Главная » Статьи » В помощь учителю » Мой Казахстан |
Егеменді елім. Авторы: Арай Серікжанқызы Нұрғожанова 1. Қазақстан-туған елім, Ардақтаған айбыным. Асқар белім,шалқар көлім, Құшақ жайған айдыным. 2. Асқарлы қарлы шың, Аялаған ән құсым. Қазақстан армысың, Өзіңе мың алғысым. 3. Қазақстан - тірегім, Сенде өстім түледім. Бір өзің деп үнемі, Соғады менің жүрегім. 4. Қазағымның кең байтақ жері бар, Айдынды, шалқарлы, көлі бар. Жер асты байлығы тағы бар, Енбекқор,ізденгіш елі бар. 5. Елім менің мақтануға тұрарлық, Не көрседе,қайыспаған ол анық. Жүректері батыр болып жаралған, Қорғап қалған әр жаудан,ол-даралық. 6. Талай батыр ата жаудан қорғаған, Ерліктері қызыл қанмен боялған. Өзі өлсе де,аты оның өлмеген, Батырларды елім талай,қолдаған. 7. Даңқыменен әлемде олар жер жарған, Атағына ерліктері жыр қосқан. Батырларды дәріптейміз біз бүгін, Жыр-дастаннан оқып, көңілге тоқыған. 8. Исатай мен Махамбеттен үлгі алған, Өткір тіл мен ұшқыр найза қолға алған. Қабанбай,Наурызбай,Баян сынды тұлғалар, Азат еткен елді алғаш жоңғардан. 9. Амангелді елі үшін ол туған, Батырлығын халқы оның жырлаған. Ал,Ұлы Отан Соғысы барысында, Талай қазақ кеудесін оққа тосқан. 10.Қайрат есімі тілге оралар желтоқсанда, Тәуелсіздік таңы атқан сол бір айда. Қаншама жыл аңсаған-тәуелсіздік Орнаған нұр шуақ боп-Қазақстанда. 11.О,ғажайып Қазақстан неткен ел , Дүбірлетіп олимпиада өткен жер. Аты шығып зіл темірші Маяның, Александр,Ольга, Серік төккен тер. 12.Неше дүркін чемпион атанған, Илья біздің әлемді таңқалдырған. Асыл ұлы Бекзаттары елімнің, Жүрегімізде ізін мәңгі қалдырған. 13.Тізе берсем батыр көп елімізде, Мақтан тұтар есімдер есімізде. Әр батырға ерекше құрмет қылып, Қастерлейік әрқашан жүректерде. 14.Көрсетіп достықтың ғажабын, Аударған әлем назарын. Мойындатар жер жүзін, Әлі де талай қазағым. 15.Елбасымыз аман болсын әрқашан, Болдырмайды соғысты ол ешқашан. Елімізді дамытар жолдауымен, Халқымыздың достығы мықты болсын шойыннан. 16.Болашаққа зор сеніммен аттаймыз, Ер есімін жанымызда сақтаймыз. Ел іргесі аман болсын әрдайым, Тілектерді үмітпенен ақтаймыз. 17. Қазақстан,Қазақстан,атамекен, гүлстан, Туып өстім шықтым осы Шығыстан. Мақтанамын бүкіл байтақ жеріммен , Білімді де,тәрбиелі ұрпағыммен,еліммен. | |
Просмотров: 912 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|