Главная » Статьи » В помощь учителю » Мой Казахстан |
Қазақ тілі сабақтарында тіл ұстарту жұмыстары «Тарих толқыны» атты еңбегінде Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақтың ұлттық тұтастануы үшін табан тірейтін негізгі идеялық тұғыр біршама айқын. Бұл мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін дамыту және нақтылы әрекетке ұластыру. Бұл Қазақстанның аймақтық тұтастығы. Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақ ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен»?-деген еді. Шындығына келген келгенде, қазіргі уақытта қазақ тілін оқытудың маңыздылығы артып, мемлекеттік мәнге ие болып отыр. Қазақ тілінен дәріс беретін мұғалімдер еліміздің болашағына азаматтық сезіммен қарап, өзіндік үлесін қосуда. Қазақ тілін үйретудің озық әдістерін қолдана отырып, шығармашылықпен еңбек етсе, болашақта мемелекеттік тіл-қазақ тілінде еркін сөйлей алатын азаматтардың саны арта түсері сөзсіз. Орыс тілді сыныптарда тіл ұстартудың маңызы зор деп ойлаймын. Сабақ –мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы дейміз. Өткізілетін сабақтың сәтті болуының толып жатқан шарттары бар. Оның ең бастысы-оқытушының білімі мен жан-жақтылығы, шәкірттерімен тіл табыса білуі, бір сөзбен айтқанда, ұстаздың жеке басының тұлғасы. Әрине, бұған қоса әдістемелік тұрғыдан шыңдалған шеберлік те қажет екені сөзсіз. Осы талапты жақсы түсінген ұстаз ғана өз шәкірттерінің жүрегіне жол тауып, студенттердің пәнге деген қызығушылығын, пәнді игеруге деген ынта-жігерін арттыра түседі. Орыс халқының ұлы педагог жазушысы Лев Толстой: «Егер мұғалім іске деген және оқушыға деген сүйіспеншілігін біріктірген болса, онда ол –нағыз мұғалім болғаны», -деген еді. Сөйтіп, оқушыларымның қазақ тілін игеруге қызығушылығын, ынтасын арттыруды басты мақсат етіп алдым. Оқушыларға қазақ тіліндегі жалғаулардың түрлерін, етістіктің әр түрлі формаларын меңгерткеннен кейін сұраулы сөйлем құраудың әдістерін үйретуге кірісемін. Мұндағы басты мақсатым оқушылардың ауыз екі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық қорын молайту. Өйткені, диалог-тек екі адамның сөйлесуі ғана емес, сөйлеу мәдениеті, тыңдата білу, пікір айта білу, түсінікті сөйлей алу, сөйлемді дұрыс құрап, дуы ырғағын ой мағынасына сәйкестендіру. Сондай-ақ сұрақ қойып, жауап бере алуға үйретудің мақсаты-ойлау қабілетін жетілдіре отырып, тілін дамыту. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін оқушылардың грамматикалық ережелерді жетік меңгеруіне үлкен көңіл бөлу керек. Бұған қоса көргенін әңгімелеп беруге баулып, табиғат көріністерін суреттеп айтқыза отырып, ауызша тіл дамыту жұмысына дағдыландырамын. Суатты сөйлеуге қол жеткізу үшін ережені жаттап алу әрине, жеткіліксіз. Белгілі бір ережеге байланысты мысал келтіру, сөйлем құрастыру, грамматикалық формаларға дұрыс талдау жасай алуына қол жеткізуге тырысамын. Тек сонда ғана оқушы өтілген грамматикалық тақырыптардың ерекшелігін терең игеріп, пайдалана алатын болады. Орыс тілді топтар үшін міндетті түрде өтілуге тиісті қазақ тіліне тән грамматикалық ережелерді тіл дамыту, жаттықтыру; дағдыландыру жұмыстарын жүргізе отырып, игерткеннен кейінгі міндет сол алған білімдерін іс жүзінде, күнделікті өмірде еркін қолдана білуіне дағдыландыру болып табылады. Мысалы «Етістіктің шақ формаларын», «Болымсыз етістік», «Қалау рай», «Шартты рай», «Тұйық рай» т.б. формаларын игеріп, сөйлем құрай білуге дағдыланғаннан кейін осы формаларды пайдаланып сұрақ қойып, жауап бере алуға үйретуге болады.Мысалы: 1. – Кирилл, сен қазір мектепке барасың ба?-деген сұраққа бірнеше әдістерді қолдана отырып, жауап беруге үйретемін. Мысалы: 1)– Иә, мен қазір мектепке бара жатырмын. 2) –Жоқ, мен қазір мектепке бара жатқан жоқпын, театрға бара жатырмын. 2. –Немесе,-Кристина, сен ертең кешке өзіңнің тобыңдағы оқушылармен бірге Абай атындағы облыстық драма театрына барасың ба?-деген сұраққа төмендегідей жауап беруге үйретемін. 1)-Иә, мен ертең кешке сыныптағы оқушылармен бірге Абай атындағы облыстық драма театрына барамын. 2) –Жоқ, мен ертең кешке өзімнің сыныбымдағы оқушылармен бірге Абай атындағы облыстық драма театрына бармаймын. Келесі бір сұрақтың формасы: 2. – Саша сен кеше мектепте Иринаны көрдің бе?-деген сұраққа 1) - Иә, мен кеше мектепте Иринаны көрдім. 2) –Жоқ мен кеше мектепте Иринаны көрген жоқпын, өйткені мен мектепке түске дейін барғам, ал Ирина түстен кейін барған,- деп жауап бере алуға дағдыландырамын. Жоғарыда келтірілген мысалдар етістіктің шақ формаларын, болымды, болымсыз етістік тақырыптарын жете меңгергеннен кейін іс жүзіне асырылатын талаптар. Кез-келген сұрақтарға оқушыларды құптап немесес құптамай жауап беруге үйретудің маңызы зор. Сөздік қоры молайып, грамматикалық ережелерді сауатты меңгерген оқушылардың қазақ тілінде сөйлеуг ынтасы артып, одан әрі үйренуге деген қызығушылығы молайып, мемлекеттік тілде сөйлей алатынын мақтан етері сөзсіз. Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытуда ақпарат құралдарын пайдаланудың орны ерекше. Газетпен жұмыс сабақтың негізгі бөлігінін алмаса да, қосымша оқу материалдарының бір бөлігін құраса дұрыс болады. Мұғалімнің басшылығымен жүргізілген, дұрыс ұйымдастырылған газетпен жұмыс істеу оқушылардың ой-өрісін дамытады, қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылатын елімізде, жергілікті жерлерде болып жатқы оқиғалардан хабардар етеді. Оқушылардың азаматтық көзқарасы қалыптасады, кез-келген тақырыпта өз ойын еркін білдіруге дағдыланады. Бұған қол жеткізу үшін газет мәтінінін сауатты оқу, аудару, газет мәтінінің мазмұнын әңгімелеп беру, мәтінде көтерілген мәселеге пікір білдіру, мәтіндегі әр сөйлемге сұраулы сөйлем құрастыру сияқты студенттердің қызығушылығын, тіл игеруге ынтасын арттыратын түрлі әдістерді ұйымдастыруға болады. Қорыта келгенде, қазақ тілін үйретудің озық әдістерін қолдана отырып, шыармашылықпен еңбек етсе, болашақта мемлекеттік тіл –қазақ тілінде еркін сөйлей алатын азаматтардың саны арта түсері сөзсіз. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыруда басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытатын әрбір оқытушының аса жуапты міндетті орындауда атқарар қызметі зор. | |
Просмотров: 1937 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|