Главная » Статьи » В помощь учителю » География |
Үлгілі малшы ауылы Абай атындағы “Мектеп- бала бақша” кешені КММ Тапалова Меруерт Каметовна география және өзін-өзі тану пәндерінің мұғалімі География сабағында инновациялық технологияларды пайдалана отырып оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту Заман алға жылжып, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыру өмір талабы. Сондықтан да қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер жаңа технологияны пайдалану жолдары түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы орайда ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің ғылыми - практикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелер - дің бірі болып отыр. Мектепте оқу - тәрбие процесін дұрыс ұйымдастырудың бірден - бір жолы - ғылым негіздерінен білім берумен қатар, сол білімді алуға ынталылықты, яғни оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, өз бетінше ізденуін арттыру. Әрбір мұғалімнің шығармашылық жұмысы белгілі бір мақсатты көздейтіні сөзсіз. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудағы негізгі мақсат - олардың шығармашылық қабілетін дамыту. Ал, бұл мақсатқа жету оқытудың көптеген міндеттерін шешуге мүмкіндік береді, яғни: • жаңа материалды берік және түсініп оқуына; • білімін өз бетімен оқып толықтыруға; • жоғары оқу орындарына жақсы дайындалған талапкерлерді беруге; • сол талапкердің таңдаған мамандығын шығармашылықпен игеруге. Мұғалімнің барлық қабілеті - оның шығармашылық жұмысынан көрінеді. Бұл тұжырым - психологияның негізгі принциптерінің бірі. Оқушының білім алудағы жоғары белсенділігін қалыптастыру үшін оқытудың әдістері мен тәсіл - дерін дұрыс қолдану - оқушылардың танымдық қабілетін дамытудың ең басты құралы болып табылады. Сондықтан да оқушының танымдық дамуын қамтама - сыз ету үшін, оқытудың белсенді әдіс - тәсілдерін жиі қолдану өте қажет. Бірақ түрі әдіс - тәсілдерді пайдаланғанда, оқушының бойында танымдық қабілеттің бар - жоғын ескеру қажет. Күрделі танымдық тапсырмаларды тек ғана қабілеті жоғары оқушыларға беру керек. Таным қабілетінің дамуына сай емес, оқушының мүмкіндігінен жоғары тапсырмалар, оқушының өз қабілеті мен күшіне деген сенімін жояды. Олай болса, оқушының танымдық қабілетін дамыту – ұзақ үрдіс деген қорытындыға келуге болады. Ол үшін мұғалімнің жұмыс жүйесі біртіндеп, жоспарлы және көздеген мақсатқа жетуге бағытталған болуы қажет. Баланың белсенділігі – бұл оның өмірлік қажеттілігінің көрінісі. Адамның жасайтын кез - келген іс - әрекеті, оның физикалық және рухани күштерін белсенді қалыпқа келтіреді. Сондықтан сабақ кезіндегі оқушы белсенділігі оның әртүрлі іс - әрекеті кезінде көрінеді. Кейбіреуінде қозғалыс белсенділігі, ал кейбіреуінде рухани интеллектуалды белсенділік жақсы дамыған болады. Бірақ жеке тұлға жан - жақты қалыптасуы үшін оның бойында белсенділіктің барлық түрі көрінуі керек. Оқушы белсенділігі тұлғаның қалыптасуының барлық кезеңдерінде дамиды. Психологиялық - педагогикалық зерттеулердің көрсетуі бойынша белсенділіктің бірнеше деңгейі анықталған, мысалы: ● көшірмелі еліктеу белсенділігі; ● ізденгіш - орындаушылық белсенділігі; ● шығармашылық белсенділігі. Оқушы белсенділігінің әртүрлі деңгейіндегі түрлеріне талдау жасау мұғалімге уақыттың әрбір аралығында оқушы қай деңгейде жұмыс жасап отырғанын білуге елеулі көмек береді. Бір сыныптағы оқушылардың танымдық қызығушылық деңгейі олардың жеке дамуына байланысты әртүрлі болады: ● қарапайым деңгей - бұл, оқушының сабақта берілетін жаңа мағұлматтарға, қызықты құбылыстарға қызығушылығы; ● орташа деңгей - бұл, оқушының заттар мен құбылыстардың қасиеттерін білуге, оның көзге көрінбейтін негізгі құрамын білуге деген қызығушылығы. Бұл деңгей бар алған білімін пайдаланып, ізденуді, жорамалдап табуды қажет етеді. Бірақ бұл қызығушылық жекелеген фактілерді ғана қамтиды. Баланың санасы оның заңдылығын анықтауға әлі де болса жетпейді. Зерттеулер көрсеткендей бұл саты, теориялық жағынан әлі жетілмеген төменгі сынып оқушыларына тән; ● жоғары деңгей - оқушының себеп - салдарлы байланыстың заңдылықтарын білуге, құбылыстардың әртүрлі ортадағы әсерінің жалпы заңдылықтарын анықтауға деген қызығушылығы. Оқушылар бойында танымдық қызығушылықты қалыптастырудың әдістерін пайдалану үшін мынадай оқу моделін алған тиімді: • Ой шақыру • Мәнін ұғыну • Ой толғау Мысалы: 7 сыныптағы сабақ барысында 1492 жылдан Атлантиканы кесіп өткен саяхатшылардың тізімін жасауға тапсырма беріп, оқушылардың бұрын алған білімдерін естеріне түсірдім. Бұл тізімді сабақта алған білімдерімен салыстырып жазуды сұрап, жаңа алған білімнің мәнін ұғуға жетеледім. Сөйтіп өз білімімен жаңа берілген білімнің ішінен негізгісін алып, өз беттерінше қорытындылауға мүмкіндік бердім. Сабақ соңындағы 10 минуттық эссе жазу, оқушылардың ойларын жалғастыруға Х. Колумб туралы бұрыннан білетіндерін жаңа игерілген материалдармен қосып, ой толғау жасауына мүмкіндік берді. І. Ой шақыру сатысы: ● Бірінші әдіс: Жұптасқан миға шабуыл Екі оқушы берілген тақырып бойынша білетіндерінің тізімін жасайды. Уақыт 5 минут. Бұл көп оқушының әсіресе өз ойын жеткізіп айта алмайтын оқушылар үшін үлкен көмек. Көбіне жолдастарымен пікір алысу арқылы ол өзіне деген сенімділік пен бүкіл сынып оқушылары алдында жеңіл шыға алады. Жұппен жұмыс көп оқушыны бағалауға мүмкіндік береді. ● Екінші әдіс: Негізгі сөздер Мұғалім мәтіннен 4 - 5 негізгі сөздерді таңдап, дәптерге жазуларын сұрайды. Жұптарға 5 минут беріліп, миға шабуыл тәсілімен осы сөздің мағынасын ашуға жұмыстанып, ортақ қорытындыға келгесін, осы мағынада қолданылып тұр ма, мәтінмен салыстырып оқуларын сұрайды. ● Үшінші әдіс: Кластерлерге бөлу. Ең алдымен тақтаның ортасындағы дөңгелекке немесе дәптердің ортасына сөз не сөйлем жазу сұралады. Мысалы «Марко Поло» деген сөз. Сосын «ол не істеді?» деген сұрақ тастауға болады. Ол сөзді оң жағына дөңгелекшенің ішіне жазып негізгі сөзбен екеуінің арасын тіке сызықпен қосамыз. Енді біз оқушыларды оның не істегені туралы өз көзқарастарын айтуға шақырамыз. Бұл пікірлерді «ол не істеді» деген дөңгелектің айналасына топтастырып, жаңа дөңгелектерге жазып онымен қосуларын сұраймыз. Егер оқушы «ол саяхатшы болған» десе, «саяхатшы» деген сөз жаңа дөңгелекшеге жазылады. Егер оның саяхаты туралы жаңа мәлімет (қайда барды және т. с. с) болатын болса, онда ол сөздер «саяхатшы» сөзінен айналып жүретін серік - сөздер болады. Оқушылар кластерді орналастырып болған соң, олардан қай жерде ақпарат аз екенін көрсетуді сұраймыз. Егер олар бір нәрсеге күдіктенсе, сол жерге үлкен сұрақ белгісін қою керек. Содан соң ненің дұрыс болғанын, қай жері дұрыс емес екенін, қандай тұстары анықталды соған көңіл бөлуін сұраймыз. Оқушылардың танымдық қабілетін жетілдіретін ең кең тараған, ең байырғы тәсілдердің бірі - мұғалімнің сұрақ қоюы. Бірақ мұғалім сұрағы оқушының тақырыпты игергенін тексеру құралы ретінде емес, оқушының білім қорын анықтайтындай дәрежеде қойылуы керек. Осы тұрғыда мен өзім сабақ беретін сыныптарымда «Ол кім? Бұл не?» немесе «Неге? Қалай? Қашан?» деген сұрақтарды жиі пайдаланамын. Мысалы, 7 сыныптарда әрбір материктерді оқып болғаннан кейін «Ол кім? Бұл не?» сұрақтарын пайдаланамын. Ол үшін оқушыларға кім, не деген сұрақтарға жауап беретін сөздер беремін, олар оның жауабын айтып отырады. Солтүстік Америка материгі үшін: Колорадо -? Бизон -? Үндістер -? Йеллоустон -? Маккензи -? Прерии -? Тундра -? Секвойя -? Оттава -? Колумб -? т. с. с. География пәні ең қызықты, оқушылардың белсенділігін, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндігі жоғары пән. Дегенмен әрбір сыныптың танымдық қызығушылығының тәжірибесі мен даму дәрежесі әртүрлі. Ал әрбір сыныптағы әдіс пен тәсіл оқушылардың танымдық қызметінің белгілі бір деңгейіне есептелінеді. Сондықтан да оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту үшін сәйкес оқыту әдісін таңдай білу керек. | |
Просмотров: 1468 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|