Главная » Статьи » В помощь учителю » География |
Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Бодене орта мектебі Акежанова Гульбаршин Куспековна – география пәні мұғалімі Тақырыбы: Оңтүстік Американың ішкі сулары. Мақсаты : Оңтүстік Американың өзен мен көлдеріне түсінік бере отырып, ішкі суларының орналасу ерекшеліктерін анықтау. Білімділік: оқушылардың өздігінен ойлауға, қорытынды жасауға теориялық білімдерін қолдануға жағдай жасау. Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: өзен-көлдерді ластанудан қорғауға тәрбилеу. Болжамдап отырған нәтиже: Оңтүстік Американың ішкі суларымен танысқан тұлға. Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы. Пән аралық байланыс: тарих, математика, қазақ тілі,биология. Негізгі ұғымдар:Амазонка, Парана, Ориноко, Магдалена, Игуасу, Анхель, Титикака. Сабақтың көрнекілігі: Оңтүстік Американың физикалық картасы, слайд,суреттер, смайлик,тірек-сызба Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.Топ топқа бөлу. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1. Сұрақ-жауап.( екі топқа бөлу,дұрыс жауапқа смайлик тарату ) 1. Оңтүстік Американың климат қалыптастырушы факторлары. 2. Субэкваторлық климаттық белдеу? 3 . Қоңыржай климаттық белдеу? 4. Тропиктік климаттық белдеу? 5. Экваторлық климаттық белдеу? 6. Субтропиктік климаттық белдеу? ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Әңгіме-дәріс. Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады. Оңтүстік Американың батысы Атлант және Тынық мұхит арасында басты суайрық болғандықтан Атлант мұхитына құяды. Картб теңізіне құятын өзендер:Парана, Ориноко, Магдалена. Өзен басталар бөлігінде үстірттен құлап ағатындықтан бірнеше сарқырама жүйесі орналасқан. Көлдері онша көп емес. Техтоникалық ірі көлі-Титикака.Ориноко өзенінің бір саласында Анхель сарқырамасы орналасқан. 2. Тірек-сызбамен жұмыс. Тірек-сызба арқылы Оңтүстік Американың өзен алаптарын түсіндіру. Оңтүстік Американың өзен алаптары Ішкі тұйық алап Анд тауларының тауаралық үстіртті бөлігінің өзендері жатады. Атлант мұхиты алабы Тынық мұхиты алабы Амазонка, Парана, Ориноко, Магдалена т.б. өзендер жатады. Анд таулары- ның батыс беткейінен басталатын мол сулы қысқа өзендер ғана құя 3. Топтастыру. Топтастыру арқылы Оңтүстік Американың ірі сарқырамаларын түсіндіру. Анхель Игуасу 4. Кестемен жұмыс. Кесте арқылы Оңтүстік Американың көлдерін түсіндіру. Титикака Анд тауындағы ірі тектоникалық көл. Поопо Титикаканың оңтүстігінде орналасқан, жазда кеуіп қалатын тұзды көл. Маракайбо Материк жағалауынан мұхиттан бөлініп қалған лагуналық көл. Қорытындылау. IV. Жаңа сабақты бекіту. 1. Сұрақ-жауап. 1. Оңтүстік Американың өзендері? 2. Оңтүстік Американың көлдері? 3. Оңтүстік Американың сарқырамалары? 4. Оңтүстік Американың жер асты сулары? 5. Оңтүстік Американың қазіргі заманғы мұз басуы? 6.Оңтүстік Американың өзен, көл суларының экологиялық проблемасы. V. Қорытындылау, бағалау. VІ. Үйге тапсырма беру. Үйге: Оңтүстік Американың ішкі сулары.Ішкі суларының картасын сызып келу. | |
Просмотров: 1477 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|