Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Мой Казахстан

Ата Заң және қоғам
Ата Заң және қоғам

Конституция – мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешектің кепілі!

Ата Заңның бастауы ерте заманнан басталады. Тәуке ханның Жеті жарғысы осы Ата Заңның негізі. Қазақ елінің халқын осы заңдар арқасында басқарып, билеп, Қазақстан жерін қазірге дейін алып келді.
Қазақстан 1991 жылы тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет болып жарияланды. Осыған байланысты 1992 жылы тәуелсіз Қазақстанның ең алғаш Ата Заңы қабылданды. Осындай аз уақыт ішінде қабылданған Ата Заң қоғамның кейбір маңызды мәселелерінің шешімін таппады, сондықтан 1995 жылы Ата Заң қыбылдау жөнінде бүкілхалықтың референдум өткізілді. Бір жарым жылдай арнайы комиссия дайындаған Конституция жобасын бүкіл Қазақстан халқы талқылап, өз үлестерін қосып өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Ата Заңымыз гуманистік ізгілігімен, демократиялық сипатымен, мемлекеттің нығайтылуына бағытталған. Ол мемлекеттің құрылысын, басқарушы, атқарушы, Заң шығару органдарын, мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын, халықтың құқы мен міндеттерін анықтап, ашып, шешіп берді. Мемлекетке қажетті барлық заңдар өзінің бастауын осы Негізгі Заңнан алады. Ата Заң қабылданғаннан бері елімізде басқа көршілес елдердегідей саяси дағдарстар болған жоқ. Керісінше қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайы жақсаруда. Қоғамның дамуы Ата Заңға сәйкес өзгеруде. Ата заңымыз республика азаматтарының білім алып, жан-жақты жетілуіне, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жол ашты. Мемлекеттік биліктің үйлесімді жұмысының арқасында Қазақстан татулығы жарасқан, ішкі, сыртқы саясаты тұрақты елге айналды. Алыс-жақын шетелдердің арасында беделі артып, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына басшылық етуге қол жеткізді.
Біздің Отанымызда адам өмірге келген минуттан бастап Ата заңымыз өз қамқорлығына алады. Конституциямызда негізгі фактордың бірі – адамның жағдайы. Сондықтан халықтың құқығы мен олардың бостандығы республикамызда баса назарында.
Адам баласының бір қуанышы, жарық жұлдызы, темір қазығы - туған елі. Еңсесі биік, мәртебесі асқақ, көгінде көк байрағы желбіреген қазақ жерінде қазақ болып туғаныма, осындай құқықты, демократиялық елдің азаматы болғаныма мақтан етемін. Біздің елімізде ең қымбат қазына - адам өмірімен бағаланған қазақ елінің Ата Заңы. Адам құқы Ата Заңмен анықталып, еркіндікке мүмкіндік береді. Осындай көркейген ел ішінде өмір сүріп жатырмын. Бүгінгі өміріме, өз ортама, ризашылықпен қарай отырып, Ата Заңның аясында ертеңгі өмірімнің жарқын боларына толық сенемін.
Халықтың жұмыс істеуге, денсаулығына жағдай жасап, ұлтының болашағы жан – жақты қарастырылған Ата Заң елдігімізді нығайта түсуде. Елдікті - білімді ұрпақ қана жалғай алады. Ендеше, сол білімді ұрпақтартарды оқытып жүрген қатарында мен де бармын. Мен ұстаздық етіп әрбір оқушының жүрегіне жылылық ұялатуға тырысамын. Ата Заңды, мемлекеттік тілді, мемлекеттік нышардарды қастерлеп, құрметтеу әрбір қазақстандықтың парызы деп ұқтырамын. Себебі, әр елдің Ата Заңы - оның бақытты тірегі, мемлекеті - мәңгілік мекені, ұлттық нышандары – ұлттығымызды асқақтатын алтын белгілері болғандықтан еліміздің рухани құндылықтарын қастерлеуге, қадірлеуге үйрету мен үшін үлен парыз деп санаймын.
Категория: Мой Казахстан | Добавил: almadzhabalova60 (2018-01-05) | Автор: Джабалова Алма Сманиевна E
Просмотров: 558 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-11-18, 3:14 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru