Главная » Статьи » В помощь учителю » География |
Сабақтың тақырыбы: Машина жасаудың технологиялық және орналасу факторлары Мақсаты: Оқушылар машина жасаудың экономикадағы рөлін, оның негізгі салаларын орналасу принциптері туралы білім алады. Оқыту нәтижесі: Қазақстандағы машина шығарудың кезеңдерін, орналасу факторларын, географиялық картадан көрсете біледі. Оқу құрал-ы: Атлас карта, ғаламтор, 9 сыныптың оқулығы Оқыту тех-ы: АКТ, СТО, диалогтық оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, «Әткеншек» әдісі Әдіс-тәсіл: Топқа бөлу, диалогтық оқыту, мағынаны тану. Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (5 мин) ІІ кезең – Тұсаукесер «Миға шабуыл» стратегиясы (5мин) V кезең – бағалау кезеңі (3 мин) ІІІ кезең – Негізгі бөлім (20 мин) а) Постер қорғау ә) Сұрақ-Жауап «Иә немесе Жоқ» (6 мин) б. Рефлексия (3 мин) в) Сергіту сәті (2 мин) ІV кезең – үйге тапсырма беру (2 мин) І.Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті мен белсенділігі 1.Тұлғааралық байланысты орнату. 2.Сыныппен амандасу. 3.Машина түрлеріне қарай төрт топқа топтастыру. Теміржол көлігі, жүк көлігі, әуе көлігі, жеңіл көлік түрлеріне қарай топқа бөлу. Мұғаліммен сәлемдесу, сабаққа зер салу. Балалар алдағы бірлескен жұмысқа әзірленеді және сәйкес жағдайға икемделеді. ІІ. Тұсаукесер «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша әрбір топқа сұрақтар қойылады. «Желдеткішті таңда» стратегиясы арқылы топтар таңдап алады. 1.Машина дегенді сен қалай түсінесің? 2.Машина жасау кешені дегеніміз не? 3.Машинаның түрлерін атаңдар. 4.Адам өміріндегі машинаның маңызы. 5.Қазақстандағы машина жасайтын орталықтарды білесің бе? 6.Қазақстанның машина жасау өнімдерін негізгі импорттаушы елдер. 7.Еліміздегі машина жасау саласындағы екі басым бағыттарды ата. 8.Машина жасаудың барлық салаларын бірдей жоғары деңгейде дамыту мүмкін бе? Оқушылар өткен материалды еске түсіріп, жаңғыртуды іске асырады. Әрбір топтан бір-бір оқушыдан жауап береді. ІІІ. Негізгі бөлім «Сандық шаршы» арқылы постер құруға әрбір топтар тапсырманы үлестіріп алады. Әрбір топ мүшелері рет бойынша саналып, шағын жаңа топтар құралады. 1.Машина жасау өнеркәсібі 2.Мамандану – өндірісті ұйымдастыру формасы 3.Икемді технология 4.Машина жасаудың тұтынушылық формасы 5.Мамандану және кооперациялану 6.Машина жасау өндірісінің сатылары Сергіту сәті Қол көтерсем солтүстік, Иіліп сәлем берейік, Топ-топ бассам оңтүстік, Экватор белде деп, Қолды созсам жан-жаққа, Белді бұрай қозғасақ, Көрсетеді бағытты, Сағат тілі Батысқа Батыс пенен Шығысты Жер айналар Шығысқа Оқушылар берілген тапсырманы әрбір топ қарап шығады. Басқа топтарға барып постер құруда өз білімдерімен бөліседі. Уақыт аяқталғаннан кейін өз топтарына оралып, басқа топтың балалары құрып берген постерді аяқтайды. Сұрақ-Жауап «Иә немесе Жоқ» 1.Машина жасау өнеркәсібінің негізгі шикізаты – қара және түсті металдар. (иә) 2.Машинаны жасап шығаруды тек бір кәсіпорында жүзеге асырады. (жоқ) 3.Машина жасау өндірісінде жүздеген машина жасау кәсіпорындары мен өнеркәсіптің басқа салаларының қатысуын қажет етпейді. (жоқ) 4.Машина жасаудың жартылай дайындалған өнім, шыңдау, құю, шығаруды жүзеге асыратын кәсіпорындарды біріктіретін заттық дейтін маманданудың түрі болады. (жоқ) 5.Машина жасаудың машина және жабдықтарды жинақтау және құрастыру үшін қажетті бөлшектер, агрегаттар, өнімдерді шығаратын технологиялық дейтін маманданудың түрі болады. (жоқ) 6. Икемді технология өндірісте жұмыс істейтіндердің санын азайту және ұсынылатын өнімнің әралуандығымен қоса бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. (иә) 7. Машина жасау кәсіпорындарының орналасуына шикізат факторы әсер етеді. (иә) 8. Ғылыми әлеуетке бағдарлану, айтарлықтай озық және күрделі техникалар шығару – тұтынушылық факторы деп аталынады. (жоқ) 9. Машина жасауда әр түрлі металдар, шынының алуан түрлері, пластмасса қолданылады. (иә) 10. Кооперациялау салаішілік және салааралық, өндірістік, өндірістік, ауданішілік және ауданаралық экономикалық байланыстарды қалыптастыруда көрініс табады. (иә) 11. Металды көп қажетсінетін салаларды металлургиялық базаға жақын орналастыру шикізатты жеткізуге шығынды азайтады. Бұл машина жасауда тұтынушылық фактор деп аталады. (жоқ) 12. Машина жасау өндірісі төрт сатыдан тұрады. (жоқ) 13. Машина жасау зауыттары шикізат пен өңдеуші материалдардан басқа отын, ағаш пен басқа материалдарды қажет етеді. (иә) 14. Бөлшектер мен бөліктерді құрастырып, нәтижесінде жаңа машина жасау мүмкін емес. (жоқ) 15. Заттық мамандану кәсіпорны басты кәсіпорын болып табылады. (иә) 16. Технологиялық, топтама және бөлшектік маманданған кәсіпорындар сабақтас кәсіпорын болып табылады. (иә) 17. Машина жасау жеңіл өнеркәсіптің маңызды саласы болып табылады. (жоқ) 18. Икемді технология – машина жасауда инновацияны пайдалану мүмкіндігі жұмысшылар санының аздығы, жүйелі біріккен компьютерлендіру. (иә) 19. Кейбір машина жасау кәсіпорындары қолайлы жол бойларында орналасуын тұтынушылық факторы деп айтамыз. (жоқ) 20. Дайындама өндірісіне құю, металды қалып арқылы дайындау шыңдау жатады. (иә) Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап береді. Білімді қорытындылап, жаратылыс түсінігін анықтап қорытындыға келеді. «Пирамида» әдісі арқылы рефлексия. Тақырыпты бекіту үшін балаларға кесте толтыруға тапсырма беремін. Оқушылар топпен немесе жеке өздерінің ойларын сызып қорғайды. Әр қайсысы бір екі сөйлемнен айтады. ІV Үйге тапсырма: §25 оқу, қосымша мәлімет жазу Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды. V Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Мұғалімді тыңдап, бағаланады. VІ Жалпы сабақы қалай өтілгені туралы оқушылардан сұрақтар алынады. Келесі сабақты қалай жоспарлаған ыңғайлы екенін оқушылардан сұрайды. Оқушылар сұрақтарға жауап береді де өз ойларын айтады. | |
Просмотров: 2021 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|