Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » География

Бразилия
Сабақтың тақырыбы: Бразилия
Білімдік мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін жинақтап, қорытындылау арқылы өз бетімен жұмыс жасау қабілетін арттыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Баспасөз – конференциясы сабағы
Сабақтың көрнекілігі: 1. Интерактивті тақта;
2. Слайдтар;
3. Дүние жүзі физикалық картасы.
Сабақтың барысы: I – Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындау.
II – Оқушылар өткен тақырыптарымызды еске бір түсіріп өтейік. Жалпы Оңтүстік Америка материгінің географиялық орнын, ішкі суын, климаттықбелдеулерін карта бойынша көрсете отырып, айту керек.
Кім жылдам ойнын ойнап жіберейік.
1) Оңтүстік Америка жерінің ауданы қанша?
2) Қандай өзендері бар? Ең ірісі қайсысы?
3) Ең ұзын тау қалай аталады?
4) Қандай климаттық белдеулері бар?

Жақсы енді әрі қарай сабағымызды бастайық

III – Сабақ баспасөз –конференциясы.

Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, біздің сабағымызға қош келдіңіздер! Ендеше сабағымызды бастаймыз. Біздің бір топ географ –саяхатшылар, саяси шолушы, зерттеуші ғалымдар Бразилия еліне барып, сол елдің барлық жағдайымен танысып, бізге көптеген жаңалықтар алып келіп отыр. Сонымен бірге тілшілеріміз де қатысып отыр. Олай болса сөз кезегін тілшілер мен мамандарға берейік.
Сөз кезегі өздеріңізде.
1-тілші: Құрметті оқушылар Бразилия еліне барып саяхат жасап, барлық жағдайымен толық танысып келгендеріңізге өте қуаныштымыз.
1 сұрақ. Географ –саяхатшы, сізге.
Ол елдің географиялық орны мен жерінің ауданы, халқы, құрылымы, мемлекет басшысы, тілі туралы айтып беріңіз.
Географ-саяхатшы пікірі:
Бразилия – Отүстік Американың шығысында орналасқан. Шығысында Атлант мұхитымен шектеседі. Жерінің ауданы- 8,5 млн.км2. Жерінің ауданы және халқының көптігі жөнінен дүние жүзінде бесінші орын алады. Мемлекеттік құрылымы – федерациялық республика. Мемлекеттік басшысы – президент.. Заң шығарушы органы - Ұлттық конгресс. Мемлекеттік тілі – португал тілі.
2 сұрақ. Географ – саяхатшы сізге
Ұлттық валютасы қалай аталады?
- Реал
3 сұрақ. Әкімшілік – аумақтық бірлігі қандай?
- Штаттар мен федералдық округ.
2-тілші.
Менің сұрағым тарихшы – ғалымға:
Кез – келген мемлекеттің бүгінін білу үшін оның өткеніне көз жіберу шарт деп ойлаймын. Сол үшін Бразилия елінің қалыптасу тарихына қысқаша тоқталып өтсеңіз. (Елдің елтаңбасы, жалауы)
Ғалым пікірі:
Бразилия жеріне 1500 жылы келіп жеткен португал экспедициясы бұл өңірді Португалия иелігі деп жариялайды. Алтын мен асыл тастар іздеп таппаған португалдықтар өздері пау – бразил деп аталған ағашты осы жердің басты байлығы деп есептеді. Бұл ағаштан қызыл түсті бояу алынатын, кейіннен елдің өзі осы ағаштың құрметтіне Бразилия деп атала бастады.
Португалдықтар Атлант мұхиты жағасында елдің алғашқы қаласы және астанасы Салвадордың іргетасын қалады. Ұзақ уақыт бойы Португалияның отары болған еуропалық елдер үшін шикізат көзіне айналады. 1822 жылы вице-король Бразилияны тәуелсіз империя деп жариялады. 1888 жылы 13 мамырда құлдықты жою жөніндегі «Алтын заңға» қол қойылады. Үлкен саяси – әлеуметтік маңызы бар бұл заң монархиялық біліктің құлдырауына себепші болды. 1889 жылдың 15 қарашасында император тақтан түсіріліп, Бразилия республика болып жарияланды.
1-тілші. Менің сұрағым Зерттеуші –ғалымға Бразилия жерінің табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары жайлы білгіміз келеді.
Зерттеуші ғалым пікірі:
Аумағының 93%-ы оңтүстік жарты шарда жатқан Бразилия жерінің табиғаты алуан түрлі. Ел аумағында Гвиана таулы үстіртінің оңтүстік бөлігі, Бразилия таулы үстірті және Амазонка ойпаты орналасқан. Тұтасымен ежелгі Отүстік Америка платформасында орналасқан ел аумағы пайдалы қазбаларға бай, Бразилия темір кенінің қоры жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады. Елде марганец пен алмастың, бокситтің, алтынның кен орындары барланған. Бразилия жері, негізінен, экваторлық және субэкваторлық белдеулерде орналасқан, оңтүстігі тропиктік белдеуге енеді. Экваторлық және субэкваторлық белдеулерді ылғалды экваторлық ормандар алып жатыр, оларды бразилиялықтар сельва деп атайды. Бразилия жерінің көп бөлігін алып жатқан сельва ағаштарының 4 мыңнан аса түрі таралған. Гевея ағашынан табиғи каучук алынса махегонидің өте бағалы қызыл сүрегі жиһаз жасауға пайдаланылады. Ылғалды экваторлық ормандар алқабын дүние жүзіндегі ең мол сулы өзен Амазонка мен оның салалары кесіп өтеді. Өзендері таудан басталуына байланысты энергияға бай.
2-тілші Менің сұрағым Демограф –ғалымға
Демограф – ғалым пікірі:
Бразилияның халқының саны 182 млн адам. Халқының құрамы өте алуан түрлі. Мұнда үндістер, негрлер, ақ түсті және аралас халық тұрады. Бразилиялықтар португал тілінде сөйлейді, бұл бір тіл Португалия тұрғындарының өзара түсінетін тілінен өзгеше Еуропалықтар келгенге дейін Бразилия аумағында көптеген үндіс тайпалары өмір сүрген. Олардың біреулері егіншілікпен айналысып, батат, картоп, маниок өсірсе, келісілері аңшылықпен және терімшілікпен айналысқан. Қазіргі уақытта үндістердің көпшілігі Амазонияда тұрады. Орман үндістері өз ата – бабаларының тұрмыс салтымен тіршілік етеді. Аңшылықпен, терімшілікпен, балық аулаумен шұғылданады.

1 – тілші: Менің сұрағым Экономист – маманға
Экономист пікірі:
Бразилия – әлемдегі пайдалы қазбаларға аса бай елдің бірі. Мұнда қара және түсті металдар рудасын, алтын,, асыл тастар өндіреді. Тас көмір, қоңыр көмір, мұнай секілді отын пайдалы қазбалары, сондай – ақ химия өнеркәсібінің шикізаттары өндіріледі. Елде өндіруші өнеркәсіп – қара және түсті металлургия, машина жасау жақсы дамыған. Автомобиль жасау жетекші орын алады. Бразилияның барлық автомобиль зауыттары әлемдегі жақсы таныс «Дженерал моторос» (АҚШ), «Крайслер ду Бразил» (АҚШ), «Фиат» (Италия) секілді компаниялардың филиалдары болып табылады. Трактор, кеме, ұшақ жасау.

2-тілші: Менің сұрағым ғалым – аграномға.
Ауыл шаруашылығында негізгі саласы өсімдік және мал шаруашылығы.
Өсімдіктен кофе, какао, қант құрағы, мақта секілді көптеген дақылдарды басқа елдерге сату үшін арнайы өсіреді. Мал шаруашылығында етті ірі қара өсіру басым және ет – жүн бағытындағы қой өсіріледі.
1-ші тілші: Менің сұрағым Саяси – шолушыға
Сыртқы экономикалық байланысы туралы білгіміз келеді.
Саяси – шолушы пікірі:
Ел экспортқа темір кенін, машина жасау өнеркәсібінің өнімдерін, бұршақ пен ел өнімдерін, кофе, какао, қант, жеміс шырындарын боксит шығарады да, импорттан мұнай, құрал – жабдықтар мен көмірді алады. Бразилияның сыртқы сауда байланыстары Еуропа одақ елдері және АҚШ.

Қорытындылау
Сонымен, сабағымызды қорытайық.
Кане «Кім жылдам?» ойынын жалғастырайық.
БРАЗИЛИЯ: Атауы қалай шықты?
Астанасы қалай?
Ұзақ уақыты қай елдің отары болды?
Сыртқы экономикалық байланыстары қандай елдермен?
Қандай СЭС бар?
Әлемге әйгілі футболист кімдер?
Мемлекет басшысы қалай аталады?
Қандай ұйымға мүше?
Қай жылы республика болып жарияланды?
Аумағы бойынша дүние жүзінде нешінші орында?

IV – Бекіту. Интерактивті тақтада
1. Кескін картадағы санмен белгіленген елдердің қай ел екенін анқтау?
2. Сәйкестік тест (ел астаналарын табу)
3. Не білем? Нені білдім?
Үйге тапсырма: Іздену жұмысы. Бразилия халқының ерлер мен әйелдер жастық – жыныстық жасын анықтау. Пирамидасын құрасытырып келу.
Бағалау.
Категория: География | Добавил: Нурлы (2012-03-27) | Автор: Жәлімбетова Нұрлы E
Просмотров: 3157 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-12-20, 4:28 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru