Главная » Статьи » В помощь учителю » География |
География Сынып: 6 Сабақтың тақырыбы: Мұхит ағыстары Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға мұхит ағыстары және олардың пайда болу себептері жайлы білім беру. Дамытушылық: Кескін картаға тұрақты ағыстарды түсіру арқылы оқушылардың карта, глобус, кескін карталармен жұмыс істеу біліктерін одан ары дамыту. Тәрбиелік: Су ағыстарының шаруашылықта пайдаланылуы туралы білім беру арқылы табиғат суын қорғау мәселелерін қарастыру. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас Номенклатура: Лабрадор ағысы, Гольфстрим ағысы, Батыс желдер ағысы, Куросио ағысы, Шығыс Аустралия ағысы, Солтүстік Атлант ағысы Сабақтың кезеңдері: • Ұйымдастыру кезеңі • Үй тапсырмасын тексеру кезеңі • Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі • Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі • Сабақты қорытындылау кезеңі • Бағалау кезеңі • Үйге тапсырма беру кезеңі Сабақтың барысы I.1.Үйымдастыру кезең II.2.Үй тапсырмасын тексеру Өткен сабақта салған постер арқылы жұмыс 1Толқын деген не ? 2.Толқын қалай пайда болады ? 3.Толқын қандай элемементтерден тұрады ? 4.Толқынның күші неше балмен есептеледі ? 5.Цунами деген не ? 6.Толысу мен қайту ненің әсерінен болады ? 7.Қандай елдер және не үшін толысу мен кайту күшін пайдаланады ? III. Жаңа сабақ 1.шөлмек поштасы туралы не білесіңдер ? Ол неге негізделген ? Сыныпта 8оқушы жұпқа бөліп жаңа сабақты оқытамын . 2.жалпы сыныппен жұмыс : Оқулықтың 123 бетіндегі мұхит ағыстары картаны ( 85суретте ) қарап талдау . Жаңа тақырып бойынша жұпқа бөліп оқулықта берілген 41параграфпен жұмыс жасау : 3.1 Бірінші жұп( Қабылбол мен Ерғанат )-Ағыстардың пайда болу себебі 3.2 Екінші жұп(Әділжан мен Заманай ) -124беттегі мәтін ең ірі ағыстарды сипаттау 3.3 Үшінші жұп Мейрамхан мен Нұрболат )-Ағыстардың адам өміріне әсері (пайдасы мен зиянды жағы ) 3.4.Төртінші жұп Ұлан мен Женісбек ) -кесте толтырады № Мұхит аты Судың орташа температурасы Жылы ағыстар Суық Ағыстар 1 Тынық мұхиты 19,4 С 2 Атлант мұхиты 17,3 С 3 Үнді мұхиты 16,5С 4 Солтүстік мұзды Мұхиты -1 С IV .Пысықтау ,кезеңі 1.Оқушылар өзара дайындалып оқулықтан білгенін ортаға салады 4.жұп білгенің басқаларға баяндайды . 2.Картамен жұмыс :атағанды картадан көрсет. 1.Ең үлкен жылы ағыс (Гольфстрим ) 2.Ең үлкен суық елдер ағысы (Батыс желдер ағысы ) 3.Жер шарындағы ең үлкен мұхит (Тынық ) 4.Мұхит суының орташа тұздылығы(37 промилле ) 5.Су астындағы жанартаудың ,атқылауынан туатын толқын қайда таралған (цунами ) 6.Картада жылы ағыстар қандай түспен беріледі ?( қызыл түспен ) 7.Дүниежүзілік мұхит неше бөліктен тұрады ?(4) 8.Жер шарындағы ең терең мұхит шұнғымасы (Мариан ) V.Сабақты қорытындылау кезеңі Мұғалім толықтырады VI.Бағалайды :өз ара - мұғалім VII .Үйге тапсырма береді :1.параграф 41 мұхит ағыстары . 2.Кескін картаға ағыстарды белгілейді 3Өздерінің қалауларың бойынша бойынша 1суық ,1жылы ағысқа сипаттама беріңдер | |
Просмотров: 1709 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|