Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Мой Казахстан

Жайна мәңгі тәуелсіз ел Қазақстан!
Шығыс Қазақстан Облысы Өскемен қаласы
«№6 мектеп – балабақша кешені» ММ
Бастауыш сынып мұғалімі : Ильясова Жанат Сайлауовна

Тәрбие сағаты.
Тақырыбы: Жайна мәңгі тәуелсіз ел – Қазақстан!

Мақсаты: Тәуелсіздіктің жетістіктері туралы мағлумат беру.Оқушыларға патриоттық тәрбие беру,балаларды туған жерін, Отанын қастерлеп,сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері:
Мемлекеттік рәміздер,Қазақстан картасы,Н.Ә.Назарбаевтың суреті, Тәуелсіздік күніне арналған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер,
қабырға газеттері, буктемелер,компьютер,экран/слайд-шоу/,шарлар.

1-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қауым, осынау біліммен мәдениет ошағына қош келдіңіздер! Баршаңызды алда келе жатқан біз үшін аса қасиетті,қымбатты мереке Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
2- жүргізуші:
Өзіндікі елің де,
Өзіндікі жерің де,
Жаса,Қазақстаным,
Тәуелсіздік төрінде!-дей келе,ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Жайна мәңгі тәуелсіз ел – Қазақстан!» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Мемлекеттік ӘНҰРАН орындалады.
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік.Қандай қасиетті,қастерлі ұғым.Ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікті алғанымызға міне, биыл тура 20 жыл толады.Тәй-тәй басқан шағынан бастап талай-талай қиындықтарға қарсы турған Тәуелсіздігіміз бірте-бірте еңсесін тіктеп,тұғырын биіктетіп,тамаша табыстармен жігіт жасына жетіп отыр. Егеменді еліміздің тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде көптеген биік асуларды бағындырдық. Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан-теңіз, әрі де берері тіпті мол.

1 -Оқушы:
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
Қуаныштан қалай кеуде кермесін,
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,
Тәуелсізбін,егеменмін,дербеспін.
ӘН «Қазақстан»/ сөзі:Ғ.жұмабаев,әні:С.Мұхамеджанов/
2- жүргізуші:
Тәуелсіздіктің 20 жылы тарихта өз ерекшеліктерімен қалды.
Біз бүгін осы атаулы жылдарға тоқталмақпыз.(слайд шоу)

1991 жыл.
1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Сөйтіп Қа¬зақстан Коммунистік партиясы Орта¬лық Комитетінің ХV пленумы қабылдаған шешім қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер енгізді.
Н. Назарбаев қол қойған алғашқы Жарлықтарының бірі — 1991 жылғы тамыздың 29-ындағы «Семей полигонын жабу туралы» Жарлық болды. Елбасының осы тарихи шешімі, батыл қадамы бүгінде дүние жүзіне мәлім тарихи фактіге және біздің ұлттық мақтанышымыздың мәніне айналды.
Таяуда ғана Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы біздің ел Президентінің ұсынысын мақұлдап, 29 тамызды Халықаралық ядролық қару-жараққа қарсы күрес күні деп жариялады.
1992 жыл.
Қазақстан 1992 жылғы 2 наурыздан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі. Қазір еліміздің БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) секілді 70-ке жуық халықаралық ұйымдарда өкілдігі бар.
Мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылғы қаңтарда еліміздің ішкі істер әскері құрылды.
Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Ту авторы — суретші Шәкен Ниязбеков, Елтаңба авторлары — сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов.
1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді. Мәтінін жазғандар — Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дарибаева. Әуенін жазғандар — Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди (1944 ж. нұсқасы сақталды).
1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті.
1993 жыл.
1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды.
Одан кейін Елбасының бастамашылдығымен 1993 жылғы мамыр айында «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды. Осылайша біздің мемлекет кезінде кертертпа жүйенің кесірінен еліміздің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында құрбан болған азаматтарды ақтап, бәзбіреулердің өктем саясатымен жасалған тарихтың қателігін түзеді
1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты.
Сөйтіп, төл теңгеміз 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға түсті.
1993 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту басталды.
1994 жыл.
1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.
1995 жыл.
1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган — Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты — қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды.
1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы ашылды. Онда қаралған мәселелер: Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатында бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізу. Елбасының бұл қызметте болуының бірінші конституциялық мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді.
1995 жылы 29 сәуірде Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізілді. Сайлаушылардың 95,4%-ы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігін ұзартуды қолдады.
1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономикалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескертілді.
1997 жыл.
1997 жылы министрліктер мен ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. Әкімшілік ауданның 220-ның 30-ға жуығы таратылды. Әкімшілік облыстар 19-дан 14-ке кеміді. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазіргі кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар.
1997 жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауы жарияланды. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың ерешеліктері айтылды.
Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген.
2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады
1998 жыл.
1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға Жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып өтті.
1999 жыл.
1999 жылы Рим папасы Астанаға келді.
1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды.

Ән «Жаса,Қазақстан»
2001 жыл.
2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа —Батыс Қытай» жобасы басталды. Еліміздегі жолдардың көп бөлігі жөнделіп, жаңа жолдар салынды. Әуежайлар мен Каспийдегі теңіз порты қайта құрылды.
Қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи-мәдени игіліктерімен таныстыру мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы құрылды.
2001 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Астана төрінен «Атамекен» Қазақстан картасы» этнографиялық-мемориалдық кешені» деп аталатын мәдени орын ашылды. Қазақстанның кішірейтілген картасы іспеттес. Аспан астындағы мұндай мұражай дүние жүзінің 17 елінде ғана бар. Бельгиядағы «Шағын Европа» саябағы, Австрия, Швейцария, Германия, Испания, Ұлыбритания елдерінің үлгісімен дүниеге келген «Атамекенде» 14 облыс, 2 қала — Астана мен Алматы қалаларының макеттері қойылған.
2002 жыл.
2002 жылы Евразияның кіндігі — Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана – Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр.
2003 жыл.
2003 жылы Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезі болды.
Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Сыртқы пішініне қарап жергілікті халық «Пирамида» деп атап кеткен Бейбітшілік және келісім сарайы – ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың, халықтар достығының өзіндік символы тәрізді.
2003 жылы демографиялық жағдайды көтеру және әлеуметтік қолдау мақсатында аналарға бала тууына байланысты бір реттік жәрдемақылар беріле бастады. Ал 2006 жылы бала бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы тағайындалды.
2004 жыл.
2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының біргей марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары көрермен назарына ұсынылып отыр.
2004 жылы 13 қаңтарда ҚР Президенті «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Қаулыға қол қойды.
2006 жыл.
2006 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған пирамида үлгісіндегі Бейбітшілік және келісім Сарайы — Астананың ең үлкен мақтаныштары қатарындағы ғимарат.
2006 жылы қыркүйек айында дәл осы жерде Әлем діндерінің екінші съезі өтті.
2008 жыл.
2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр.
2010 жыл.
Үкімет индустриялдық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруға кірісті. Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде үстіміздегі жылы ғана 140-тан астам жаңа бәсекеге қабілетті өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылады.
Астана қаласында мемлекет тарихында тұңғыш рет Орта Азия елдерінің басшыларының қатысуымен ЕҚЫҰ-ның Саммиті өтті. Тіпті, өткен ғасырдың өзінде КСРО-да Мәскеу қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Еуропа мемлекеттерінің жиынын өткізу мерейіне ие болған жоқ. Сондықтан бұл ірі халықаралық ұйымның Саммитінің Астанада өтуі – мемлекет үшін де, еліміздің әрбір азаматы үшін де биылғы жылдың басты оқиғасы.
2011 жыл.
2011 жылғы халқымыз үшін ең басты мереке – бұл Тә¬¬уе묬сіздігіміздің 20 жылдығы. Бұл – Тәуелсіз еліміздің тବ¬ри¬хын¬дағы осы күнге дейінгі ең атаулы оқиға. Ел¬бବсы¬мыз¬дың тә¬уелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі ны¬ғай¬туға жә¬¬не елі¬міздің болашақта дамуын қамтамасыз ету¬ге ба¬ғыт¬та묬ған «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тә¬уел¬сіз¬ді¬гі¬нің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы» жар¬лы¬ғына сә鬬кес, 2011 жыл Қазақстан Республикасы тә¬уел¬сіз¬дігінің жы¬¬лы деп жарияланды.

1-жүргізуші:
Осы жиырма жыл ішінде елі¬міз еңселі мемлекет болып қа¬лыптаса алды. Әлемнің ал¬дың¬ғы қатарлы елдерімен иық те¬ңестіретін дәрежеге жеттік. Біз қол¬да тұрған ядролық қарудан бас тарттық, сол арқылы әлем ел¬деріне, әсіресе, азулы алпауыт дер¬жаваларға үлгі-өнеге көр¬сет¬тік. 2010 жылы ТМД мен Азия елдері арасында тұңғыш рет Еуропадағы қауіпсіздік жә¬не ынтымақтастық ұйымына же¬текшілік еттік. Биылғы жы¬лы Ислам Конференциясы Ұйы¬мына төрағалық еттік, 7-қыс¬қы Азиада ойындарын өт¬кіздік.

Ән «Қазақ елі»

2-жүргізуші:
«Тәуелсіздік – бұл болашақ ұр¬пақтарға қалдыру үшін көздің қа¬рашығындай сақтайтын жә¬не нығайтатын біздің басты игі¬лігіміз. Еліміз өзінің да¬муы¬ның 20 жылы ішінде қол жеткізгеннің барлығы Тә¬уелсіздіктің арқасында кел¬ді және біз оны ешқашан ұмыт¬пау¬ға тиіспіз. Бұл – өткендегі же¬тістіктеріміз туралы ай¬ту¬ға ғана емес, бұл ертеңгі күн¬ге сеніммен қарауымызға се¬беп» деп Елбасымыз атап көр¬сеткендей осы бір тарихи ке¬зеңнің қазақстандықтар үшін қаншалықты маңызды екен¬дігі баршамызға аян. Ата-ба¬баларымыздың ғасырлар бо¬йы аңсаған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егеменді ел бол¬ға¬нымызға, еліміздің дербес мем¬лекет ретінде тұғырын тік¬те¬геніне міне, биыл 20 жыл тол¬ды. 20 жыл уақыт өлшемімен са¬лыстырғанда қас-қағым уақыт де¬сек те, Егемендігіміздің ір¬ге¬тасын бекітуге себеп болған же¬тістіктеріміз ауыз толтырып ай¬тарлықтай.

1-жүргізуші:
Еліміз осы атаулы мерекені жан-жақты мерекелелік іс-ша¬ралармен атап өтуде. «20 Жұлдызды күн» слайд шоу көрсету.
Ел тәуелсіздігінің қарсанында «Тәуелсіздіктің 20 шыңы»- «20 Жұлдызды күн» атты акция бастау алды.Қараша айының 26-жұлдызынан бастау алған акция аясында түрлі мерекелік ,қоғамдық саяси, мәдени,спорттық іс шаралар ұйымдастырылды.
1 сынып оқушылары:
ЖАСА, ҚАЗАҚСТАНЫМ!

Басты алға азат ел – анамыз,
Бастауда Нұрсұлтан данамыз.
Гүлденді кең байтақ даламыз,
Түрленді сәнді сан қаламыз.
Елдікке, бірлікке сенеміз,
Ерлікке, тірлікке кененбіз.
Қажырмен қарыштап келеміз,
Болашақ бағына енеміз.
Басқарған Елбасы ұлы іс –
Басталған жаңаша құрылыс.
Баянды басталды бетбұрыс,
Оңғарған ер көсем құрып іс.

Жаңаша дарыған білімім,
Жараса дамыған ғылымым.
Қазақтың өркенін өсірген
Азат күн – бақытым – ұлы күн.
2-жүргізуші:
Көгілдір аспанымыз ашық болсын!
Күніміз жарқырыған жарқын болсын!
Төзілген мейірім мен шапағатқа,
Төрімде тәуелсіздік құтты болсын!

1-жүргізуші:
Тәуелсіздік жырын жырлап ғарыштан,
Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.
Келешегі кең өрісті,кемелді,
Жайна мәнгі тәуелсіз ел – Қазақстан!

Ән «Атамекен» хормен айтылады.

Источник: http://Мой Казахстан!
Категория: Мой Казахстан | Добавил: Жанет (2011-12-14) | Автор: Ильясова Жанат Сайлауовна E
Просмотров: 12132 | Рейтинг: 3.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 5:14 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru