Главная » Статьи » В помощь учителю » Мой Казахстан |
Тәуелсіз Қазақстан : бейбітшілікпен жасампаздықтың 20 жылдығы. Сабақтың мақсаты: Қазақстан мемлекеті туралы түсінік беру Сабақтың міндеттері: сөйлеу әрекетін қалыптастыру, ең негізгі фактіні таңдай білуге дағдыландыру, Отанына деген елжандылық сезімді ояту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, адамгершілікті тәрбиелеу. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Сабақ Балалар. Біз бүгінгі сабағымызда Отанымыз туралы әнгімелейміз. Бүгінгі сабақ ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өтуде. Тәуелсіздік алған тұста біз таңдауы қиын жолайырықта тұрдық. Біздің дұрыс жол таңдап, ізгілік пен сенімге негізделген парасатты саясат жүргізгенімізді сара уақыттың өзі дәлелдеп берді. Біз жүз жылға татитын жиырма жылда ортақ жауапкершілік жолын жүріп өттік, биік белестерді бірге бағындыра білдік. Бауыры бүтін бірлігімізбен елдікті еселеп, мызғымас мемлекетімізді бекемдей түстік. Біз тату-тәтті қазақстандық отбасын құрдық. 20 жыл ішінде біз Тәуелсіздік жағдайында өсіп шыққан қазақстандықтардың алғашқы буынын тәрбиеледік. Оларды елдің және халықтың игілігіне орасан күш-жігермен жұмыс істейтін патриоттар, белсенді және толерантты азаматтар етіп тәрбиеледік. Оқушы: Егемендік –ел болудың белгісі, Басқа жұртпен тең жұлдызды, тең күші. Егемендік деген сөзден естілер, Ата жұрттың арғысы мен бергісі. 2-ші оқушы: Қазақстан-көк байрақты нұр елім, Сен дегенде лүпілдейді жүрегім. Өзің менің қуанышым, бақытым, Өзің менің миятым да тірегім. 3-ші оқушы: Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың! Балалар. Қандай ойлар оятады оқушылардың тақпағы? 3. Көзге жаттығу 4. Бекіту: - Қазақстан қандай мемлекет? - Қазақстан Республикасының рәміздері - Қазақстанның жері қандай? - Қазақстан халықтары қалай тұрады? - Қазақстан 20жыл аралығында кандай жетістіктерге жетті? - Біздің мектеп ақыргы жылдарда қандай нәтижеге жетті? 5. Сабақтың қортыны | |
Просмотров: 1309 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|