Главная » Статьи » В помощь учителю » География |
Бакытбек Гүлжан Нығметкалиевна Семей қаласы КММ «№ 19 жалпы орта білім беретін мектеп» 6 сынып. «Гидросфера» тарауын қайталау сабағы. Мақсаты: Білімділік: «Гидросфера» тарауында өтілген тақырыптарды пысықтау, алған білімдерін жетілдіру мақсатында өз ойларын ортаға сала білулерін қадағалау. Тәрбиелік: Табиғат – Ананы қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу арқылы дүниетанымдық қабілеттерін арттыру. Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында тақырыпқа байланысты қосымша материалдарды пайдалану, ойлау қабілетін дамыту, қоршаған ортаның сапасын жақсартуды қарастыру, ғылыми дүниетнымын, экологиялық мәдениеттіліктерін дамыту. Сабақтың көрнекілігі: Глобус, дүниежүзінің физикалық кртасы, атлас, үлестірмелер, дидактикалық материалдар. Сабақтың түрі: Жарыс сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру ІІ. Сайыс сабақ ІІІ. Бағалау ІV. Үйге тапсырма Сынып оқушыларын 2 топқа бөліп, әр топ өз ұраны мен мақсаттарымен. Топ жетекшісімен таныстырады. І топ: «Меридиан» ІІ топ: «Параллель» «Меридиан» тобының ұраны: «Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз». Мақсаты: «Білген сайын келеді біле бергім, Біле бер емес пе тілегі елдің». «Параллель» тобының ұраны: «Күш – білімде!». Мақсаты: «Туған жерді сүю парыз Сүю үшін білу парыз». І. «Тапқыр болсаң, тауып көр». ( Тест шешу, ол екі нұсқамен беріледі). (10 сек. ішінде шеулері керек). І топтың сұрақтары: 1. Жердің су қабығы: а) атмосфера ә) литосфера б) гидросфера в) стратосфера 2. Дүние жүзіндегі ең терең шұңғыма: а) Мариан ә) Туамоту б) Гавай в) Пуэрто- Рико. 3. Еуазия жағалауындағы шеткі теңіз: а) Баренц ә) Жерорта б) Қара в) Охот 4. Көлемі жағынан ең үлкен мұхит: а) Тынық ә) Үнді б) Атлант в) Солт. Мұзды 5. Төменде берілген объектілердің ішіндегі бұғазды тап: а) Беринг ә) Бенгал б) Бискай в) Мексика ІІ топтың сұрақтары: 1.Ең үлкен түбек: а) Арабия ә) Скандинавия б) Қырым в) Пиреней 2. Өте күшті жер сілкінуден пайда болатын толқын: а) толқын ә) дауыл б) тайфун в) цунами 3. Дүниежүзілік мұхит нешеге бөлінеді? а) 2 ә) 3 б) 4 в) 5 4. Дүние жүзіндегі ең үлкен ішкі теңіз: а) Азов ә) Қара б) Жерорта в) Охот 5.Судың қандай қасиеті 1 л. судағы заттың грамм мөлшерін көрсетеді? а) тығыздығы ә) түсі б) тұздылығы в) температурасы. ІІ тур: «Бәйге» ойыны (кім бірінші болып жауап береді?). 1. Теңіз дегеніміз не? 2. Шығанақ дегеніміз не? 3. Бұғаз дегеніміз не? 4. Өзен дегеніміз не? 5. Көл дегеніміз не? 6. Арал дегеніміз не? ІІІ тур: Қай топ картаны жақсы біледі? ( объектілерді картадан көрсетулері керек!) • «Меридиан» тобына: 1. Қара теңіз 2. Жерорта теңізі 3. Гибралтар бұғазы 4. Арабия түбегі 5. Батыс желдер ағысы 6. Ніл өзені 7. Каспий теңізі • «Паралелль» тобына: 1. Балтық теңізі 2. Қызыл теңіз 3. Дрейк бұғазы 4. Камчатка түбегі 5. Гольфстрим ағысы 6. Амазонка өзені 7. Арал теңізі ІV тур: «Адасқан объектілерді орналастыру, сәйкестендіру». 1. Атлант мұхиты 1. Дүние жүзіндегі ең терең көл 2. Ертіс өзені 2. Тұздылығы жоғары теңіз 3. Анхель 3. Лермонтов өлең жазған Кавказ өзені 4. Терек өзені 4. Көлемі жөнінен 2 орын дағы мұхит 5. Қызыл теңіз 5. Тұзды көл 6. Байкал 6. Ең биік сарқырама 7. Солт. Мұзды мұхит 7. Объ өзенінің оң жақ саласы 8. Өлі теңіз 8. Ең суық мұхит V тур: «Капитандар додасы». «Меридиан» тобының жетекшісіне: Капитан Немо өзінің саяхтын 34 с. е. және 139 ш.б. нүктесінен бастады. Ол жер қай арлдарға жақын орналасқан. «Паралелль» тобының жетекшісіне: 80 с.е. 20 ш.б. орналасқан объектіні анықта. VІ тур: «Тапқырлық сайысы». Екі топқа бірдей әріптерінің орны ауыстырылған Қазақстан өзендерінің аттары беріледі. (30 сек.) 1. Серті 2. Уш 3. Елі 4. Айжық 5. Олбыт 6. Сіле 7. Шынар 8. Арұн VII тур: «Шешендік өнер». «Жер бетіндегі сулрды ластанудан қорғау!». Екі топтың оқушылары з жауаптарын ұтымды дәлелдеу үшін, бар білімдерін ортаға салады. Дәйекті, ғылыми дәлелдерді көп қолданып, тақырыпты аша білген топ оқушыларын анықтап, мұғалім өз көзқарасын білдіріп, әділ бағалап отырған әділ қазылар алқасында отырған оқушыларға өз көзқаасын білдіреді. Қайталау сабағын білім додасы ретінде түрінде ұйымдастыру оқушылардың танымдық, білімділік деңгейлерін көтеріп, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, белсенділіктерін, өз бетінше жұмыс істей алу қабілеттерін, өз ойларын жинақтап, ашық айта білу қабілеттерін арттыра түседі. | |
Просмотров: 4978 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|