Главная » Статьи » В помощь учителю » География |
Сыныптан тыс іс-шара «Мың бір мақал ,жүз бір жұмбақ » Сыныптан тыс іс- шарар ретінде өткізу себебі табиғат туралы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар арқылы табиғат пен табиғи құбылыстарға деген қызығушылығын арттыру .Отан мен туған ауылға деген сүйіспеншілігін арттыру мен оқушылардың тілін дамыту .Адамның бойында ананың ақ сүтімен бірге сінетін күнделікті сөйлеп жүрген тіліміздің саналуан сырларға толы екені белгілі .Тіл өнеріне тереңірек үңілген адам ғасырлар қойнауынан сыр тартып ,ел мен жер ,туған өлке тарихынан мол дерек табады . Тілін ,елін ,табиғатын силаған ,сүйген адам өз елінің нағыз патриоты ,қорғаушысы мен дамытушысы болар екені еш бір күмәнсіз . Сыныптан тыс жұмыс . Мың бір мақал ,жүз бір мақал 1кезең .Мақал-мәтел сайысы .Бұл кезеңде бірінші команда кез келген мақалдың басын айтады ,екінші команда жалғасын айту керек .әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі . 1-команданың мақалдары . 1.Еңбек етсең ерінбей ,тояды қарның тіленбей 2.Бір тал кессең,оң тал ек . 3.Бұлақ көрсең көзін аш ,құдық көрсен 4.тау бұлағымен көрікті ,бұлақ құрағымен көрікті . 5.Сұлы жер –нұлы жер 6.Ұлтарақтай болсада ,ата қоныс жер қымбат ,ат төбеліндей болсада туып өскен ел қымбат 7.Бабалар еккен шынарды балалары саялайды 8.Арманымен ер сұлу ,орманымен жер сұлу 9.жері байдың елі бай 10.Қара жерге не ексен ,соны орасаң ,табиғаттан алсаң-қарыз боласың. 2.команданың мақалдары . 1.Орман –ел дәулеті ,жер сәулеті 2.Атаңңнан мал қалғанша , тал қалсын 3.Дала көркі –мал ,өзен көркі –тал . 4.Ер –елдің көркі ,орман –тоғай –жердің көркі 5.Тау кезеңсіз болмас ,өлке өзенсіз болмас 6.Сулы жер құрақсыз болмас ,тау бұлақсыз болмас 7.Таза ауа ас емес ,астан бірақ пәс емес 8.Көк құрақ-көлдің сәулеті,құс пен аң –елдің дәулеті . 9.Бір тал ағаш өсірсең ,еңбегіңнің жанғаны ,абзал адам өсіргең –басыңа бақ қонғаны . 10.Су анасы-бұлақ . 2 кезең . жұмбақ жасырып жарысу Екі команда мүшелері бір-біріне алдын ала дайындап келген жұмбақтарын қойып жарысады .әрбір дұрыс жауақа 5ұпайдан беріледі . 1команданың жұмбақтары. Күн астында көк шұбар Одан асау жоқ шығар , жарытпайды ол қоныстап Тұра алмайсын оны ұстап (Өзен ) Ақтан қара өтінді Шимайлай бер бетімді (сынып тақтасы ) Жарқылдаған соң жанағы, Суға бөкті бар алап . Көкте түрлі жолақты , Өрнек тұрды ғаламат (кемпірқосақ ) Жазда жатсаң көленкесіне алады Қыста жақсаң жаның рахат табады .(ағаш ) Әуеде ақ мамық Қалбақтап ұшады Қанты талып , Жерді барып құшады .(қар ) 2-команданың жұмбақтары Бар ма ,жоқ па онық анық білмейсің Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа ) Ашуланып бұртиды ,ашушаң ақымақ, Ауызы көпіріп құтырды ,кез келгенді ұшырды .(құйын ) Аумағын қар ,жаумаған қар , Таңертең бар ,сәскеде жоқ (қырау ) Қанатсызқұс барады Көзінен жас тамып барады (бұлт ) Орманнан жалпақ даладан , Бал іздеп бір ан жартады Кіп-кішкене арадан Үп-үлкен боп қорқады . (аю ) 3кезең жүздең жүйрік,мыңнан тұлпар. Жеңіске жеткен командаалдын ала дайындаған тапсырмаларға жауап береді .егер дұрыс жауап берсе барлық жинаған ұпайлары екі еселенеді . ....Үйден көрінсе ,үш айдан тоқсан қысың бар , ...іңірде жамбасқа келсе ,жаз шықпаған несі бар (Үркер ) | |
Просмотров: 1374 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|