Главная » Статьи » В помощь учителю » Мой Казахстан |
2030 стратегиясы 1997 жылы ашық құжат ретiнде жасалды. Бiз о бастан-ақ оған түзетулер енгiзу мүмкiндiгiн ескердiк. Әлемдегi жағдай өзгеретiнiн және өмiр өз түзетулерiн енгiзуi мүмкiн екенiн түсiне отырып, менiң тапсырмам бойынша жаңа жағдайдағы бiздiң орнымыз бен бiздiң мүмкiндiктерiмiздi ой елегiнен өткiзе отырып жұмыс iстейтiн жұмыс тобы құрылды. Олардың талдау жұмыстарын ескере отырып, мен ұлттың 2050 жылға дейiнгi жаңа саяси бағытын жасауды ұсынамын, оның iшiнде 2030 Стратегиясының мiндеттерiн орындау жалғасын табатын болады. Уақыт пен жағдай 2030 бағдарламасы сияқты бiздiң жоспарларымызға түзетулерiн енгiзетiнiн нақты түйсiнуiмiз керек. 2050 жыл - жай бейнелi дата емес. Бұл бүгiнде әлемдiк қауымдастық бағдар ұстап отырған нақты мерзiм. БҰҰ-да 2050 жылға дейiнгi өркениеттер дамуының жаһандық болжамы әзiрлендi. 2050 жылға дейiнгi болжамдық баяндаманы Дүниежүзiлiк азық-түлiк ұйымы жариялады. Қазiр елдердiң денi осындай ұзақ мерзiмдi стратегиялар әзiрлеп, қабылдауда. Қытай өзi үшiн дәл осындай стратегиялық жоспарлау көкжиегiн айқындап алды. Iрi трансұлттық компаниялардың өзi алдағы жарты ғасырға даму стратегияларын әзiрлеуде. Он бес жыл бұрын, 2030 Стратегиясы қабылдағанда бiздiң жаңа мемлекетiмiзде дүниеге келген қазақстандықтардың жаңа буыны ендi ғана мектепке баруға даярланып жатты. Бүгiнде олар еңбек етуде немесе жоғары оқу орындарын аяқтауда. Ендi екi-үш жылдан соң Тәуелсiздiктiң екiншi буыны дүниеге келе бастайды. Сондықтан қазiрдiң өзiнде оларға дұрыс бағдар нұсқау туралы ойланғанның маңызы зор. Бiздiң басты мақсатымыз 2050 жылға қарай Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Қазақстан ХХI ғасырдың ортасына қарай әлемнiң ең дамыған 30 елiнiң қатарында болуға тиiс. Бiздiң жетiстiктерiмiз бен қазақстандық даму үлгiсi Жаңа саяси бағыттың негiзi болуға тиiс. "Қазақстан-2050" Стратегиясы – "Қазақстан-2030" Стратегиясының жаңа кезеңдегi үйлесiмдi дамуы. «Бiз кiмбiз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келедi?» деген сұрақтарға жауап осы. Жас ұрпақтың нақ осыған мүдделi екенiне сенiмдiмiн. | |
Просмотров: 1682 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|