Главная » Статьи » В помощь учителю » География |
Сабақ тақырыбы: Еуразияның ішкі сулары. Қазақстанның ірі өзен, көлдері. Сабақ мақсаты: Еуразия метеригінің ішкі суларының ерекшелігімен танысу. Білімділік мақсаты: Материк ішкі суларының жер бедерімен климатқа байланыстылығын көрсете отырып су алаптарының ерекшеліктерін көрсету. Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды сабаққа белсенді қатыстырып, ойлау қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік мақсаты: Материк ішкі суларының экологиялық жағдайы, табиғатты қорғау қажеттілігін ұғындыру. Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы. Көрнекілігі: 1. Еуразияның физикалық картасы, атлас, кескін карта; 2. Компьютер, интернеттен алынған карталар, суреттер, мультимедиялық проектор,интерактивті тақта ; 3. «Туған жер тұнығы» атты фото суреттер. Сабақ барысы: І Ұйымдастыру. Оқушыларды сабақ жүрісімен таныстыру. ІІ Үй тапсырмасын тексеру. Мұғалім климат белдеулеріне сипаттама оқиды, ал оқушылар климаттық белдеулерді атап, проектордағы картаға қояды. Климат белдеулеріне сипаттама 2-бетте. ІІІ Жаңа сабақ. Мұғалім ішкі сулардың түрлерін еске түсіруін ұсынады, иетерактивті тақтаға жазады. - Ішкі сулардың қандай түрлерін білесіңдер? (өзендер, көлдер, мұздықтар, тоң, батпақтар, жер асты сулары) Сабақтың тақырыбы және мақсаты айтылады. &20-ның алдындағы тапсырмамен жұмыс. Еуразия материгі ішкі суға бай. Материкте әлемдегі ірі өзендер орналасқан; Обь, Енисей, Лена, Амур, Хуанхе, Янцзы. Ең үлкен көл –Каспий теңізі, ең терең - Байкал көлі. Өзен климат және рельефтің өнімі. Климат-қоректенуі мен режіміне, ал рельеф- өзен суының ағысына әсерін тигізеді. Сабақ жоспар бойынша мультимедиялық проекторды пайдалана отырып баяндалады. 1.Өзендер. Еуразия өзендерінің алаптары. 2. Еуразия көлдері. 3. Мұздықтары. 4. Көп жылдық тоңдар. 5. Батпақтар. 6. Жер асты сулары. ІҮ. Қорытынды. Сабақты бекіту үшін «Географиялық диктант» алынады. «Адасқан объект» ойыны ойналады. Федченко батпақ Ладога өзен Таймыр көл Колхида тоң Ганг мұздық Кескін картаға оқулықтағы өзен, көлдерді белгілеу. Қазақстанның ірі өзен, көлдерін картадан табу. Ү. Үйге тапсырма: &20. «Менің ішкі суларды қорғау жайлы жобам» эссе жазу. | |
Просмотров: 3271 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|