Экология Мұғалім тәжірибесінен Тактасынова Сауле Благодар орта мектебі Ақтөбе қаласы «Экологиялық мәселелер-ең маңызды өмірлік мәселердің бірі, өйткені әңгіме адамның ғұмыр кешетін ортасы жайында, болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр,-»дейді Ш. Айтмотов. Табиғи ортаның біртұтастығын түсіне білетін, елжанды жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру ойын арқылы түсіндіру. «Мекен орны» атты ойынды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. «Мекен орны» жаттығуы Экологиялық тізбекше Материалдары: жоқ Уақыты: 20мин Оқушыларды әрқайсысы экожүйенің бір компонентін құратын 4топқа бөліңіз. 1-топ-тағамды 2-топ-суды 3-топ-үй-жайды 4-топ-мекен орнын Оқушыларға ұсыныңыз: бірінші болып 1-топтың баласы тұрады, екінші-2-топтан,үшінші-3-топтан, төртінші-4-топтан. Бесінші болып 1-топтың баласы тұрады, барлық ойын қатысушылары шеңбер құрғанға дейін осылай жалғаса береді. Алдымен барлығы бетімен ортаға қарап тұрады, бірақ мұғалімнің белгісі бойынша оңға бұрылады (енді барлығы бір-бірінің желкесіне қарайды). Бір-бірінен ара қашықтығы жақын болатындай етіп, шеңбер ортасына адым жасауларын сұраңыз. Шеңбер өте тығыз болуы керек. Сонан соң барлық қатысушылар алдында тұрғындардың белінен ұстайды. Сіз үшке дейін санайсыз, «үш» деген кезде балалар артағының тізесіне отырады,-осылай экожүйені бейнелейтін «тізедегі шеңбер» пайда болады, қатысушыларға құрғақшылық болып, судың азайдандығы туралы айтыңыз. Бұл сөзді естіп суды көрсететін топқа кіретін балалар шеңберден шығуы тиіс. Егер бұны олар істесе, шеңбер бұзылады. Топтан шыққан балалар су туралы мақал айтады. Қайтадан шеңбер құрғызып, мына сөздермен : «Барымызды жоғалтпайық, жоғымызды түгендейік», ойынды қайталаңыз, бірақ жағдайды (талапты) өзгертіңіз. Экожүйе кез келген апатқа ұшырауы мүмкі: су ластануы мүмкін, эрозия нәтижесінде топырақ бүлінеді, қалалардың өсуіне байланысты мекен орны қысқарды. Содан байланысты тағы да мақал-мәтел айтқызамыз.
|