Главная » Статьи » В помощь учителю » География |
Салқынбаева Арман Дарбеновна Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы, Кеңгірбай-Би ауылы Шәкәрім атындағы орта мектебінің І санатты география пәнінің оқытушысы Сабақтың тақырыбы:Шәкәрімнің Меккеге сапары Сабақ мақсаты: Шәкәрімнің әдеби бай мұрасы,ақыл-ой ізденістері,толғамды тұжырымдарына шолу жасау.Шәкәрім шығармаларын суреттеу арқылы әділеттілікке үндеу,сана-сезіміне,наным-намысына,іс-әрекетіне дұрыс бағыт беру.Шығармаларын оқыта отырып,білімге,өнерге,еңбекке тәрбиелеу. Көрнекілігі:Суреттер,плакаттар,нақыл сөздер,сызбалар,презантация,карталар. Түрі:Саяхат сабақ. Сабақтың барысы. Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Шәкәрімнің Меккеге сапары атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Біз бүгін тәрбие сағатымызды Шәкәрім атамызға арнаймыз. 1.Шәкәрім өміріне шолу 2.Шәкәрімнің Меккеге сапары АМеккеге бару мақсаты ӘМеккеге сапары кезінде БСапардан соң Топтастыру:Шәкәрім кім 1.Шәкәрім өміріне шолу. 1-оқушы.Шәкәрім Құдайбердиев 1858 жылы 11 шілде де Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген.Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған.Шәкәрім олардың немересі,яғни Абайдың немере інісі. 2-оқушы.ғасырдың екінші жартысы мен ғасырдың бас кезінде өмір сүріп,қазақтың қоғамдық,әлеуметтік,рухани,мәдени,әдеби өміріне белсене араласып адамгершілік,демократтық,ағартушылық,гуманистік идеяларды уағыздаған,мол көркем мұра қалдырған. 3-оқушы.Шәкәрім туындыларының басы көпшілігі-поэзиялық шығармалар. Сөз өнердің байлығы түрлі-поэзияда,ең алдымен,адам өмірінің қат-қабат қыры мен сыры,қуат берер қуанышы мен қартайған қайғысы,алға тартар арманы мен жетелер үміті,сәулелі серпін туғызар мұрат-мақсаттары баршасы көркем бояулармен, сан қилы ою-өрнегімен көрініс табатыны хақ. 4-оқушы.Шәкәрім поэзиясында азаматтық лирика да,философиялықлирика да,табиғат лирикасы да бар.Эллегия, сонет,тарихи баллада,халық өлеңдері түрінде жазылған шығармаларда кездеседі. Шәкәрім қазақ лирикасын айтарлықтай жаңғыртып байытты,мәдениетін дамытты. Бөлім: 2Шәкәрімнің меккеге сапары АМеккеге бару мақсаты Мұғалім:Жоғарыда айтып өткізгеніміздей Шәкәрім атамыз қажы. Қажылық сапарға бару,мұсылманның бес парызы.Мекке-Пайғамбардың отаны.Онда әлемдегі ең үлкен мешіт Қағба бар.Мешітте қара мәрмәр қасиетті Қағба тас орнатылған.Мұнда Құбылаға жүзін беріп дұға қылады. Бүгінгі тәрбие сағатымыз Жылым қой,жұлдызым июль деғен өлеңмен өрбиді.Себебі бұл өлеңде білім,ғылым нәрімен сусындауы және қажылыққа бару сапары осы өлең жолдарынан айқын көрінеді. | |
Просмотров: 1077 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|