Главная » Статьи » В помощь учителю » Мой Казахстан |
Cабақтың тақырыбы: «Тапқыр достар» Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойындағы туған жеріне, еліне, ана тіліне деген саналық көзқарас, сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Көрнекіліктер: мультимедиа, плакаттар, шар, слайд-шоу, нақыл сөздер Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі Жүргізуші: - Уа, халайық, халайық! Мында назар салайық Тапқырлардың ортада Көзайымын қалайық. Қайсы күйші, кім биші, Талабына қарайық. Кімдер зерек, кім тапқыр, Таланттарды табайық. -Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар, мұғалімдер және оқушылар! «Тапқыр достар» интеллектуалды сайысын ашық деп жариялаймыз. (Күй) «Шалқытып мерекеде ән салайық Өнерпаз өреңдерге тамсанайық. Әділдік пен шындықты арқа тұтқан, Әділқазы алқасымен танысайық» - демекші алдымен «Қара қылды қақ жаратын» әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін (3 адамды сайлау). 1 - Қазақ тілі пәнінің мұғалімі-Безбенова Мария Ибрагимовна 2 - Қазақ тілі пәнінің мұғалімі-Санияз Нұргүл 3 – Оқу ісінің меңгерушісі – Омарова Гүлден Ахметжановна Өнер-білім тапқырлардың тарланы, Еңбектегі әріптестер мақтаны. Өнеріңді ортаға сал, сайысқа, Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та – енді осы сайысқа өз өнерлерін көрсету үшін келген қатысушылар тобын қошеметтеп ортаға шақырамыз: 1 топ – «Жігіттер» тобы 2 топ – «Достар» тобы Қарсы алыңыздар! (Музыка) Сайысымызды бастамас бұрын шартымен таныстырып өтейін: 1.Әр топ өздерін таныстыру. 2.Сөз тапқанға қолқа жоқ. 3.Сөзден сөз туады. 4. Мәнерлеп оқу 5.Cуреттер сыр шертеді. 6.Кім жылдам.... 7.Мақал-мәтелдер сайысы. 8. «Ән-көңілдің ажары». Сайысымыз 10 балдық жүйемен бағаланады. «Білім, ғылым, өнерге, Қанат қағар кездерің. Болашағын елімнің, Көркейтетін өздерің» - демекші сайыстың бірінші бөлімін бастаймыз. I кезең – «Таныстыру» - «Жүздің жүзін білгенше, бірдің атын біл» деген. Олай болса, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастайық. Алғашқы кезең Танысу болғандықтан, сөз кезегін командаларға берейік. Қанеки, әр топ өздерін жұртшылық арасында таныстырсын. (Әр топтың өздерін таныстыруы, ұраны) (уақыты -2 минут) II – кезең – «Сөз тапқанға қолқа жоқ» - деп аталады. Алдымен әр топ мүшелеріне әріптер таратамын, ойынның шарты: әр топқа 20 сұрақтан қойылады, берілген жауап сол әріптен басталуы тиіс, барлық сұраққа жауап берсе 20 ұпай, одан төмен болса ұпайлары да төмен болады. Ойынымызды бастаймыз! (уақыт бойынша 3- минут, әр жауап бір ұпаймен есептеледі) 1- топқа • 1.Сіздің атыңыз кім? • 2.Сіз көршіңізбен қалай амандасасыз? • 3.Сіз қайда оқисыз? • 4. Көңіл-күйіңіз қалай? • 5.Сізге қандай тағам ұнайды? • 6. Жазда қайда демалдыңыз? • 7. 22-қыркүйек қандай мереке? • 8. Бос уақытта немен айналысасыңыз? • 9. Сабаққа немен келесіз? • 10.16-желтоқсан қандай мереке? • 11. Бүгін қандай күн? • 12.Тіл деген не? • 13.Сынып жетекшісі ұрсса не істейсіз? • 14.Қандай ұлттық салт-дәстүрді білесіңіз? • 15. ҚР қандай мемлекет? • 16. Қандай мамандық ұнайды? • 17. Анаңыздың аты кім? • 18. Кімді жақсы көресіңіз? • 19. Сіз қайда тұрасыз? • 20. Нағыз дос қандай болу керек? 2- топқа • 1.Сіздің есіміңіз кім? • 3.Сіз неше жастасыз? • 4. Сабақ оқыған ұнай ма? • 5. Көршіңізбен татусыз ба? • 6. Мерекеге қандай киім киесіз? • 7. Досыңыздың аты кім? • 8. Сізге қандай тағам ұнайды? • 9. Қандай тілде жақсы сөйлейсіз? • 10. Сабаққа жиі кешігесіз бе? • 11. 16-желтоқсан қандай мереке? • 12. Тобыңда қанша оқушы бар? • 13. Кешке не істейсіңіз? • 14. Сынып жетекшіңіз қандай адам? • 15. Қандай ұлттық салт-дәстүрді білесіңіз? • 16. ҚР биыл тәуелсіздіктің неше жылдығын тойлайды? • 17. Қандай пән ұнайды? • 18. Сіз қайда тұрасыз? • 19. Күз мезгілі ұнай ма? • 20. 22- наурыз қандай мереке? III – кезең - «Сөзден сөз туады» бөлімін бастаймыз. Берілген сөзге қарап бір әріпті екі рет қайталамай осы сөзден мағыналы сөз құрау қажет. Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі. (уақыты -2 минут) АТАМЕКЕН IV – кезең –Мәнерлеп оқу. «Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын» - демекші, бұл сайыста әр топ үй тапсырмасына берілген тақпақтарын жатқа бар өнерлерін ортаға салаып, мәнерлеп оқып береді. V – кезең -Топ басшыларымен бірге өткізіледі. «Суреттер сыр шертеді» -бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде топ басшылары экранда көрсетілген суреттерді тобына сипаттап, тұспалдап жасыруы керек, қалған топ мүшелері, оның жауабын табуы қажет. VI – кезең - Кім жылдам.... - деп аталады, бұл сайысымызда әр топқа тіл туралы айтылған сөйлемдерді орындарын тауып, сөздерді дұрыс, әрі тез құрастыру керек. 1.Менің ана тілім - шексіз бай, өте көне тіл. 2. Ана тілін жырлай алмаған ақын - ақын емес. VIІ – кезең - «Мақал-мәтелдер сайысы» - бұл бөлімде экранға берілген суреттерді қатыстыра отырып мақал-мәтел айтуларыңыз керек. VIIІ – кезең - «Ән – көңілдің ажары» әр топ өздеріне ұсынылған әнді топ мш.шелерімен бірге орындап шығу керек. Міне сайысымызда өз мәресіне жетті. - Қазылар орнықтырар әділдікті Кімдердің жауаптары кәміл шықты Білім мен тапқырлықтың сайысында, Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты» - дегендей сайыстың қорытындылап, жеңімпаздарды анықтап және құттықтау сөзі әділқазыларға беріледі. (Әділқазылардың құттықтау сөзі) Асан Қайғы, Жиренше Сөйлеп өткен қазақ тіл. Жәнібек пен Қойшыбай Сыйлап өткен ғажап тіл. Ата-анамыз әлдилеп, Уатқан бізді баба тіл. Сол туған тіл атауы- Ежелгі біздің қазақ тіл. Осы тілді жек көрген Дүниеден қалар құр. Бағаласаң шынымен , Бабаң тілің – асыл-дүр,- деп Қожаберген жырау жырлағандай, тілімізді жоғары ұстап, қастерлейік, бағалайық дей отырып, бүгінгі сайысымызды «жабық» деп жариялаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, құрметті достар! | |
Просмотров: 981 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|