Главная » Статьи » В помощь учителю » Мой Казахстан |
Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлиннің шығармашылығы мен оның шығармасы «Шұғаның белгісі» Білімділік мақсаты: оқушыларды қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы Бейімбет Майлиннің шығармашылығы мен оның шығармасымен таныстыра отырып білімдерін кеңейту, шығарманың мазмұнын білу, идеясын ашу. Дамытушылық мақсаты: жазушының жанр шеберлігінде жеткен жетістіктерін таныту,шығарманы оқыта отырып іздендіру. Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа білімді алу Сабақтың түр: Проблемалық оқытуға негізделген практикалық, ізденіс сабақ. Оқыту әдістері: баяндау, іздену, Көрнекілік: слайдтар, интер.тақта, Сабақтың барысы I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіңдерме , балалар? Бүгін сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ? Мен сендерге алдын –ала үйге шығарманы өз беттеріңмен оқуға, шығармашылық топтарға тапсырма бергем. Енді мына бір көрініске көңіл бөлейік. (Қойылым). I I (Қойылым). Енді мынандай сұрақтар қойғым келіп тұр. Қойылымнан не байқадыңдар? Қазіргі кезде осындай жағдай болуы мүмкін бе Жалғыз қазақ әйелдері басында осындай тағдыр болды ма ? СОЛ КЕЗДЕГІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ рөлі қандай. Қазақ жазушылары осы тақырыпқа ӘЙЕЛДЕР ТЕҢСІЗДІГІ туралы көп шығармалар жазғанын сендер жақсы білесіңдер. А . Мына кесте бойынша өткен шығармалардың авторлары мен кейіпкерлерін еске түсірейікші (Кесте) автор Шығарманың аты кейіпкері М. Дулатов , С. Торайғыров, Ж. Аймауытов, «Шұғаның белгісі» Б. Майлин «Ақбілек», «Қамар сұлу», «Бақытсыз Жамал», «Шұғаның белгісі» Енді біз осы кестемізді тағы бір қазақтың дарынды жазушысы, әйел теңсіздігін сынай жазған, репрессия құрбаны Майлинмен толтырамыз. Екінші топ өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынады. (Слайд шығармашылығы) III. Жаңа тақырыпқа көшу 1. Презентация (шығармашылығы, өмірбаяны) Майлиннің өмірбаяны мен шығармашылығымен танысасыңдар. 2. (шығармашылығы туралы сұрақ – жауа ) 3. Әдебиетте жанрлардың қандай түрлерін білесіңдер? Жанр дегеніміз не Проза дегеніміз не? Дәптерлеріңе жазып алыңдар. Бүгін тағы бір жанр Хикаятпен танысамыз. Хикаят дегеніміз не? Әдеби хикаялардың, жинақтардың аты. Болған іс, бастан кешкен оқиға. IV. Ол Майлиннің «Шұғаның белгісі» дейтін хикаяты. Тақырыпты аша білу үшін «Шұғаның белгісін» алдын ала оқуға бергем. Қазір біз сендермен осы хикаятты топпен бөліп, әр бөліміне ат қойып негізгі идеясын ашуға тырысамыз. Хикаятта кездескен көнерген, ал сендерге жаңа сөздерге көңіл бөліңдер. Дәптерлеріңе жазыңдар. Сөздік жұмыс Обашық метка сделанная из камнеей или зели Қызойнақ место где молодежь проводит вечер Сықырлауық дверь юрты Осы жаңа сөздермен сөйлем немесе сөз тіркесін құраңдар. Осы шығарманы оқуға алдын ала берілген.Енді біз бірлесіп мазмұнын мазмұнын ашып, негізгі идеясы неде екенін қарастырайық. Тақырыпты ашу үшін « Шұғаның белгісі» хикаятының әр бөліміне ат қою, негізгі оқиғаларға түсінік беріп, мына бір сұрақтарға жауап іздей отырыңдар Топпен жұмыс I топ 1-4 бөлім Осы хикаятта қандай мәселе сөз болады.? Шығарма не туралы ? I I топ 5- 8 бөлім Қандай трагедиялық жай айтылады? III топ 9-11 Жазушының негізгі мақсаты неде? Шығарма неге осылай аталған? 4. Тақырыпты ашу үшін әр бөлімге ат қою. Жаңа тақырыпты игергенін тексеру. А)Портрет дегеніміз не? ( флипчарт ) Француз тілінен енген сөз бейнеленген деген мағынаны білдіреді. Б)Шұғаның портретін жасау.( Берілген үзіндіден сөздерді табу) А)Кейіпкерлерге мінездеме беріңдер. Қайсысы жағымды, қайсісі жағымсыз кейіпкер. Әбдірахман. Шұға. Айнабай VI. Сабақты қорытындылау. 1. Шығарманың негізгі тақырыбы не туралы? 2. Хикаяттың осылай аяқталуына не себеп болды? Бүгінгі сабақтан не алдың? Білгем білдім VII. Үйге тапсырма . VIII. Білімдерін бағалау Источник: http://narod.ru/disk/64360083001.7d09458138580a5f2b1f0bb5ab46ab68/%D1%81%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D2%9B_%20%D0%91%D0%B5%D0%B9%D | |
Просмотров: 2997 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|