Главная » Статьи » В помощь учителю » География |
Дайрабаева Шынар Карловна , география пәні мұғалімі №42 жалпы орта білім беретін мектеп, Семей қаласы Республики Казахстан. ВКО г. Семей Средняя общеобразовательная школа №42 Учитель географии: Дайрабаева Шынар Карловна Внеклассное мероприятие на тему «Путешествие в страну восходящего солнца» Сабақтың тақырыбы: Күншығыс еліне саяхат . (Жапония) Сабақтың мақсаты: Жапония елінің географиялық орнының ерекшелігін, мемлекеттік құрылымын, халқын, шаруашылығын,салт-дәстүрлерімен мәдениетін, ұлттық мейрамдары мен тағамдары,экологиялық жағдайлары туралы түсінік беру. Сабақтың міндеттері: Білімділік: Жапонияның географиялық орны мен ерекшелігіне сипаттама беру, салт-дәстүрін, мәдениетін,ұлттық нышандарын білу. Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру, ұқыптылыққа,еңбекке тәрбиелеу,өз беттерінше қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білуге, жауапкершілікке тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушының ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру, қызығушылығы мен белсенділігін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық жұмысқа баулу. Сабақ түрі, типі: Саяхат сабақ, дәстүрден тыс Сабақ көрнекіліктері: слаид,киім үлгісі, тамақтары, сакура, ыдыстары ,икебана, матадағы жазулар. Пәнаралық байланыс: Тарих, өнер, экология. Сабақ барысы: Жүргізуші Қарлығаш: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сонау ерте ғасырлардан бастап қалыптасқан, әр тасы бір тарих болып табылатын Күншығыс еліне қош келдіңіздер! Жүргізуші Манат: Атын білмей затын білмейді демекші, Жапон сөзінің ел атауы болуының этимологиясына ( шығу тегі) тоқталып өтсек... Жүргізуші Қарлығаш: Қазіргі Жапония аумағына адамдар неолит дәуірінде қоныстана бастаған. Алғашқы тұрғындар Азия құрлығынан топ-топ болып қоныс аударған деген жорамал бар.Тарихи деректерге қарағанда,IY ғасырдың ортасына қарай Ямато тайпалық одағынан алғашқы Жапон мемлекеті пайда болды.Ұзақ уақыт бойы елдің әлеуметтік экономикалық және мәдени дамуына көршілес Қытайдың ықпалы зор болды.Олардан Жапондар иероглифтік жазу үлгісін,буддизм мен конфуций дінднрін,ғылым негіздерімен шаруашылық жүргізу тәжірибесін қабылдады. IХ ғасырдың соныңа қарай Жапония Қытаймен қатынасын үзді,бұл Жапон өркениетінің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызды. Жүргізуші Манат:Жапонияға ХYI ғасырдың соңына қарай келіп жеткен еуропалықтар алғашқы 100 жылда өз мәдениеті мен ғылыми-техникалық жетістіктерін қарқынды түрде енгізе бастады.1603 жылы өзін біріккен Жапонияның сегуны билеушісі деп жариялаған Токугава Изясу еуропалық көпестер мен миссионерлерді елден аластады.Осы кезде халық 4 әлеуметтік жікке ( самурайлар, шарулар, қолөнершілер, саудагерлер) бөлінді. 1867-1868 жылдары ыдырай бастаған феодалдық қоғамда болған буржуазиялық реолюция императорлық билікті қалпына келтірумен қатар, капиталистік қатынастардың дамуына негіз жасады.Жапония – конституциялық монархия,мемлекет басшысы император, іс жүзінде мемлекетті премьер-министр басқарады. Жүргізуші Қарлығаш: Бұл ел үлкен шежіре.Ұшы- қиыры бағымсыз демекші, осы тарихы тереңде жатқан географиялық орналасуымен қызықты да табиғаты тылсым күшке толы Жапон елінің географиялық жағдайы сіздерге Жания түсіндіріп өтеді. Жания: Жапонияның географиялық жағдайы. Жапония—Тынық мұхиттың батыс бөлігінде орналасқан ірі аралдық ммлекет.Әдетте, бұл елді Ниппон, Нихон «Күншығыс елі» деп атайды.Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады.Олардың ең ірілері-Хонсю, Хоккайдо, Кюсю, Сикоку. Жер аумағы-372,2мың км.Астанасы-Токио қаласы 11,9 млн. Жапония аралдары Азияның шығыс бөлігін бойлай 3000км-ден астам доға түрінде созылып жатыр. Ел аумағы Азия жағалауларынан Шығыс Қытай, Жапон жәңе Охот теңіздері арқылы бөлінген.Жағалау сызығының жалпы ұзындығы 29751 км. Жүргізуші Манат: Әр ел өз халқымен танымал демекші, осы жапон елі қандай мемлекет, қанша этностық топтар барекен? Бұл сұрағызға кім жауап береді екен? Жүргізуші Қарлығаш: Меніңше, Алтынай білетін сияқты... Алтынай: Халқы.Жапония халқының саны жөнінен 128 млн адам, дүние жүзінде оныншы орын алады.Соңғы 130 жылда ел халқының саны 3,5 есеге өсті.Қазіргі кезде туу көрсеткіші төмен. Әлеуметтік- экономикалық ахуалдың жақсаруына байланысты адамның өмір жасының орташа ұзақтығы да артуда. Мысалы ,бұл көрсеткіш бойынша жапон әйелдері дүние жүзінде бірінші орын алады 85 жас. Туу көрсеткішінің күрт төмендеуі, жасы ұлғайғандар санының артыуы, елде Батыс Еуропа елдеріндегі сияқты «ұлттың қартаюы» проблемасын тудырды. Жапония- бір ұлтты ел.Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады.Негізгі діндері –буддизм мен синтоизм.Жапон аралдары-дүние жүзіндегі халықтың ең тығыз қоныстанған аймақтарының бірі; ел аумағында орташа тығыздық 1км –ге 341 адам. Қазіргі кезде Жапония халқының 79% қалаларда тұрады, елде халық саны миллионнан асатын 11 ірі қала бар. Аса ірі қала агломерацияларының тұтасуынан дүние жүзіндегі ең алып мегаполис –Токайдо қалыптасқан. Жүргізуші Манат: Жүздеген жылдар бойы Жапония әлем мемлекеттерінен оқшау болды. Тек XX ғасырдың 2 –ші жартысында ғана « экономикалық ғажайып» ретінде аты шыға бастады. Жерге және басқа табиғат ресурстарына өте кедей болса да,жетекші индустриялы өнеркәсіптік мемлекет дәрежесіне жетті.Елдің экономикалық дамуына әсер ететін басты факторлардың бірі—жапондардың таңқаларлық еңбексүйгіштігі. Адамдар жұмыстарын мақтан тұтып, компанияларына адал қызмет етеді.Фирмаларда өз тарапынан жұмысшыларына жан-жақты қолдау жасайды. Жапония автомобиль, кеме, робот, жасауда дүниежүзінде алдыңғы қатарда. Өнеркәсібі жайлы толығырақ мәлімет Дарханның баяндауында. Дархан: Өнеркәсібі. Жапонияның автомобиль өнеркәсібі өнім көлемі жөнінен дүние жүзіндебірінші орын алады. Автомобиль зауыттарында жылына 10 млн шамасында автомобиль жасалады.Өндірісте ғылым мен техниканың еғ соңғы жаңалықтары пайдаланылады, сондықтан әлемдік нарықта «Тойота», Ниссан, «Хонда» концеріндерінің автомобильдері америкалық және еуропалық үлгілермен бәсекелесе алады.Өнеркәсіп роботтарын шығарудан және оларды өндірісте пайдаланудан әлемде бірінші орын алады.Жапонияда өндіріс барысын толығымен роботтар қадағалайтын бірнеше тәжірибелік кәсіпорын бар. Жүргізуші Қарлығаш: Жалпы алғанда , Жапон елінде шаруашылықтың түрі көп. Соның ең маңызды, басты шаруашылық саласының бірі – балық шаруашылығы. Ол туралы Біржан таныстырады. Біржан:Жапондық шаруашылықтың тағы бір дәстүрлі саласы- балықшылық. Балық аулау жөнінде Жапония алғашқы орындардың бірінде тұр. Елде 3 мыңнан астам балық аулау аймағы бар.Теңіз жағалауының жануарлар дүниесі мол және әр алуан болуы тек балықшылық қан емес, теңіз өнімдерін дайындауды дамытуға да мумкіндік берді. Балық пен теңіз өнімдері жапондардың азықтық рационында үлкен орын алады. Шаруашылық ағзасының қан жүргізетін жүйесінің бірі-көлік.Қазіргі кезде Жапонияның негізгі төрт аралы арасында тоқтаусыз көлік қатынасы (Темір жолдар мен тас жолдар) орнаған .Аралдар бір-бірімен алып көпірлер және туннельдер жүйесі арқылы байланысқан.Хонсю мен Хоккайдо арасындағыдүние жузіндегі ең ұзын туннель 54 км –ге созылған Сэйкан деп аталады.Ұзын теңіз теміржол туннелін 2006 жылы салды. Жүргізуші Манат: Жапон халқы қазақ халқы сияқты салт- дәстүрге өте бай, мерекелі ел. Дәстүр жалғастығы жаңашылдығы сипатқа ие болған. Ұзақ тарихи дәуірлерде әр ұлттың өз әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі қалыптасады.Оларға табиғи, әлеуметтік және экономикалық жағдайлар ықпал етті. Жапондықтардың әрбір жыл мерзіміне байланысты белгілі әдет-ғүрпы мен салты бар. Ерекше танымал түрлеріне «Ханами» (гүлдерді тамашалау), «цукими»( Айды тамашалау),кжими (қарды тамашалау) жатады,ал оларды біріктіріп жалпы атпен «сэкутэкка»(қар, ай, гүлдер) деп атайды. Жүргізущі Қарлығаш:Жапондардың тұрмыс- тіршілігінде де басқа бір мәдениетке ұқсамайтын өзіндік салты мол сақталған. Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш- татами- төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен немесе жаланаяқ жүреді. Тамақтанатын әрі ұйықтайтын жері- еден.Сондықтан еденді әрқашан айнадай таза ұстайды. Жапондар- сәнді гүл шоғын икэбена өте шебер жасайтын халық. Олардың дзю-до, каратэ, сумо күресі секілді ұлттық спорт түрлері бүгіндебүкіл дүние жүзіне белгілі.Салт-дәстүрге бай елмен Ділнар, Айғаным, Айгүл, Оразбек, Лаура таныстырады. Ділнар. кимано Жапонияның ұлттық киімі-кимано, оны үйге де, мейрамға да кие беруге болады. Жапон тілінде кимано «Киім» деген мағына береді.Кимононың бірнеше түрі бар; ерлерге және әйелдерге арналған, жоғарғы және төменгі, үйішілік және жатын орындық.Жақсы кимано өте қымбат тұрады.Кимононы жібек матадан ,тоқыма матадан тігеді.Жапон әйелі балалық шағында сатып алған кимоносын өмір бойы кие береді.Оның ең басты сәндік бөлігі-оби белдігі болып табылады.Ертеректе белдіктегі түйінге қарап,жапон әйелінің қандай әлеуметтік топқа жататынын білуге болатын. Лаура. Сакураның гүлдеуі Жапондар табиғатты сүйеді әрі нәзік сезіммен қабылдайды.Олар жыл мезгілдерінің ауысуына ерекше мән береді. Шиенің, яғни сакураның гүлдеуі көктемнің келгенін білдіреді.Ең алдымен, Кюсю аралының оңтүстігіндегі шие ағаштары гүлдей бастайды, содан кейін бүкіл елде гүлдейді. Бұл туралы теледидар жаңалықтарында жан-жқты баяндайды. Сакура бар болғаны бірнеше күн ғана гүлдейді, жапондар бұл оқиғаны гүлдеген ағаштар түбінде мерекемен атан өтеді. Оразбек . Сумо ұлттық күрестің бір түрі, тамыры тереңге жайылған, өйткені 7 ғасырда сарай алды мейрамдарында турнирлер өтті.Соңғы кезде сумо дүниежүзіне әйгілі спорттың түріне айналды, басқа елдердеде жоғары дәрежелі күрес шеберлері пайда бола бастады.Соның бірі шет ел азаматы Акэбоно (Гавай) 1993жыл жоғарғы титул екодзуна ие болды.Сумо- күрестің ғажайып түрі.Кәсіпқой сумошылар күресер алдында дәстүрлі киімдерін киіп шығады Қазір елде жыл сайын алты ірі турнир өткізіледі .Сумо жарысы күн сайын 11 мың көрерменді жинайды. Айгүл. Шай рәсімі (тя-но ю) Жапондық шәй салтанаты өте күрделі. Шәй рәсімі эстетикалық салт болып табылады. Шайды дәріптеуді жапондықтар қытайдан қабылдап алған. Жапонияға шай 8 ғасырда келген. Шай рәсімінің төрт негізгі принципі: үйлесім-«ва», терең құрмет—«кэй» , тазалық – «сэй» және тыныштық, дамыл-«сэки» ұғымдарын алғаш рет Сюко Мурата 15 ғасырдың соңында қалыптастырған.Ұлы шеберлер көмегімен жасалған шай рәсімі өзінің эстетикалық және философиялық мәні арқылы осындай әдеиілікке табынуға қарсылық көрсететін күштерді жеңу мақсатын көздейді. Айғаным суши Жапон тағамдары Табиғи және үйлесімді жапон тағамдары әлемде ең пайдалы болып есептеледі. Төмен калориялы , ағуыз бен темірге бай, сонымен бірге құрамында холестерин мен майлардың әр түрлері аз.Басқа тағамдармен салыстырғанда оларда дәмдеуіштер дерлік жоқ, олар күрішке, соя өнімдеріне , балыққа, теңіз өнімдеріне, балдырлар мен көкөністерге негізделген. Суши тарихы небары 1300 жылға созылады. Біз оны бүгінгі күні қандай түрде білеміз, сол түрдегі сушиді алғаш рет жапон азпазшысы Ханая Йохей дайындады.Негізінде бұл тамақ жапон ақ желегінің кішкентай түйіршегіне салынған балық тілімінен тұрады. Оны дайындау үшін ең жоғары сапалы күріш пайдаланылады, ол сірке суымен дәмделеді. Мәні бойынша , жапон тағамдарын сипаттау үшін екі сөз жеткілікті: « табиғи және үйлесімді». Жапондық этикет ережелері: Жүргізуші Қарлығаш:Мерекелі ел, берекелі ел. Әр халықтың өзінің танымал мерекелері бар. Жапон халқының мерекелік символдары туралы Мерей ,Еркежан, Асланның мәліметтеріне құлақ салсақ. Мерей: 31 желтоқсан Омиска рәсімі, Жаңа жылдың алдында үйді тазалау. Үйді жақсылап тазалап ,үйдің есігіне қарағайдың бұтағын іледі, оны кадомацу деп атайды. Кадомацу аллаға сәлемдесу жасалады бамбуктан, күріштің сабақтарынан, мандариннен, балдырлардың жинағынан, құрғақ асшаяннан. Аслан: карағай денсаулық, қуаныш, бақыт символы. Бамбук- табандылық, Еркежан : мандарин ұзақ өмір сүру символы. Жүргізуші Манат: Жапонияда балаға деген көзқарас ерекше. Мұнда «Балалар күні» деген мейрам бар.Ал « Жеті-бес-үш» мейрамы кезінде балаларға ұлттық киім кигізіп, қасиетті жерлерге апарады. Жапон оқушыларынан ынта мен жігер, еңбексүйгіштік талап етіледі. Оқушылар кешке, сенбі күндері мектептен тыс сабақтарға қатысып , білім алады. Жүргізуші Қарлығаш: Жапонияда жыл сайын жүздеген жер сілкінулер болып тұрады, ақырын жер сілкінулер күнде деуге болады, ал күшті жер сілкінулер жылына бірнеше рет. Сондықтан бүкіл елде оқушыларға жұмысшыларға жер сілкіну кезінде өздерін қалай ұстауы керек, қайда тығылу керектігін үйретеді. 2011 жылы 11 наурызда Жапонияның ең ірі Хонсю аралында алапат жер сілкінісі , тіркелді, оның күші 8,9 балға жеткен. Зілзаланың эпицентрі Тынық мұхитының түбінде орналасыпты, осының салдарынан биіктігі 10 метрге дейін цунами көкөтерілген. Әсіресе «Фукусима1» АЭС-інде болған екі жарылыс салдарынан тарайтын радиация көршілес елдер аумағына жайылғандығы белгілі. Жүргізуші Манат: Туған жерім, құдіретті кең далам, Бір өзіңнің көркіңе әр кез тамсанам, Жапон секілді экономикалық ғажайып елмен Дос болғанға әркез менде қуанам. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері 20 жыл ішінде Жапония мен Қазақстан қарым-қатынасы даму үстінде Жапония үкіметі Қазақстанда «Семей аймағында медициналық көмек көрсетуді жақсарту», « Алматы обылысының денсаулық сақтау жүйесін жақсарту», Батыс қазақстанның автомобиль жолдарын қалпына келтіру жобаларын қаржыландыруды сонымен қатаржапондар Арал теңізі мен Арал маңында экологиялық жағдайды жақсартуға , Семей қаласында Ертіс үстіндегі көпірді салуға қомақты қаржы бөлді. Жүргізуші Қарлығаш: Мұғалімнің қорытынды сөзі Елің барда, үлтың барда – тірісің, Тілің барда- айбындысын ,ірісің. Өзге елге құрмет жасап достарым Жапон тарихын жақсы білгейсің деп Құрметті біздің қонаққа келген ұстаздарымыз! Сіздерді 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен және келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтаймыз. Әлемдегі барлық жақсылықты, байлықты, батырлықты сіздерге тілей отырып , Жапон елінен сіздерге сыйлығымызды,ұсынамыз, қабыл алыңыздар. Бағалау. Үйге тапсырма: параграф 23,24 Кескін картаға Жапония шаруашылығы мен өнеркәсібін түсіру. | |
Просмотров: 2731 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|