Главная » Статьи » В помощь учителю » География |
Класс: 11 «Ә» Күні: 10.12.2014 ж. Сабақтың тақырыбы: Италия Сабақтың мақсаты: Италияның экономикалық – географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы, шаруашылығы, сыртқы байланыстары туралы толық мағлұмат беру. Сабақтың міндеттері: 1.Білімділік: Италияның экономикалық – географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы, шаруашылығы, сыртқы байланыстары туралы толық мағлұмат беру. 2. Дамытушылық: Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне, т.б. үйрету. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету. Сабақтың типі: пресс-конференция Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, СТО әдістері, тест, кесте Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих, бейнелеу, музыка Сабақтың көрнекілігі: дүниежүзінің саяси картасы, презентация, видео, слайд арқылы жасалған суреттер көрсету. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгелдеймін.Балалардың кітап құралдарын тексеремін. Оқушылардың ынтасын сабаққа аударамын. Мұғалім: Оқушылар! Италия Республикасы – Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізіжағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 301,2 мың км2. Халқы – 57,5 млн. адам (1998). Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі – италия тілі. Халқы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Рим қаласы (2,8 млн.). Бұған қоса Милан (1,6 млн.), Неаполь (1,2 млн.), Турин (1,1 млн.), т.б. ірі қалалар бар. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марино) орналасқан. Әкімшілік-территориялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5-еуінің (Сицилия, Сардиния, Трентино-Альто-Адидже, Валле Д’Аоста, Фриули-Венеция-Джулия) ерекше автономиялық мәртебесі бар. Жүргізуші: Қайырлы күн! Бүгінгі пресс конференцияға қош келдіңіздер! Пресс конференцияға Италия жеріне Қазақстандық БАҚ өкілдері келіп отыр. Олар: «Ақтөбе», «Егемен Қазақстан», «Айқын», «24 kz». Сонымен пресс конференциямызды бастаймыз. Қазақстаннан келген БАҚ өкілдері сұрақтарыңызды қоя беруіңізге болады. Корреспондент: Мемлекеттік рәміздері ерекше боп көрінеді. Мемлекеттік туы мен елтаңбасы нені бейнелейді? Мемлекеттік рәміздері: туы, елтаңбасы мен әнұраны «Инно ди Мамели» - inno di Mameli әні Италия мемлекетінің ұлттық әнұраны болып табылады. Бұл әнұран Генуе жерінде 1847 жылдың күзінде пайда болды, Сөзін Гоффредо Мамели атты 20 жасарлық студент жазған, ал музыкасының авторы Микеле Новаро. Австриямен соғыс кезінде патриоттық сезімді күшейту жазылған. Мемлекеттік туы – триколор, тік бағыттағы жасыл, ақ және қызыл жолақтарынан тұрады. Тудағы жасыл түс үмітті, ақ – сенім, қызыл – сүйіспеншілікті білдіреді. Мемлекеттік елтаңбаның авторы Паоло Паскетто, 1946 и 1947 жылдары өткізілген бүкілхалықтық сайыста бірінші орын алып, ұнаған эмблема боп табылады. Корреспондент: Италияның экономикалық географиялық орнының ерекшелігі неде? Экономикалық-географиялық орны: Италия Республикасы – Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 301,2 мың км2. Халқы – 57,5 млн. адам (1998). Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі – италия тілі. Халқы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Рим қаласы (2,8 млн.). Бұған қоса Милан (1,6 млн.), Неаполь (1,2 млн.), Турин (1,1 млн.), т.б. ірі қалалар бар. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марино) орналасқан. Әкімшілік-территориялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5-еуінің (Сицилия, Сардиния, Трентино-Альто-Адидже, Валле Д’Аоста, Фриули-Венеция-Джулия) ерекше автономиялық мәртебесі бар. Облыстар 94 провинцияға бөлінеді. Италия – парламенттік республика. 1948 жылы қабылданған конституция бойынша елді Президент басқарады (1992 жылдан О.Л. Скальфаро). Ол 7 жыл сайын қос палаталы парламент депутаттары мен облыстардан келген өкілдердің бірлескен жиналысында қайта сайланып отырады. Заң шығарушы орган екі палатадан: Республика сенаты (372 сенатор) мен Депутаттар палатасынан (630 депутат) тұрады. Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында. Ұлттық ақша бірлігі – лира. Ұлттық мерекесі маусымның алғашқы жексенбісі – Республиканың құрылған күні (2 маусым, 1946). Корреспондент: Италияның орналасуы өте ерекше екен. Ал табиғаты да сондай әсем бе? Табиғаты(таулары, өзендері, жазықтары, климаты): Италия қоңыржай белдеудің орманды аймағы (Солтүстік) мен субтропиктік белдеуде (Оңтүстік) орналасқан. Жерінің 4/5 бөлігі – тау мен қырат. Ең биік жері – Монблан шыңы (4807 м) Альпі тауында ондаған ірі мұздықтар бар. Альпінің оңтүстігіндегі Падан жазығы Апеннин тауына жалғасады. Оңтүстігінің қиыр шеті – Калабрия тауы. Аралдарының көбі таулы, жанартаулы келеді. Орта және Оңтүстік Италияда жер сілкінісі болып тұрады. Климаты, негізінен, субтропиктік: жазы ыстық, қуаң, қысы жылы. Шілдедегі орташа температура 20 – 22°С-тан (солтүстікте) 28°С-қа дейін (оңтүстікте), қаңтарда 0°С-тан (солтүстікте) 12°С-қа (оңтүстікте) дейін. Альпінің жоғарғы жағында қыста –15 – 20°С аяз болады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 500 мм-ден (Сицилия, Сардиния) 3000 мм-ге (Шығыс Альпі, Солтүстік Апеннин таулары) дейін. Елдің басты өзені – По(ұзындығы 652 км) (Рим қаласы осы өзеннің жағасында орналасқан), үлкен өзендер қатарына Адидже, Брента, Рено, Арно, Тибр, т.б. жатады. Ірі көлдерінің көпшілігі (Гарда, Комо, т.б.) Альпі тауында орналасқан. Корреспондент: Қандай таулар бар? Өзендері мен көлдері жайлы да білгіміз келеді. Жері құнарлы қоңыр топырақты және шалғынды. Альпінің 800 м-ге дейінгі биіктіктерінде жалпақ жапырақты (емен, үйеңкі) ормандар, ал онан жоғары қарай шамшат және қылқан жапырақты ормандар, ал ең жоғарғы бөлігінде субальпілік шалғындар өседі. Падан (По) жазығында егіншілік жақсы дамыған. Апеннин тауы мен Сицилия, Сардиния аралдарында мәңгі жасыл шық тоғайлар, емен, шамшат ағаштары өседі. Альпі және Апеннин тауларында тау ешкі, жабайы мысық, сусар, күзен, абруц аюы кездеседі. Италияда 400-ге тарта құс мекендейді. Көрші теңіздері балыққа бай. Корреспондент: Табиғат ресурстарының потенциалы қандай? Табиғат ресурстары: Пайдалы қазбалары: тас көмір, лигнит, мұнай, табиғи газ, қорғасын, темір кентасы, күкірт, т.б. Сынап кенінің табиғи қоры жағынан ел дүние жүзінде Испаниядан кейін 2-орында. Корреспондент: Естуімше, Италия «үлкен жетілікке» кіретін алпауыт мемлекет. Соған қарағанда экономикасы да осал емес! Экономикасына кіріспе: Италия – әлемдегі аса жоғары дамыған жетекші елдердің бірі. Ұлттық табыс көлемі (1146,2 млрд. АҚШ доллары, 1997) жағынан дүние жүзінде АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Франциядан кейін 6-орында, оны жан басына шаққанда 3-орында. Экономикадағы өнеркәсіп үлесі – 35,6%, ауыл шаруашылығы – 3,9%, қызмет көрсету – 60,5%. Халқының 70%-ы – қызмет көрсету, 22%-ы – өнеркәсіпте, 8%-ы – ауыл шаруашылығында жұмыс жасайды. Экономикасында шет ел капиталының үлесі үлкен. Экономикасындағы негізгі салалары: машина жасау, автомобиль жасау, тамақ, химия, тігін, металлургия, т.б. Соңғы жылдары роботтар мен электронды жабдықтар өндірісі тез дамып келеді. Ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде. Астық өнімдерінен бидай, жүгері, күріш (Еуропада 1-орында), оған қоса жеміс-жидек, жаңғақ, жүзім (90%-ы – шарап жасауға жұмсалады), помидор өсіріледі. Еуропалық одақтың талабы бойынша мал шаруашылығы аса дамытылмай, көбінесе, сүтті және етті мүйізді ірі қара өсіріледі. Теңіз саудасы жақсы дамыған: экспорттың 60 – 65%-ы, импорттың 80 – 90%-ы сауда флотының үлесінде (жүк тасу мөлшері бойынша әлемде 10-орында). Корреспондент: Итальяндықтар өте қызуқанды, жалпы, ұлттық құрамы қандай? Халқы: . Халқы – 57,5 млн. адам (1998). Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі – италия тілі. Халқы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Этнический состав населения: итальянцы — 98%, греки, фриулы — 1,9%. Кроме того, в стране живет 300 тыс. австрийцев, 120 тыс. албанцев, 100 тыс. словенцев, 90 тыс. французов, 50 тыс. евреев и др. Государственный язык: итальянский (Индоевропейская семья, Романская группа, Итало-романская подгруппа). В отелях, ресторанах, туристских центрах, как правило, можно объясниться на английском и французском языках. Немецкий язык понимают на горнолыжных курортах и на курортах северной Адриатики. Любые, даже самые неловкие, попытки объясниться по-итальянски будут встречены с энтузиазмом. Религия: 98% итальянцев — католики. На данный момент страна находится на четвёртом месте по населению среди стран Европейского союза и на 23-м месте среди стран всего мира. Плотность населения составляет 199,2 человека на кв. километр — пятое место в Евросоюзе. Наиболее высокая плотность в Северной Италии, где проживает почти половина всего населения страны. Тип воспроизводства — первый. Корреспондент: Білім беру саласы туралы не айтар едіңіздер? Білім беру: Начальная школа - с 6 до 11 лет Начальная школа подразделяется на 2 ступени — scuola elementare 1 и scuola elementare 2. Обе эти ступени являются бесплатными для всех. По окончании начальной школы учащиеся сдают письменный и устный экзамены. По их результатам выдаётся аттестат об окончании начальной школы (diploma di licenza elementare).На этом этапе изучают чтение, письмо, рисование, арифметика, музыка - эти предметы являются обязательными, по желанию изучается лишь религия. Учебные планы обычно включают также изучение одного иностранного языка. Средняя младшая школа (scuola media) - с 11 до 15 лет На этом этапе школьники изучают итальянский язык, историю, географию, математику и естественные науки, иностранный язык, искусство и музыку. Средняя старшая школа - с 15 до 18-19 лет Высшее образование - с 18-19 лет Система высшего образования Италии представлена университетами, техническими университетами, университетскими колледжами и академиями. Корреспондент: Италияның ұлттық тағамы қандай? Ұлттық тағамы: спагетти Корреспондент: Италияндықтар өнерлі халық екеніні білеміз, әдебиеті жөнінде мәлімет айтсаңыздар... Әдебиеті: Италия әдебиетінің ежелгі фольклоры сақталмаған. Орта ғасырлардағы Италия әдебиеті Рим империясы құлағаннан кейін 6 – 12 ғасырлар аралығында латын тілінде пайда болды. Осы кезде Рим шіркеуінің өкілдері Дж. да Плано Карпинидің (1182 – 1252), Марко Полоның (1254 – 1324) Орталық Азияға жасаған саяхаттары туралы жол жазбалары дүниеге келген. Ұлттық диалектілерде жазылған әдеби ескерткіштер 12 ғасырдың аяғы мен 13 ғасырдың басында туды. Италия әдебиетінің біртұтас әдеби тілін қалыптастырушы Данте Алигьери (1265 – 1321) болды. Оның негізгі шығармалары – “Жаңа өмір” (1292) повесі,“Құдіретті” комедиясы (1321), т.б. туындылары дүние жүзі әдебиетінің алтын қорына қосылды. Қайта өрлеу дәуірі кезіндегі Италия әдебиетінде ақынФ.Петрарка (1304 – 1374), Дж. Боккаччо (1313 – 1375) шығармалары көрнекті орын алды. 15 ғасырда ежелгі дәуірді зерттеуші ғалым-жазушы Дж. Ф.П. Браччолини (1380 – 1459) мен Л. Валланың (1407 – 1457), т.б. латын тілінде жазылған шығармалары жазылды. 16 – 17 ғасырларда Ф.А. Ариостоның (1474 – 1533) “Қаhарлы Роланд” поэмасы, Н.Макиавеллидің (1469 – 1527), П.Аретиноның (1492 – 1556), Дж. Бруноның (1548 – 1600) сатиралық комедиялары, Т.Тассоның (1544 – 1595) “Аминта”, Б.Гваринидің (1538 – 1612) “Сенімді бақташы” атты драмалары жазылды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында Италия әдебиеті дәстүрлі гуманистік бағытынан айныған жоқ. Фашистік билік үстемдік жүргізген жиырма жыл ішінде Италия әдебиетінің көптеген өкілдері әлеуметтік тақырыптар мен реалистік дәстүрден ажырап қалды. Дж. Джерманетто, Ч.Павезе, Э.Витторини, т.б. ақын-жазушылар өз шығармаларында фашистік кезеңнің ауыр зардабын суреттеп көрсетті. 20 ғасырдың 60-жылдарындағы Италия әдебиетінде жаңа ізденістерден туған күрделі шығармалар жарық көрді. Бұл ретте Моравияның әлеуметтік-психологиялық романдарын (“Чочар”, 1957; “Автомат”, 1963, т.б.), Италия Кальвиноның (1923 жылы т.) повестерін, Г. Паризенің (1929) сатиралық романдарын (“Үй иесі”, 1965), т.б. жазушылардың шығармаларын атауға болады. Италия әдебиеті дүниежүзілік мәдениетте көрнекті орын алады. Италия әдебиетінен К.Гольдонидың “Екі қожаға бір қызметші” комедиясы (1948), Э.Амичистің “Апенниннен Анды тауларына” атты әңгімелер жинағы (1959), А.Дантенің “Құдіретті комедиясын” (“Тамұқ” атты бөлімі, 1971); Р.Джованьолидің “Спартагі” (1951, 1972); С. Марчтің “Күн сайын әр не жоғалмағы” (1971), т.б. қазақ тіліне аударылды. Корреспондент: Музыка өнері ше? Музыкасы: Италияның музыкалық фольклорының алғашқы ноталық үлгілері 13 – 14 ғасырда жазылған. Италия халық музыкасының ерекшелігі әуенінің саздылығы мен би ырғақтарының алуан түрлілігінде. Италия – опера, оратория, кантата, дербес оркестрлік музыканың, орган үшін жазылған пьесалардың, увертюралармен симфониялардың, кончерто гроссо, соната, т.б. жанрлардың отаны. Алғашқы невмадан бастап, осы күнгі нота жазу үлгісі (Гвидо д’Ареццо, 992 – 1050) де Италияда пайда болды. О.Петруччи (1466 – 1539) нотаны алғаш басып шығарса, Б.Кристофори (1655 – 1731) фортепианоны ойлап тауып, Дж.Царлино (1517 – 1590) гармония ғылымының негізін қалыптастырды. 16 – 18 ғасырларда дүние жүзіндегі ең жақсы скрипкалар (Амати, Гварнери әулеттері, А.Страдивари) осы елде жасалды. 18 ғасырда Аполитан опера мектебінің негізі салынды, бельканто өнері гүлденді. 18 ғасырдағы Италия А.Вивальди, Д.Скарлатти (1685 – 1757), Л.Боккерини (1743 – 1805), Дж.Саммартини (1701 – 1775), т.б. композиторлардың, ұлы скрипкашы Н.Паганини және фортепьянолық сонаталар мен этюдтардың авторы М.Клементидің (1752 – 1832) шығармашылығы әлемге танылды. 19 ғасырда Дж.Россини, В.Беллини (1801 – 1835), Г.Доницетти (1797 – 1848), Дж.Верди сынды композиторлар опералық шығарманың атақты шеберлері атанды. 19 ғасырдың аяғында Италия операсында веризм ағымы пайда болды. Италия аса жоғары музыкалық орындаушылық өнерімен, опера әншілерінің шеберлігімен ертеден әлемге аян. Милан (Ла Скала), Рим, Неаполь, Болонья, т.б. қалаларда опера театры бар. 20 ғасырда дүниежүзілік музыка мәдениетінде пианист Ф.Бузони (1866 – 1924), дирижер А.Тосканини (1867 – 1957) ерекше рөл атқарды. Корреспондент: Италияның Ла-Скала театры әлемге танымал. Жалпы театр өнері Италияда қалай дамыған? Театр: Италия театр өнерінің алғашқы элементтері халықтың диқаншылық әдет-ғұрыптары мен ойын-сауықтарында кездеседі. Орта ғасырларда пайда болған литургиялық драма мен мистерияда комедия-сатиралық бағыт басым болды. Қайта өркендеу дәуірінде тың театрлық мәдениет дамыды, драма теориясы дами бастады. 16 ғасырдың ортасында суырып салма Дель арте комедиясы (маска комедиясы) пайда болды. 17 ғасырдың аяғында Италия театры өзінің ұлттық ерекшелігін жоғалтып, маска комедиясы ақсүйек қауымының көңіл көтеретін сауығына айналды. 18 ғасырда Венеция мен Рим театр мәдениетінің ірі орталығына айналды. Жаңа актерлік өнер мектебінің негізін 1830 – 40 жылы актер Г.Медена салды. Оның артистік және қоғамдық ой-арманын шәкірттері А.Ристори (1822 – 1906), Э.Росси (1827 – 96), Т.Сальвини (1820 – 1915) ілгері дамытты. 1870 жылдан кейін мелодрама, тұрмыс-салт тақырыбындағы жеңіл комедиялар театр репертуарынан кең орын алды. Үздік сахна шебері Э.Дузе (1858 – 1924), Сальвинидің сахналық дәстүрін ілгері дамытты. Фашистік диктатура кезінде (1922 – 43) Италия театры мен драматургиясы ауыр күйзеліске ұшырады. Репертуарға көңіл көтеруге арналған жеңіл пьесалар енді,модернистік ағымдар кең етек алды. Тек Римдегі Көркем театр (жетекшісі Л.Пиранделло, 1867 – 1936), Тәуелсіздер театры мен Дель арте (жетекшісі актер әрі драматург А.Дж. Брагальи) театрының өнері назар аударды. Режиссер әрі актер Э.Де Филиппо (1900 – 84) ұйымдастырған Неапольдің Диалектілі театры ерекше орынға ие болды. 1947 жылы Миланда Пикколо-театры М.Горькийдің “Шыңырау түбінде” пьесасымен шымылдық ашты. 20 ғасырдың 60-жылдарының орта шенінен тұрақты театрлар нығая бастады. Корреспондент: Туристік орталықтар туралы ақпарат берсеңіз... Туризм: Италия – аса ірі туризм орталығы (жылына 50 млн-нан аса адам туристер келеді). Венеция - Италияның солтүстігіндегі қала. Венециядай соңғы бес ғасырдан бері өзгермеген күйінде тұрған екінші шаһар жоқ. Расында мұнда бәрі дерлік бәз-баяғы қалпында сақталған. Мұнда ешнәрсе өзгере-де қоюы қиын. Мұнда бірнеше ғасырдан бері, қалада жаңа ғимарат салынбайды, салам десеңіз де рұхсат етілмейді, құрылыс жүргізетін алақандай жер жоқ. Венеция – аралдарға салынған қала. Аралдардың ұзын саны –118. Осының өзі ерекшелік әрине. Бірақ Венецияның басты ерекшелігі де бұл емес. Ең таңқаларлығы – сол аралдардың көбінің қолдан жасалғандығында. Тереңдігі небәрі біржарым-екі метрлік қайраңнан тереңдігі бес метрге жететін каналдар қазып, сонан шыққан топырақтан аралдар жасаған. Адамдар құрлықтан мың–мыңдап ағаш тасып, кесілген ұзын ағаштың ұшын үшкірлеп алып су астындағы қопсыма топыраққа қада ретінде қаға берген. Венецияның басты кереметі, әрине Әулие Марк соборы, осы жерде Дождар сарайы да бар. Қала өміріндегі салтанаттың бәрі осы маңайда өтеді. Венецияда 318 мың адам тұрады. Қалада халықаралық аэропорт, білім және мәдениет орталығы, өнер академиясы, университет, әйнектен жасалған заттар музейі бар. Рим - Италия астанасы. Батыс өркениетінің бесігі – мәңгі қала атанған - Рим, ірге тасы қаланғанына үш мың жылға жуық. Жиырма сегіз ғасырдан бері адамзаттың аузынан түспей тұрған, әлі де түспейтін ұлы қала жөнінде айту қиын. Рим жәдігерліктерінің ұзын санын ешкім де анық айта алмас. Осы ғажайып шаһардағы Әулие Петр Соборы, Венеция сарайы, Сикст капелласы, Капитолий Консерваторлар сарайы, Рим форумы, Апий жолы, Треви субұрқағы, Әулие Каллиста Катакомбасы, Испания алаңы, Пантеон, Әулие періште қамалы сияқты ғимараттардың әрқайсысын жеке алып айтса да болар еді, әттең құлаш жетпейтінді құшақтау мүмкін емес сондықтан да,негізгі назарды бүкіл адамзат білетін үш нысанаға – Колизей мен Пантеонға, Әулие Петр соборына аудармақпыз,қаланың даңқын дүйім дүниеге жайғандар да осы ғимараттар. Енді Колизейге тоқтайық,ол расында да қалай асқақтатып айтса да, соған түратындай ғажайып ғимарат. Милан - Италиядағы қала, Ломбардия өңірінің және Милан провинциясының астанасы. Қала халқының саны шамамен 1,3 млн. адам. Дегенмен әкімшілік провинция мен шекаралас Монза мен Брианза провиниясы(Милан провинциясының солтүстік бөлігінен бөлініп, 2004 жылы құрылған) жерлерін қамтитын қала аумағы Еуропадағы ең үлкен аумақтардың бірі: 1980км² аумақта шамамен 4 млн-нан астам тұрғын тұрады, халық тығыздығы 2,000 тұрғын/км²-нан астам. 1950-60 жылдардағы Ұлы экономикалық бум мен жұмысшылардың жаппай ағынының нәтижесінде қала төңірегіндегі аудандардың ұлғаюы әлеуметтік-экономикалық байланыстардың қала шегі мен агломерацияларынан әлдеқайда кеңи түскенін көрсетеді . Милан сауда, өнеркәсіп, музыка, спорт, әдебиет, өнер және БАҚ-та үлкен ықпалы бар әлемнің сән және дизайн астанасы ретінде көпшілікке белгілі. Милан өзінің ұлттық үрдістерді белгілейтін экономикадағы негізгі рөлі мен қызу саяси және мәдени өмірі құрметіне "Италияның рухани астанасы" деген лақап атты иемденді. Жаңа сабақты бекіту. Тапсырма: кестені толтыру Сұрақтар Жауаптар 1. Елдің толық аты 2. Астанасы 3. Әкімшілік-территориялық бөлінісі 4. Жер бедері қандай 5. Ең биік нүктесі 6. Климаты 7. Өзендері мен көлдері 8. Табиғат байлықтары 9. Халық саны 10. Урбандалу дәрежесі 11. Ірі қалалары Қорытындылау. Тест 1.Италия ауданы (мың км2 ) А) 301,2 Ә)310,7 Б)360,3 2.Италияның астанасы А)Милан Ә)Рим Б) Венеция 3.Италия қандай түбекте орналасқан А)Балқан Ә)Пиреней Б)Апенин 4.Италия территориясындағы тәуелсіз мемлекеттер А)Ватикан, Сан-Марино Ә)Кипр, Венеция Б)Ватикан, Кипр 5.Рим қаласы қандай өзен жағалауында орналасқан? А)Волга Ә)По Б)Арно 6.Сынап кеніның қоры бойынша дүние жүзінде нешінші орын алады? А)1 Ә)2 Б)3 7.Колизей кешені қай қалада орналасқан? А)Милан Ә)Неаполь Б)Рим 8.Мал шаруашылығында ең жақсы дамыған А)ірі қара Ә) қой Б)шошқа 9. Сауда қатынасы қандай көлік түрімен жасалады А)өзен Ә)теміржол Б)теңіз 10.Италия қандай шоқтығы биік өнердің отаны А)танго Ә)опера Б)театр Бағалау Үйге тапсырма • Италия мемлекетін оқу, мазмұндау; • Италияның қазіргі экономикалық жағдайы туралы мағлұмат алып келу; «Бекітемін» Директордың ӘЖ орынбасары Кульниязова К.Г. ИТАЛИЯ (Ашық сабақ) Дайындаған: География пәні мұғалімі Таскалиева А.С. Ақтөбе қаласы 2014-2015 оқу жылы | |
Просмотров: 1526 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|