Главная » Статьи » В помощь учителю » География |
Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кенті география пәнінің мұғалімі Схах Камшат Қазақстан топырақтарын классификациялау жүйесі Топырақ – ел байлығы,келешек ұрпаққа топырақты табиғи түрінде сақтап қалдыру біздердің міндетіміз. Елімізде топырақтардың аймақтық таралу заңдылықтары,топырақ жамылғысының ерекшеліктері жетерлік. Топырақтың түзілуімен қасиеттерінің қалыптасуы қоршаған географиялық-экологиялық ортамен тығыз байланысты болып келетіндіктен Қазақстан топырақтарын классификациялаудың негізі экологиялық-генетиалық бағытта құрылған. Қазақстанның барлық топырақтары аймақтық және интрааймақтық топырақтар топтарына бөлінеді.Олар автоморфты,жартылай гидроморфты жіне гидроморфты қатарларға жіктеледі. Аймақтық топырақтарға жекелей ландшафта топырақ түзіліуінің биоклиматтықжағдайына байланысты қалыптасады.Мысалы: қара топырақ,қара-қоңыр топырақ. Интрааймақтық топырақтарға аймақтық топырақ жамылғысы ішінде кездесетін топырақтар жатады.Мысалы: шалғынды топырақ,кебірлер,сортаң топырақ. Автоморфты топырақтар көтеріңкі жазықтықтар мен беткейлерде кездеседі. Жартылай гидроморфты топырақтар сулы жердің 3-5м тереңдігінде қосымша ылғал әсері бар жерлерде қалыптасады. Гидроморфты топырақтар сулы жердің бетіне жақын 1-3м тереңдікте орналасқан. 1.Зерттеу бөлімі Қазіргі кездегі Ақадыр кентінің жағдайы айтарлықтай мәз емес.Себебі,Ақадыр кентінің өзіндік тұрғындарының ойланбастан жасаған іс-әрекеттерінен десе де болады.Сондықтан бұл ластану түрін антропогендік ластануға жатқызамыз.Кентіміздің ластануы жағынан екі құрлымға бөлеміз; 1.Ауаның ластануы; 2.Топырақтың ластануы 1.Қазіргі кездегі ең басты мәселелердін бірі-ауанын ластануы.Ауаны ластанушылардын негізгі көздері: 1. Кара отынның коптеп жануы; 2. Автокөлікліктер шөгінділері; 3. Тұрмыстық қалдықтар. Атмосфераны ластаудың екі типі бар: газдану және тозандану. Газдану-атмосфераға газ тәріздес ластағыш заттардың түсуі.Олардың негізгілері күкірт оксиді,иіс газы,көмірқышқыл газы,азот оксиді,күкіртті- сутек,аммиак,метан,фреондар,т.б.Бұл газдар өз кезегінде қышқыл жауындар, жылыжай эффектісі, озон қабатынын тесілуі,т.б.проблемалар тудырады. Тозандану-атмосфераға ұсақ дисперсиялық сұйықтар мен қатты заттардың түсуінен болады.Бұл заттар ауада зиянды қосылысқа айналады. Бұл жерде кентіміздің ластануына байланысты екі типін де қарастырамыз. 1.1 Атмосфераны негізгі ластаушылар бәрінен бұрын минералды отынды жағудан пайда болады.Қатты отынды жаққанда күйе ,смола,күкірт көміртегі тотығы, шаң (күл)және металлдардын көптеген түрлері (фосфор,қорғасын,т.б,) бөлінеді. Енді жалпы отыннын шығатын жалпы шығынды есептелік. Ақадыр кентінде 2588 үй бар.Оның 2100 үйі пеш жағады,ал қалған 488 үйі өздері кательный (АСО) арқылы жағады. 1) 1 күнде 1 үй=орта есеппен 3 шелек көмір жағады. 1 шелек көмірден 0,5 шелек күл шығатын болса,3 шелек көмірден =1,5 шелек күл шықса.2100 үйден 2100*3=6300 ш. көмір жағады. 1күнде -2100*1,5=3150ш.(2100үй) күл шығады екен. Егер пешті жылына 6 ай жағады десек, онда 6 айда ,3150*(30*6)=567000 ш.күл шығады. Ендігі 488 үйден 6 айда қанша шелек күл шығатынын есептеп көрелік. 1күнде -1 үй =орта есеппен 25ш. көмір шығады.488 үй 1 күнде -488*25 ш.к. =12200ш. көмір шығады. 12200ш. көмірден =12200*0,5 (1ш.көмірден -0,5 ш.күл)=6100ш.күл шығады. 1күнде -6100ш. күл шықса,6 айда -6100*180=1098000ш. күл шығады. Енді жалпыға жылына 2588 үйден 6 айда -567000+1098000=1 665 000шелек күл шығады.1ш. күлден -5 кг күл шығады.Сонда,1665000*5=8 325 000 кг күл =8325тонна күл шығады. Минералды отынды жаққанда одан тек шаң-тозаң ( күл ) ғана шықпайды,одан шыққан түтінді де ескерген жөн.Түтін адамға өте зиянды.Әсіресе кешкілік уақыттағы тұманға түтін араласқандағы улы түтіннің зияны көп.Енді түтіннің қаншалықты мөлшерде зиянды екендігін есептейік.Түтіннің құрамында көптеген газдар бар,соның ішіндегі ең қауіптісі көмірқышқыл газы (СОекі) 2) 1 шелек көмірден -1 күнде -36 кг СОекі газы шығады( 1 кг көмірден =3,6кг СОекі ,1ш.10кг) Сонда 1 үйден 3 шелек көмірден күніне -108 кг СОекі шығады. 2100 үйден -6300 шелек көмір шықса, 1 күнде -6300 ш.к. =36*6300=226800 кг СОекі шығады.Ал 6 айда -226800*180=40824000кг.СОекі =40824 тонна СОекі шығады. Енді 488 үйден қанша шығатынын есептейік. 1 үйден -25 шелек көмірден күніне =25*36=900кг СОекі шығады. 488 үйден -900*488=439200 кг СО екі шығады. 6айда -439200*180=79056000кг түтін =79056 тонна СОекі шығады. Жалпы 2588 үйден 6 айда -40824+79056=119880 т СОекі газы шығады. Ауадағы жүретін химиялық реакциялар түтін тәрізді тұманның пайда болуына әсер етеді.Олар белгілі жағдайларда пайда болады:біріншіден, белгілі бір аймақтың ауасына ша, -тозаң мен газдың көп мөлшерде бөлінуіне байланысты;екіншіден,антициклондық ауа райы жағдайына байланысты ластаушылар атмосфераның жерге жақын жеріне орналасады. 1.2Автокөліктер ластандырушылар қатарынан ерекше орын алды.Жыл сайын автокөліктер ауаға 380млн. тонна көміртегі тотығын,56 млн. тонна көмірсутегін,28млн.тонна азот тотығын таратады.Автокөліктер ауаны қорғасын буымен және резеңке үгінділерімен ластайды.Енді өз есептеулерімді жүргізейін. Ақадыр кентінде 1133 көлік саны бар.Автокөліктер ауаны қорғасын буымен және резеңке үгінділерімен ластайтынын ескерелік.1машина жыл сайын 10 кг -ға жуық резеңке үгінділерін шашады.1 машина =10кг болса, 1133 көлік =10*1133=11330 кг резеңке үгінділерін шашады екен. Сонда 1133 көлік =11330кг резеңке үгінділерін шашады. Көшелердін әрбір шаршы метріне 2,5-3 г-ға дейін қорғасын буын шөгеді.Ақадырдың көлемі -353890 га =3 538 900 000м квадрат. 1 машина =3 538 900 000 м квадрат *3г=10 616 700 000г=10616,7 т қорғасын буын шөксе,1133 машина =10616,7 т *1133=12 028 721,1 т қорғасын буын шөгеді. Атмосфераның түтін және газ қосындыларымен ластануы адам денесінде зиянды заттар тудырады.Ауаның жер бетіндегі қабатын автокөлік шөгінділері мен түтіннен тұратын тұман басады.Күн сәулесі жиналған газдарды фотохимиялық реакция арқылы ыдыратып, түрлі улы қоспалар түзеді. Мұндай кезде адамның көзі аурады,өкпесі улы газға толады, жөтеліп, мазасызданады. 1.3 Тұрмыстық қалдықтардың шоғырлануы проблемасы да барған сайын күрделене түсуде. Батыста біздің заманымыз жайында " қоқыс өркениеті" деген терминнің қолданылуы кездейсоқ емес. Осыдан бірнеше жылдар бұрын кентіміздің жағдайы нашар болатын.Қоқыстардың әрбір жерде шашылып, таралуы кең етек алған болатын. Одан кейін 2007-жылдардан бастап, бұл істі қолға алу шаралары қарастырылды. Солардың бірі қоқыс жәшіктерін әрбір аулаларға бөліп қойды.Оның үстіне әрбір дүкендердің алдарына 2 жәшіктерден орнатылды. Қазіргі кездегі әрбір аулаға бөліп орнатқан жәшіктер саны көше санымен бірдей.Оларды өз кезегінде өз уақытымен тиеп алып кетіп, тазартып отырады. 1 -Кесте Ауаның ластануының негізгі көздері Ластану көздері Ластану мөлшері 1. Қара отынның көптеп 1.Күл 6 айда -8325т-2588 үй жануы 2. Түтін 6 айда -119880т 2588 2. Автокөліктер шөгінділері 1. Резеңке үгінділері 1ж.-11330кг -1133 машинадан 2. Қорғасын буы шаршы метрге -12028721т-1133 машинадан 3.Тұрмыстық қалдықтар Ендігі көріп отырғанымыздай ластағыш заттар агрегаттық күйіне қарай газ тәрізді (иіс газы, көмірқышқыл газы, күкірт ,т.б.)сұйық (шайынды сулар, метанол, этанол,бензол,т.б.)және қатты (күл, қоқыстар) екендігін білдік. Ластағыштардың улылық денгейің де білген жөн.Бұл тұрғыда уылы заттардың 4 классын ажыратады: 1класс - өте қауіпті ; оларға сынап және оның қосылыстары, гексохлоран,бензапирен,диоксиндер, күміс пен хром қосылыстары жатады.Бұл заттар адам организмінде қатерлі ісік,жүйке,т. б. аурулар туғызып,өлімге душар етуі мүмкін. 2класс-қауіпті жоғары; күкіртті-сутек,бензол, азот, оксидтері,хлор оксиді, мыс қосылыстары және никель.Бұлардың ішіндегі біздегі ластағыш-түтін құрамындағы азот оксидтері.Бұл заттар қатерлі ісік,улану,экзема,жүйке жүйелерінің тежелуін туғызады. 3-класс-орташа қауіпті;сірке қышқылы,этанол,фенол,қорғасын диоксиді,альдегидтер.Мұнын ішінен біздегі автокөліктерден бөлінетін-қорғасын диоксиді.Бұл заттардан организмнін кейбір мүшелері ауруға шалдығады. 4-класс-қауіптілігі шамалы;аммиак,иіс газы,көмірқышқыл газы,мырыш хлориді,алюминий,марганец,т.б. Осынын ішінен ең бастысы-иіс газы мен көмірқышқыл газы.Бұлар көп мөлшерде болғанда организмге қауіпті.Ал менің зерттеуім бойынша сәйкес келіп отырған класстар 2,3 және 4-класстар.Демек қарап отырсақ осыншама улы заттардын әсерінен түрлі қорқынышты ауруларға душар болу қаупі өте көп деген сөз.Ал бұның бәрі біздің жергілікті кентіміздегі жағдайлар. Ластағыштарды тіршілік ортасына тигізетін әсеріне қарай да жіктейді. 1.Механикалық ластағыштар-әр түрлі ластағыш заттар биозенозда аумақты орындарды алып,организмдердің тіршілік ортасын ығыстырады.Мұнда кентіміздегі қатты күйдегі тұрмыстық қалдықтар жатады. 2.Химиялық ластағыштар-организмдерде жүріп жататын биохимиялық процестерге қатысып,жасушаларға еніп, олардың қызметін тежейді.Ауаны, топырақты ластаушылар ,яғни түрлі газдар,қорғасын булары,резеңке үгінділері,тыңайтқыштар жатады. 3.Физикалық ластағыштар-жылу,жарық,шу,электромагниттік,радияциялық ластағыштар жатады.Олар организмде биохимиялық реакцияларға қатыса отырып,қаназдық,сәулелік, тұқым қуалаушылық,т.б. аурулар туғызады.Ақжалдан Ақадыр арқылы тасымалданатын рудалардың радияция бөлуі. Сол сияқты металлдарды коррозиядан құтқару үшін тежегіштерді пайдалану немесе автокөліктердің моторына қолданатын денатор т.б.адам өміріне қауіпті улы заттар бөледі. 2. Топырақтың химиялық ластануы топырақта тірі ағзаларға қауіп туғызатын химиялық заттардың жиналуынан ғана пайда болмайды.Кентіміздегі топырақтын ластануы мәселесі жылдан-жылға шиеленісіп келе жатыр.Олардың негізгі көздері: | |
Просмотров: 1631 | Комментарии: 1 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|