Африка даласы қалай аталады 6. Африкадағы ең ұзын көл 7. Жердің су қабаты 8. Жер шарындағы 2-ші орындағы материк 4. Кескін картамен жұмыс 5. Түрлі жан-жануарлардың суреттерін араластырып қоямыз. Әр материктің өкілі өз жануарын танып алады. 1. Кенгуру 6. Керік 2. Коала 7. Қабылан 3. Піл 8. Гуанако 4. Түйе, қой 9. Карибу 5. Ехидна 6. « Полиглот » - ойыны ( орысша, ағылшын тіліне аудару ) 1. Күте білсең жер жомарт 2. Біткен жерде, өмірде бітеді. 3. Ойлай білсең дана боласың, ойнай берсең бала боласың 4. Жердің сәні егін, ердің сәні білім 7. Адасқан объектіні табу 1. Тынық арал 2. Тасмания шыбын 3. Цеце көл 4. Таньганика мұхит 5. Анхель шөл 6. Гималай сарқырама 7. Панама өзен 8. Амазонка тау 9. Сахара канал 8. Семантикалық карта стратегиясы Қ/с Атауы Арал Астана Ғалым Тау Өсімдік Жануар Көл Өзен 1 Эйр 2 Тасмания + 3 Кенгуру 4 Эвкалипт + 5 Ніл 6 Анд 7 Керік 8 В.Юнкер 9 Канберра 10 Ж. Гвинея + 9. Бекіту тесті. 1. Жер шарындағы ең кіші материк. А) Африка Ә Европа Б) Аустралия В) Антарктида 2. Аустралия материгінің жер көлемі А) 7,6 млн. шқ.2 Ә) 7,2 млн. шқ.2 Б) 7 млн. шқ.2 В) 9 млн. шқ.2 3. Эйр көлінің деңгейі. А) 12 м Ә) 14 м Б) 8 м В) 10 м 4. Аустарлия одағының астанасы А) Сидней Ә) Марлен Б) Клаид В) Канберра 5. Дүние жүзіндегі ең биік ағаш А) Баобаб Ә) Эвкалипт Б) Емен В) Папоротник | |
Просмотров: 1069 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|