Главная » Статьи » В помощь учителю » География |
ШҚО Аягоз ауданы Мынбұлақ орта мектебі Динжуманов Нұрлан Омашевич Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Америка материгінің халқы және елдері. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Солтүстік Америка материгінің халқы мен елдерін жекелеген түрде оқып танысу; халықтың ұлттық, нәсілдік , жастық және жыныстық құрамымен оқып білу. Дамытушылық : Картамен жұмыс жасау арқылы Солтүстік Америка материгінің халқы мен елдерін көрсете отырып, оқушылардың есте сақтау , ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Солтүстік Америка халқы мен елдерін оқыта отырып, басқа ұлтты, елді қадірлеп, оның салты мен дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа материалды игерту. Сабақтың әдіс-тәсілі: Баяндау, картамен жұмыс, бейне материал көрсету. Түртіп алу, ой қозғау, болжау, творчестволық ізденіс. Оқыту құралдары: Солтүстік Америка материгінің әкімшілік-аумақтық картасы, контур карта, бейнесюжет, тақырыптық слайд, оқулық, интерактивті тақта. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру. II. Жаңа тақырып. Жоспар: 1. Кіріспе. 2. АҚШ. 3. Канада. 4. Орталық Америка елдері. 5. Қорытынды. Сабақтың барысы: 1. Кіріспе( слайд көрсету және картамен көрсету арқылы мұғалім сөзі): Қазіргі кезде Солтүстік Америка халқының саны 450 млн-ға жуық. Материктің байырғы халқын моңғол нәсіліне жататын үндістер мен эскимостар құрайды . Бұл халықтар Азиядан Солтүстік Америкаға шамамен осыдан 25-40 мыңдай жыл бұрын материкті Еуразиямен жалғастырып тұрған Берингия құрлығы арқылы қоныс аударған. " Америка үндістері" деген атаудың өзі Х. Колумбтың тарихи қатесімен (қандай?) байланысты пайда болды. Қазіргі кезде Солтүстік Американың негізгі халқын Еуропадан , әсіресе Ұлыбритания мен Франциядан қоныс аударғандар құрайды. Олар негізінен материктегі ірі мемлекеттер АҚШ- пен Канадада тұрады. Халықтың басым көпшілігі ағылшын тілінде сөйлесетіндіктен , материктің бұл елдер орналасқан бөлігін Ағылшындық Америка деп атайды. АҚШ-тың халқы нәсілдік және ұлттық айырмашылықтарына қарамастан америкалықтар деген жалпы атпен аталады. Халқы латын тілдерінде сөйлесетін Мексика жері мен Кариб теңізі аралдары Оңтүстік Америкамен бірге Латын Америкасын құрайды. Мұнда испандар және португалдардың басқа халықтармен некелесуі нәтижесінде Американың жаңа халқы: мулаттар, самбо, метистер қалыптасты. Солтүстік Америкада материктің табиғат жағдайлары мен игерілу тарихына байланысты халық әркелкі қоныстанған. Мысалы, табиғат жағдайлары қолайлы және ертерек игерілген Ұлы көлдер маңы мен оңтүстік –шығыста халық неғұрлым жиі қоныстанған. Бұл бөлікте Нью-Йорк ,Бостон, Филадельфия , Чикаго, Торонто, Детройд, Майами, Хьюстон сияқты ірі қалалар(картадан табыңдар) орналасқан. Ал, табиғат жағдайлары өте қолайсыз солтүстік аудандарда және климаты құрғақ , жер бедері таулы болып келетін батыс бөлікте халық салыстырмалы түрде сирек қоныстанған. Солтүстік Америкада дүниежүзіндегі ең дамыған ел – Америка Құрама Штаттары орналасқан. АҚШ –тың материктегі бөліктерінің аралығында Канада, ал оңтүстігінде Мексика орналасқан. Орталық Америка мен Кариб теңізі аралдарын кішігірім елдер алып жатыр (оларды картадан табыңдар). Оқушылардың творчестволық- танымдылық ізденіс жұмыстары. 2. Америка Құрама Штаты ( слайд). 3. Канада (слайд). 4. Орталық Америка елі (Мексика слайды) 5. Қорытынды. III. Бекіту. Бекітуге арналған қосымша сұрақтар: 1. Солтүстік Америка материгіндегі елдердің ГФЖ. 2. Американы ашқан саяхатшы. 3. "Америка" атауы қалай пайда болған? 4. Америка халқының тілі. 5. Американың ірі қалаларын ата. 6. Мексикадағы мекендеген тайпалар. 7. Орталық Америка елдерін ата. IV. Қорытынды. V. Үй тапсырмасы: § 34-35, бет 137-140. Сұрақтар мен тапсырмалар 140 бет. | |
Просмотров: 15454 | Комментарии: 1 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|