Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » География

Ұрпақтар сабақтастығы
Дөңгелек үстел.
Тақырыбы: Ұрпақтар сабақтастығы.
Мақсаты:оқушыларға тәуелсіздік қалай келгенін түсіндіру, арқылы тәуелсіздік, бостандық жолында ата- бабаларымыз қандай оқиғаларды бастан кешіргенін. Осы жолда қаншама асыл азаматтарымыз қазақ елінің, жерінің болашағы үшін жанын қияған. Бабаларымыздың үлкен күресімен тәуелсіздік келгенін жеткізу.
Дамытушылық:оқушылардың ойлау, сөйлеу мәдинетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.
Тәрбиелік: оқушылардың ұлттық санасын ояту, жеке тұлғаларды үлгі ете отырып, өз елін сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Ұрпақтар сабақтастығы тақырыбындағы дөңгелек үстелінде тәуелсіздік бізге қалай келді? - деген мәселе бойынша, тарихи кезеңдерге тоқталып, түсініктеме беріледі. Тәуелсіздік бізге не берді?- деген мәселе бойынша тәуелсіздік хронологиясына, яғни тәуелсіздік алған жылдан кейінгі жылдардағы елеулі оқиғаларға оқушылар тоқталады.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар. Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерей тойына орай, Ұрпақтар сабақтастығы деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізгелі отырмыз.Ұрпақтар сабақтастығы дөңгелек үстеліне 8 «В» және 9 «В» сынып оқушылары қатысады. Ұрпақтар сабақтастығы атты дөңгелек үстеліміздің негізгі мақсаты: тәуелсіздік бізге қалай келді. Тәуелсіздік жолында ата- бабаларымыз қандай оқиғаларды бастан кешірді. Осы жолда қаншама асыл азаматтарымыз қазақ елінің, жерінің болашағы үшін жанын қияды. Бабаларымыздың үлкен күресімен тәуелсіздік келген болатын. Тәуелсік бізге не?- берді деген мәселелерді қарастырамыз. Енді оқушыларымызға сөз кезегін берсек.
9 «В» сынып оқушысы Гүлім.
Шетінен қайсар қылық, батыр қаған,
Елі үшін отқа күйіп лапылдаған,
Жат біреу жан ниетпен жерін басса
Тымағын баса киіп тақымдаған
О, Менің батыр бабаларым!
Батырлар туралы әні 3 минут ойналады.
Наурызбай батыр, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр ХYІІІ ғ жоңғар шапқыншылығы кезінде кең байтақ жерімізді білектің күшімен найзаның ұшымен қорғап, жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беріп, қазақ елін, жерін сақтап қалды.
8 «В» сынып оқушысы Ерғалым.
Кетіп барам тағдырдың желіменен,
Дауылдатқан заманның лебіменен
Алынбанған кімнің бар кегі менен.
Бауырым, ел аманат енді бізден.
Ақтабан шұбырынды, алакөл сұлама оқиғасы ел басынан кешкен ауыр қасірет «Елім-ай» әнін туғызды. «Елім-ай» әнінен 3 минут үзінді тыңдалады.
8 «В» сынып оқушысы Қорлан.
Қырандай соққан тас бір
Қарайып қалды жас қабір
Қайысты халық мұнара,
Қиялды ұрлап қара мұң.
1930-1933 жылдары аштық тарихқа ұлы жұт ретінде енді. 1932 жылы ақпан колхозшы қожалықтарының 87% малдан түгел айырылды. Бұл жағдай өлкеде аштық қасіретңн туғызды.

1930 жылы 313 мың адам
1931 жылы 755 мың адам
1932 жылы 769 мың адам

1930-1932 жылдары барлығы 1 млн 750 мың қазақ жаппай қырылды. Аштықтың әсерінен халықтар шет елдерге көшуіне себеп болды.
9 «В» сынып оқушысы Ақерке.
Отыз жеті теріс туып жұлдызың,
Тас қараңғы түнге айналды күндізім.
Мойына іліп зұлымдықтың шылбырын,
Телім-телім қаңғып кетті ұл-қызың.
Бұл кезеңде Жүсіпбек Аймауытов, Шәкірім Құдайбердіұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов сынды бес арыстарымыз ату жазасына ұшыраған болатын. Сондай-ақ
үш бәтерек атауы мен тарихта аты қалған ұлы тұлғаларымыз Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллиндар жазықсыз жазаланды.
8 «В» сынып оқушысы Мейіржан.
Бұл кезеңде ұлтымыздың зиялыларына жазықсыз жаза жабылып, «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды. Зияллыларымыз қазақ еліміздің келешегі үшін қоғамдық ойларын жеткізіп, елдің ертеңі үшін мұңын ойлап жазықсыз жалаға ұшырап, жер аудару, еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау, қудалау, ату жазасы сияқты жазалау шаралары қолданды.
8 «В» сынып оқушысы Дана.
Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеуденде әлі сыза жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас Қайратым, жас өркені халқымның!
«Желтоқсан желі» әнінен 3 минут үзінді тыңдалады
1986 жылы қазақ жастары алаңға шығып, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова сынды жастар құрбан болды. Желтоқсан оқиғасы жылдар бойы іште жиылған төзім запыраны бір-ақ күнде бөгетті бұзған тасқыне судай ақтарылды.
9 «В» сынып оқушысы Әсем.
Әлдилеген тәуелсіздік ұраны,
Туған жерім- берекең бұлағы.
Көк байрағым аспандап,
Асқақтасың бостандықтың ұлы әні!
«Жаса Қазақстан» әнінен 3 минут үзінді тыңдалды.
Қазақстан Еуразия материгінің Азия бөлігінде орналасқан. Дүние жүзінде жер көлемі жөнінен 9 орын алады. Қазақстан бес аймақ бөлінеді. Оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, орталық.
Қазақстанда 14 облыс бар. Ең ірі қалалары Алматы, Астана.
8 «В» сынып оқушысы Айдана.
Қазақстан жеріндегі пайдалы қазбалардың кен қорлары бойынша дүние жүзінде алатын орындарына сипаттама берді.
9 «В» сынып оқушылары Ғазиза мен Гүлназ тәуелсіздік шежірелеріне тоқталды. 1991- 2011 жылдар аралығындағы елеулі оқиғаларға сипаттама берді. Әр жылдардағы маңызды оқиғаларды атап көрсетті.
Гүлназ 1991-2001 жылдардағы оқиғаларды баяндады.
Ғазиза 2000-2011 жылдар аралығындағы маңызды оқиғаларға тоқталып өтті.
Дөңгелек үстелге қатысқан оқушыларға алғысымды білдіремін. Қазақ елін, жерін келешек ұрпаққа аманат ретінде жеткізетін, жастар сіздер. Біз сіздерге, тәуелсіздігімізді нығайтып, көркейтуіне сенім білдіреміз. Баршаларыңызды тәуелсіздік күні құттықтаймын. Тәуелсіздігіміз тұғырылы, баянды болсын. Дөңгелек үстелімізді Атамекен әнімен қорытындылаймыз.

Источник: http://files.gameworld.kz/xgapubam9t.html
Категория: География | Добавил: Мугалим (2012-02-09) | Автор: Ораз Айнұр Әнуарбекқызы
Просмотров: 2560 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 0:13 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru