Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » География

Азия елдері
Ұйымдастыру кезеңінен кейін оқушыларға сабақтың мақсаты таныстырылды, баспасөз-конференциясының ерекшелігі түсіндірілді, оқушылар дайындығы бойынша 3 топқа бөлінеді. Жүргізушілер конференция қонақтарын таныстырып, тілшілер сұрақтарына жауап беруді өтінеді. Әр аймақты бастап келген топ басшыларына сөз беріледі.
1 топ – Оңтүстік-Батыс Азия
2 топ – Оңтүстік Азия
3 топ – Оңтүстік-Шығыс Азия
Әр топтың 1-ші географтары өз аймақтарының географиялық орнын анықтап елдерін көрсетіп өтеді. Астаналарын да атап көрсетеді.
1топ: Оңтүстік-Батыс Азия, Еуропа, Азия, Африка дүние бөліктерінің тоғысқан жерінде орналасқан ерекше аймақ. Оңтүстік батыс Азия елдері Кіші Азия, Арабия түбектері мен Иран таулы қыратын алып жатыр құрамына Түркия , Кипр, Иран , Ирак, Ауғанстан, Араб әмірлігі, Йемен, Оман,Катар, Бахрейн, Кувейт кіретін бұл аймақты «Таяу Шығыс» деп атайды.
Таулардың ең биігі – Гиндикуш таулары. Таулы қыраттардың ең биігі – Армян таулы қыраты. Жер қыртысындағы күшті жарыллар әсерінен жанартау атқылауларына ұшыраған. Қазіргі кезде жанартаулық әрекет бәсеңдеген, бірнеше сөнген жанартаулар бар. Ең ірісі – Үлкен Арарат(5165м). Армян таулы қыратының солтүстігінде Кавказ таулары орналасқан. Түбектің Жерорта теңізі жағалауы арқылы терең тектоникалық жарылыс өтеді. Осы жарылыс бойында Жер шарының теңіз деңгейінен ең төмен жатқан бөлігі – Өлі теңіз (–403 метр) орналасқан
Жалаулары мен бірге аймақтар
мен территориялараты Аумағы
(km²) Астаналары
Оңтүстік-батыс Азия:

Ауғанстан
647,500 Кабул

Бахрейн
665 Манама

Кипр 9,250 Никосия

Иран
1,648,195 Тегеран

Ирақ
437,072 Бағдад

Израиль
20,770 Құддыс[19]

Иордания
92,300 Амман

Кувейт
17,820 Кувейт

Ливия
10,452 Бейрут

Оман
212,460 Мускат

Қатар
11,437 Доха

СаудАрабиясы
1,960,582 Рияд

Сирия
185,180 Дамаск

Түркия
756,768 Анкара

Біріккен Араб Әмірліктері
82,880 Абу Даби

Иемен
527,970 Сана

2 топ: Оңтүстік Азия елдері. Үндістан түбегі мен оған жалғасып жатқан аралдарды қамтитын Оңтүстік Азия елдері Азияның басқа бөлігінен Гималай таулары мен Үнді-Ганг ойпаты арқылы бөлініп жатыр. Оңтүстік Азия құрамына Пәкістан, Үндістан, Бангладеш, Непал, Бутан, Шри-Ланка, Мальдив Республикасы кіреді. Аймақтағы ең үлкен ел – Үндістан, ал ең кішкендай елдер – Бутан корольдігі мен маржандық аралдарда орналасқан Мальдив Республикасы. Бутан мен Непал тау елдері болып табылады. Оңтүстік Азияның жер бедері өте күрделі. Мұнда асқақтаған Гималай тауларының етегіндегі Үнді-Ганг ойпаты оңтүстікке қарай біртіндеп биіктеп, Декан таулы үстіртіне ұласады. Гималай тауының ең биік нүктесі – Джомолунгма, оның биіктігі 8848м.
Жалаулары мен бірге аймақтар
мен территориялараты Аумағы
(km²) Астаналары
Оңтүстік Азия:

Бангладеш
144,000 Дака

Бутан
47,000 Thimphu

Үндістан 3,167,590 Нью Дели

Мальдивтер
300 Мале

Непал
140,800 Катманду

Пәкістан
803,940 Исламабад

Шри-Ланка
65,610 Коломбо

3топ: Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің құрамына Үндіқытай түбегі, Филиппин аралдары және Малайя архипелагында орналасқан елдер жатады. Бұл елдердің қатарына Индонезия, Лаос, Мьянма, Таиланд, Вьетнам, Камбоджа. Филиппин, Малайзия, Бруней, Малакка түбегінің оңтүстігіндегі аралдар орналасқан қала – мемлекет Сингапур да кіреді. Аймақтағы ең ірі мемлекет- Индонезия.
Жалаулары мен бірге аймақтар
мен территориялараты Аумағы
(km²) Астаналары
Оңтүстікшығыс Азия:

Бруней
5,770 Бандар Сери Бегауан

Камбоджа 181,040 Пномпен

Шығыс Тимор[10]
15,007 Дили

Индонезия[11]
1,419,588 Жакарта

Лаос
236,800 Vientiane

Малайзия
329,750 КуалаЛумпур

Мьянма (Бирма)
678,500 Naypyidaw[12]

Филиппин 300,000 Манила

Сингапур
704 Сингапур

Таиланд
514,000 Бангкок

Вьетнам
331,690 Ханой

Енді геологтар сөйлесін. Өз елдерінде қандай пайдалы қазбалар бар екен.
1 топ: Таулар Парсы шығанағына қарай саты түрінде аласарып, қатты майысқан Месопотамия ойпатына ұласады. Бұл ойпаттың атауы «Екі өзен аралығы» деген мағнаны білдіреді, ойпат арқылы Тигр және Евфрат өзендері ағып өтеді. Оңтүстік–Батыс Азия тас көмірмен түсті металдарға бай. Сонымен қатар вольфрам, хроимт, полиметалдардың кен орындары бар, көлдерден ас тұзы өндіріледі. Аймақтың басты байлығы – мұнай мен газ.
2 топ: Оңтүстік Азия пайдалы қазбаларға бай. Ұндістан түбегінде темір, мыс, марганец, хромит, алтын, алмас, графит кен орындары бар. Жағалық жазықтарда мұнай мен табиғи газ кездеседі. Аймақ сирек кездесетін асыл тастарға да бай.
3 топ: Оңтүстік-Шығыс Азия арқылы дүниежүзілік маңызы бар қалайы мен вольфрам белдеуі өтеді. Сондай-ақ аймақ қойнауынан мыс, мырыш, күміс, алтын, темір,мұнай мен табиғи газдың мол қоры табылған.
Биологтар өз елдерінде қандай өсімдіктер мен жануарлар барын айтып өтсін.
1 топ: Мұнда өсімдіктерден – шеңгел сияқты тікенекті бұталар, ал жер асты сулары жақын жатқан шұраттарда құрма пальмасы өседі. Жануарлардан – желаяқ бөкендер, жабайы есек-онагр, бір өркешті жабайы тұйе-нар, тарғыл қорқау қасқыр мен шиебөрілер кездеседі, кемірушілер өте көп.
2топ: Мұнда астық тұқымдастарға жататын биік шөптер арасында пальмира пальмасы, хош иісті сандал ағашы, тик және майлы ағаштар өседі. Жануарлардан – Үндістан мен Шри-Ланкада жабайы пілдер сақталған. Маймылдар барлық жерінде кездеседі.
3 топ: Өсімдіктерден – ұзындығы 200-300м-ге жететін оралып өсетін ротанг пальмасы мен лианалар ағаштарды шырмап, орманды құрайды. Ағаш діңдерінде шырмалып өсетін орхидеялар орманға айрықша көрік береді. Жануарлардан – жабайы бұқалар, ит басты маймылдар, ірі орангутанг, жолбарыс, қабыландар мекендейді.
Әр елдерде қандай дін таралғанын дінтанушылардан білсек.
1 топ: Оңтүстік-Батыс Азия – қазіргі әлемдік ислам, христиан, иудаизм діндерінің бесігі. Сондықтан да аймақ халқының ұлттық құрамы өте күрделі. Басым бөлігі мұсылмандар-сүннеттер мен шеиттер басым.
2 топ: Оңтүстік Азиядағы Гималай тауларының баурайы – әлемдік дін болып есептелетін буддизмнің пайда болған жері. Сонымен қатар мұнда мұсылмандар, индуистер, христиандар да бар.
3топ: Мұнда – мұсылмандар, буддалықтар, протестанттар мен католиктер бар. Мұсылмандар мен буддалықтар басым. Мьянма, Таиланд, Лаос сияқты мемлекеттер будда дінін ұстанса, Индонезия, Малайзия, Бруней сынды елдер ислам дінін ұстанады.
Келесі сөзді демографтарға берсек. Халық саны мен тығыздығын айтып өтсе.
1 топ:
Жалаулары мен бірге аймақтар
мен территориялараты Халық саны
(1 July 2010 est.)
млн.адам Жұрттығыздығы
(per km²)
Оңтүстік-батыс Азия:

Ауғанстан
29,1 45
Бахрейн
1,3 1807
Қыбыр[16]
1,1 118
Иран
75,1 46
Ирақ
31,5 72
Израиль
7,6 342
Иордан
6,5 73
Кувейт
3,1 175
Ливия
4,3 353.6
Оман
3,1 10
Қатар
1,7 152
СаудАрабиясы
29,2 14
Сирия
22,5 122
Түркия[20]
73,6 94
Біріккен Араб Әмірліктері
5,4 64
Иемен
23,6 23,6

2топ:
Жалаулары мен бірге аймақтар
мен территориялараты Халық саны
(1 July 2010 est.)
млн.адам Жұрттығыздығы
(per km²)
Оңтүстік Азия:

Бангладеш
164,4 1142
Бутан
0,7 15
Үндістан[13]
1188,8 362
Мальдивтер
0,3 1070
Непал
28 191
Пәкістан
184,8 232
Шри-Ланка
20,7 315

3топ:
Жалаулары мен бірге аймақтар
мен территориялараты Халық саны
(1July 2010 est.)
млн.адам Жұрттығыздығы
(per km²)
Оңтүстікшығыс Азия:[9]

Бруней
0,4 66
Камбоджия
15,1 83
Шығыс Тимор[10]
1,2 77
Индонезия[11]
235,5 124
Лаос
6,4 27
Малайзия
28,9 87
Мьянма (Бирма)
53,4 79
Филиппиндер
94 313
Сингапур
5,1 7526
Таиланд
68,1 133
Вьетнам
88,9 268
Этнографтар мен мәдениеттанушылар өз елдерінің мәдениетімен, сәулет өнерімен, туризммен таныстырсын.
1 топ: Оңтүстік-Батыс Азияда ең ежелгі егіншілік өркениеті қалыптасып, ірі керуен жолдары өткен. Бұл аймақта дүние жүзіндегі ең алғашқы қалалар мен мәдениет орталықтары пайда болған. Аймақта шағын қалалар басым, тарихи келбетін өзгеріссіз сақтап қалған ежелгі қалалар көп. Дамаск, Иерусалим, Бағдад, Мекке мен Медине, Басра, Стамбул қалаларында сәулет өнерінің ежелгі және жаңа үлгілері таңғажайып үйлесімін тапқан. Туризм: Вифлеем – Израильдегі христиандар орталығы; Кипр – климаттық курорттық зона; Лимасол – Кипр аралының оңтүстік жағалауындағы климаттық курорт. Мекке мен Медине – исламдағы негізгі діни орталық.
2 топ: Оңтүстік Азия елдері ұзақ уақыт Ұлыбританияның отары болғандықтан табиғат байлықтары аяусыз тоналып, халқы езгіге ұшыраған. Елдердің шаруашылығы мен тұрмыс жағдайы өте төмен дәрежеде қалып қойған. Тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана бұл елдер дамудың жаңа жолына бағыт алды. Үндістанда сәулет өнерінің деңдессіз ғимараттары көп. Мысалы Аградағы Тәж-Махал сарайы. Туризм: Мумбай – Үндістандағы үлкен қала, туристік орталық. Мұнда Үндістан қақпалары, триумфальді аркалары, үндістандық «Голливуд» бар; Тадж-Махал – Үнді архитектурасының ескерткіші, Шах-Джахан мен оның жұбайының мавзолейі.
3 топ: Туризм: Сингапур – Оңтүстік-Шығыс Азиядағы танымдық, сауықтыру, іскерлік туризмнің орталығы; Самуй –арал, Таиландтың оңтүстік-шығысындағы климаттық курорттық зона; Пкухет – арал, Таиландтың оңтүстік-батысындағы курорттық зона, туризм орталығы; Пинанг – Малайзияның солтүстік-батыс бөлігіндегі арал. Климаттық курорттық зона; Бали – Ява аралының шығысына қарай Кіші Зонд аралдары құрамындағы индонезиядағы арал. Климаттық курорттық зона.

Үйге тапсырма: «Азияның аймақтары мен елдері» картасын және қосымша мәліметтерді пайдаланып, өз бетіңмен Солтүстік Азия елдерінің қысқаша сипаттамасын құрастырыңдар.
Категория: География | Добавил: Salta8259 (2013-01-29) | Автор: Салтанат
Просмотров: 5719 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-12-20, 11:06 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru