Главная » Статьи » В помощь учителю » География |
Сабақтың тақырыбы: « Аустралия. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары» Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Аустралияның географиялық орнының ерекшеліктерін, жер бетінің сипатын,табиғатын түсіндіріп, оның тарихы туралы білімдерін толықтыру. Картамен жұмыс істей білу шеберлігін жалғастыра беру. Білімділік мақсаты: Оқушыларға жаңа сабақты мазмұндау. Аустралияның зерттелу ерекшелігін, қасиеттерін, даму ерекшеліктері туралы білімдерін анықтап, ғылыми деректерді пайдаланып тереңдете меңгерту. Дамытушылық мақсаты: Білімге құштарлығын, дүние танымдылық көзқарасын, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып және саралап, деңгейлеп оқыту арқылы жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Тәрбиелік мақсаты: Ғылыми деректерге сүйене отырып, халықтық тәрбие үлгілерін қолдану, өсіп-өркендеу тұрғысынан дұрыс қабылдауға, ұлтаралық сыйластыққа, шындыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Сабақ көрнекілігі: Дүниежүзінің физикалық картасы, атлас, кескін карта, оқулық, қосымша оқулықтар, интерактивті тақта. Сабақтың әдісі: Салыстыру, картамен жұмыс жасау, әңгімелесу, баяндау. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: А) Сәлемдесу Ә) Оқушыларға қажетті құралдарын алғызып, сабақ өтуге дайындау, түгелдеу. Б) Сабаққа назар аударту 2. Үй тапсырмасын сұрау.(Сұрақ-жауап арқылы) 3. Жаңа сабақ « Аустралия. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары» Жаңа сабақ 5 кезеңнен тұрады: 1) Кіріспе бөлім: Аустралия туралы қысқаша мәлімет беру,сұрақтарға жауап беру. 2) Тірек сөздер(Оқулық мәтінімен жұмыс) 3) Сарамандық жұмыс 4) Семантикалық карта стратегиясы. 5) Пайдалы қазбаларын анықтау. 6.Жаңа сабақты бекіту.( Тест тапсырмалары) 7. Жаңа сабақты қорытындылау. 8.Үй тапсырмасы. 9. Оқушыларды бағалау. Африка материгі бойынша сұрақтар: 1.Африка материгінің географиялық орны мен жер бедеріне қысқаша сипаттама беріңдер. 2. Африка материгінің жер көлемі? (30,3 млн км.кв) 3. ХХ ғасырдың бас кезендегі тәуелсіз елдер: ......Либерия, Эфиопия.............. 4. Ең алғаш Африканы ашқан кім? ( Васко да Гамма) 5. Африканың ең биік нүктесі ....Килиманджаро................... 6. Ең ұзын өзені ?. 7. Ең үлкен шөлі ? 8.Африкадағы Виктория сарқырамасы қай өзенде орналасқан? 9. Ең терең көлі? (Таньганика-1435м) 10. Жауын-шашын ең көп түсетін жері?( Дебунджа қаласы-10470мм) Жаңа сабақ. «Аустралия. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары». Жаңа сабаққа кіріспес бұрын, оқушыларға мына сұрақтар қойылады: 1.Көлемі жағынан ең кішкентай, ең құрғақ және халық ең аз қоныстанған қай материк? (Аустралия материгін оқушылар физ. картадан көрсетеді). 2. Географиялық орны мен жер бедерінің ерекшеліктері басқа материктермен салыстырғанда қандай? (Шайып жатқан мұхиттарын д.ж-ң физ. картасынан көрсетіңдер) 3. Аустралияны зерттеген қай ғалымдарды білесіңдер? 4. Материктер ішінде көлемі жағынан нешінші орынды алады? Сұрақтарға жауап бергеннен кейін оқушыларға қосымша оқулықтардан Аустралия материгі туралы мәліметтер айтылып, көрсетіледі. Интерактивті тақтаға тірек сөздер жазылады. 1. Жылы сулары 2. Маржандық құрылымдар 3. Гондваналық ежелгі платформа 4. Таулы үстірттер 5. Аустралия Альпісі Оқушылар оқып есте сақтап, дәптерлеріне жазады. Осы тірек сөздерді оқулықтан тауып оқып, мазмұнын ашады. Сарамандық жұмыс орындау. Аустралияның шеткі нүктелерін д.ж-ң физ-қ картасынан анықтап, кескін картаға белгілеңдер және картадан көрсетіңдер. 1. Солтүстігінде - Йорк 10 о.е-142 ш.б 2. Оңтүстігінде – Оңтүстік – Шығыс 39 о.е-147 ш.б 3. Шығысында – Байрон –28 о.е-153 ш.б 4. Батысында - Стип – Пойнт 26 о.е-113 ш.б. 5. Ең биік нүктесі-.Косцюшко тауы (2228м) 6. Ең төменгі нүктесі-Эйр көлі (-12м) ІІ. Дүние жүзінің физикалық картасынан Аустралия материгінің теңіз, бұғаз, шығанақ, аралдарын тауып адасқан обьектіні орнына қойыңдар: 1.Арафур арал 2. Бассов шығанақ 3. Арнемлед бұғаз 4.Жаңа Зеландия теңіз 3)Семантикалық карта стратегиясы бойынша дұрыс атауларды тауып белгілейді . Атауы Арал Астана Ғалым Тау Өсімдік Жануар Көл 1 Эйр 2 Тасмания 3. Үлкен суайрық жота 4 Канберра 5 Дж. Кук 6 Жаңа Гвинея 7 Кенгуру Пайдалы қазбаларын физ-қ картадан тауып, бос орындарға жазады. 6. Бекіту тесті. 1. Жер шарындағы ең кіші материк. А) Африка Ә Европа Б) Аустралия В) Антарктида 2. Аустралия материгінің жер көлемі А) 7,6 млн. шқ.2 Ә) 7,2 млн. шқ.2 Б) 7 млн. шқ. В) 9 млн. шқ.2 3. Эйр көлінің деңгейі. А)12 Ә)14м Б)8м В)10м 4 Материктің ең биік нүктесі:А) Джая Ә) Косцюшко Б) Джомолунгма А) Сидней Ә) Марлен Б) Клаид В) Канберра 5. Дүние жүзіндегі ең биік ағаш А) Баобаб Ә) Эвкалипт Б) Емен В) Папоротник Үй тапсырмасы: Аустралия. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары» Оқу. Кескін картаға жер бедері мен пайдалы қазбаларын түсіру. Номенклатурасы. | |
Просмотров: 1150 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|