Главная » Статьи » В помощь учителю » География |
ШҚО «Ұзынжал негізгі мектебі»КММ география пәні мұғалімі Тлеубаева Бикеш Борановна Баяндама тақырыбы: География пәнін оқытуда электрондық білім берудің жаңа ресурстарын пайдалану «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс.» Н.Ә.Назарбаев XXI ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, дүниежүзілік коммуникация желісіне шығу. Қоғамды ізгілендіру оның білім мен мәдениет жүйесін дамыту процесінде ақпаратты технологиялар маңызды рөл атқарады. Ақпараттық технологияның негізгі компоненті ретінде электрондық білім беру ресурстарының маңызы зор. Гимназияда оқу және білім алуда электрондық білім беру ресурстары арқылы жоғары жетістіктерге жетуге болады. Ол мұғалімдердің жұмысын жеңілдетіп, оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттырады. Бүгінгі білімді ақпараттандыру үдерісі география пәні мұғалімдері бойынан ұдайы ізденуді, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды география сабақтарында қолдана білуге машықтануды, қажет ақпаратты ақпарат көздерінен таба білу мен өңдеуді, шығармашылықпен ойлауды жəне шешім қабылдауды талап етеді. География пәні өте қызықты да күрделі. Қазіргі таңда гимназияда география пәніне қызықтыру арқылы, оқушыға географияның күрделі құбылыстары мен заңдылықтарын ұғындырып, сапалы білім беру үшін үлкен шеберлікті оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни жаңа педогогикалық технологияларды әр сабағымда тиімді қолданып отырамын, тіпті дағдыға айналды десе де болады. Бүгінгі күнде сабақты, сыныптан тыс іс-шараларды компьютердің көмегінсіз ұйымдастыруын елестетудің өзі қиын. Бұрын ақпаратты оқушылар оқулықтан, анықтамалық әдебиеттен, мұғалімнің дәрісінен, сабақ конспектілерінен алған болса, ал қазірде ғаламдық жүйенің көмегіне сүйене отырып жасайд Қазіргі таңда компьютер мұғалім үшін жұмысшы, ал оқушы үшін оқу құралы екені даусыз. Сөйтіп, география сабағында ақпараттық технологияларды пайдаланудың аса тиімділігін төмендегіше сараладым: • қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі; • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; • экономикалық тиімділігі жоғары (бару, келу, тұрмыс тауқыметі т.с.с материалдық шығынды қажет етпейді); • білім сапасын арттыруға әсер етеді; • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу; • оқушының ой-өрісін, дүниетанымын, жеке дамуын шыңдауға және кеңейтуге ықпалы зор. • оқушы білімін тексеру, бағалау, салыстыру, қорытындысын шығару т.б іс-әрекеттерінде тиімділігі жоғары. • дарынды оқушыларға деңгейлік тапсырмалар бергенде, ҰБТ, олимпиадаға дайындағанда уақытты үнемдеу, тез еске салу. • ғылыми заңдылықтардың мәнін тез ұғынуға және жедел алуға көмектеседі. • оқушы дербес, өзіндік жеке жұмыс жасауға дағдыланады, өз бетімен білім алуын қамтамасыз етеді. • география пәнінің кейбір тараулары ойлануды,талдай білуді, салыстыруды қажет етеді, ал оған география кабинетінің жағдайы келе бермейді, сол кезде көмекші құрал ретінде пайдалану. • «қайталау- оқу анасы» күрделі тарауларды қайталау, қорытындылау, бекіту сабақтарында интерактивті формаларын қолдануда тиімділігі жоғары. Сапалы білім мен оқушы ізденісін, қызығушылығын, өздігінен танып- білу дағдыларын арттыруда гимназияға 2009 жылдан бастап интерактивті тақталардың келуі түрткі болды. Интерактивті тақта арқылы электронды оқулықтарды қолдануға және оны көшіріп алып, белсенді жұмыс істеуге, -тақта ретінде жазып, өшіруге, заңдылықтарды түсінуде, график, диаграмма, тірек-сызба т.б іс-әрекеттерді жасауда -сарамандық жұмыстар мен шығармашылық, топтық жұмыстардың қорытындысын жасауға, салыстыруға, талдауға пайдасы зор екендігі тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр. Ол үшін компьютерлік сауаттылығы басым мұғалім ғана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды ғаламтор беттерінен дұрыс таба алып, пайдалана білсе, үлкен жетістікке қол жеткізеді және өзінің материалдық базасын толықтырады.(презентация, слайд, флипчарттар жасау т.б) Сабағымда көбінесе интерактивті формаларды жиі қолданамын. • Жеке шығармашылық тапсырмалар мен жобалар; • Тірек-сызбалар, көрнекіліктер, кесте, анықтама құралдар. • Ойындар; • Түрлі деңгейдегі тест жұмыстары; • Видеоматериалдар, компьютерлік анимациялар т.б Сонымен, география пәнін компьютер көмегімен оқытудың негізгі ерекшеліктері: 1. Оқытудың көркемділігі артады. 2. Оқытудың тиімділігі жоғарлайды. 3. Оқу материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады. 4. Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастырады. 5. Білімге құштарлығын арттырып, табиғи сұранысын қанағаттандырады. 6. Мұғалімнің уақытын үнемдейді, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. «Тек қана есте сақталуымен емес, өзінің терең ойлануымен игеріп алған білім ғана – білім» деп, әйгілі ғалымдар айтқандай гимназия оқушыларының география пәнінен жақсы білім алуы үшін әр сабақта мынадай ұстанымдарды естен шығармауға тырысамын. -оқушы әрқашан білім алуға дайын; -сабақта түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану; - қайталау- гимназист үшін қажетті элемент; -қаншалықты оқу барысы шынайы болса, соғұрлым білім беру тиімдірек. - оқу материалын өмірде пайдалану, түсіну. Мемлекет тарапынан білім берудің жаңа ресурстарын қолдануда қолдау көрсетіліп қана қоймай оны оқыту, үйрету, тәжірибе алмасу т. б мәселелері барлық мектептерде , әсіресе шалғай аудандардағы мектептерде бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана еліміз бәсекеге қабілетті үздік елдердің қатарына қосылатынына зор сенімдеміз. Тәуелсіз еліміздің болашағы болып табылатын жас ұрпаққа сапалы білім беріп, жеке тұлға етіп қалыптастыруда электрондық оқыту жүйесі мен оның берер мүмкіншілігі мол болары сөзсіз. Қолданылған әдебиеттер: 1. ҚР «Білім туралы» Заңы 2. « География, биология, экология орта мектепте» 2013ж №2 3. «Биология және салауаттану негіздері» 2014ж №3 4. «яндекс, google» ғаламтор ресурстары. | |
Просмотров: 1044 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|