Главная » Статьи » В помощь учителю » Мой Казахстан |
“Біздің елдің тарихында ер әр кезде қорғаушы азамат болған. Қазақ тарихында басқа елдің жеріне таласқан халық емеспіз. Біз осыны мақтанышпен айта аламыз. Туған жердің киесі мен қадір қасиетін әр азамат жүрегімен сезініп, жүрегімен аялай білсе, ұлтқа елге, Отанға деген сүйіспеншілікпен бағалай білсе, бұл-әр азаматтың қасиетті борышы ” Н.Ә.Назарбаев Қазақ хандығының құрылуы Мақсат: Қазақ хандығының құрылуы туралы мәліметтермен оқушыларды таныстыру. Сабақтың міндеттері: Білімділік: Қазақ жерін мекендеген ру- тайпаларының экономикалық , мәдени және саяси қарым- қатынастары нәтижесінде қазақ жерінде тұнғыш қазақ мемлекетінің құрылуын түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру, ізденуге дағдыландыру. Тәрбиелік: Оқушылардың отаншылдық сезімін арттыра отырып, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Қазақстан картасы. Сабақтын барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын түсіндіру II. Үй тапсырмасын бақылау: 1. Халық болып қалыптасу барысында қандай туыстай тайпалар болды? (Сақ, үйсін, қаңлы, сармат) 2. Моғолстан халқының этникалық құрамы қандай болды? (Дулат, қаңлы,үйсін, арғын, баарын) 3. Әбілқайыр хандығының этникалық құрамы қандай болды? (Қият, манғыт, үйсін, қоңырат) 4. Тарихи даталармен оқиғаларды сәйкестіріңдер? 1227-1255 Әмір Темірдің өмір сүрген жылдары 1433-1462 Батудың Алтын Ордада билеуі 1336-1405 Есен-Бұғаның Моғолстанда билеуі 1. Кестені дұрыс толтыр. Қазақ хандығының құрылуының алғышартары Тайпалар Мекендеген аймақтары 1.Наймандар 2.Қоңыраттар 2. \Ар 3.Арғындар 4.Керейлер 5.Дулаттар 6.Қаңлылар 7.Үйсіндер . Сұрақ жауап. - Қазақ мемлекетінің құрылу қарсаңындағы саяси жағдай? - Қазақ мемлекетінің құрылу қарсаңындағы этникалық жағдай? - Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылу қарсаңындағы экономикалық жағдай? 3. Әбылқайыр ханның жүргізген саясатына сипаттама беріндер. III. Жаңа сабақ барысы: « Миға шабуыл». 1. Балалар мемлекеттер қандай оқиғалар нәтижесінде пайда болады? (Оқушылардың жауаптары ) 2. Қазақ хандығы құрылуы туралы не білесіндер? -Бүгін біз Қазақ хандығы құрылуы туралы мәліметтермен танысамыз. 3. Мәтінмен жұмыс. Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығын құру жолындағы күресі. 4. Кестені толтырындар. Слайд №2 1.Әбілқайыр ханның билігі әлсіреуінің себебтері 2.Керей мен Жаныбек сұлтандардың көшіп кетуінің себебі 3. Қазақ хандығын аумағы және этникалық құрамы 4.Моғолстан ханы Есен-бұға неліктен Керей мен Жәнібекті құшақ жая қарсы алды,оның түпкі ойы неде еді Кестені орындауын тексеру. 5. Хрестоматия кітабынан қазақ хандығының құрылуы туралы М.Х. Дулатидің деректерін талдау. Слайд №3 6.Рефлексия.Кестені толтыру. Білгем Үйрендім Білгім келеді IV.Оқушылардың жұмысын бағалау,үйге тапсырма беру. | |
Просмотров: 980 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|