Главная » Статьи » В помощь учителю » Мой Казахстан |
Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицей «Туған елім - Қазақстан» Қазақ тілі. З-сынып СҚПКБА ҚДИ тыңдаушыларына арналған облыстық семинарда өткізілген ашық сабақтың жоспары Мұғалім: Оразбаева Жұмабике Қаймолдақызы Петропавл қаласы. 2012 жыл Сабақтың тақырыбы: Туған елім - Қазақстан Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың алған білімдерін пысықтап, қайталау. Дамытушылық: тез ойлау, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру. Оқушының ақыл-ойын, білімге ынтасын дамыту, сөздік қорын байыту. Тәрбиелік: оқушыларды Отанын сүйюге баулу, патриоттық сезім ояту. Сабақтың түрі: қайталау сабағы Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, кеспелер Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, ой қозғау, іздендіру, сұрақ-жауап, ойын. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Сәлемдесу 2.Психологиялық дайындық Армысың, асыл күн! Армысың, асыл жер! Армысың, көк аспан! Армысың, жан досым! Жылуыма жылу қос, Міне, менің қолым бос. Армысыздар, құрметті қонақтар! Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын сөзжұмбақ шешу арқылы білеміз. «Сөзжұмбақ» 1. Дала құсы? /Қыран/ 2. Бір елде тұратын адамдар?/халық/ 3. Күздің екінші айы?/қазан/ 4. Шешесі баласына кім болады?/ана/ 5. Ата-анамызға, өзімізге не тілейміз?/бақыт/ 6. Ең жақсы адамың?/дос/ 7. Сен оқып жүрген мекеме? /мектеп/ 8. Шаһар сөзінің синонимі. /қала/ 9. «Мечта» сөзінің орысша баламасы. /Арман Сөзжұмбақтың негізгі сөзі қандай? - Қазақстан - Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Туған елім – Қазақстан». Бүгін біз сендермен бірлесіп, модуль бойынша алған білімдерімізді пысықтап, қайталаймыз. Балалар, сөзжұмбақтың негізгі сөзі «Қазақстан» болып шықты. Бұл мемлекет атауы, ал біз Қазақстанды - біздің Отанымыз дейміз, себебі ол біздің өмір сүріп жатқан туған жеріміз. Ал Отан сөзіне қандай синоним сөздерді білесіңдер? Атап жіберіңіздер. - Туған жер, туған өлке, туған ел, атамекен. -Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? -ҚР-ның туының авторы кім? -ҚР-ның гимнінің сөзін жазғандар, әнін жазған кім? -Елтаңбаның авторларын атап беріңіздер. -Қазақстанның елордасы қай қала? -ҚР –ның тұңғыш Президенті кім? -Қазақстан қандай мемлекет? Дұрыс, балалар, тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты Қазақстан – ол біздің туған жеріміз, өлкеміз, еліміз, атамекеніміз, бір сөзбен айтқанда – Біздің Отанымыз. Отан туралы көп мақал-мәтелдер бар. Сендер қандай макал-мәтелдер білесіңдер? Айтып беріңіздер. II. Үй жұмысын тексеру. Екі оқушы тақтаға шығып, біреуі қазақша айтады, екіншісі орысшаға аударады, содан кейін ауысып айтады. Жарайсыңдар, балалар, Отан туралы көп мақал –мәтелдер біледі екенсіңдер. Жұмысымызды жалғастырайық. III.Оқулықпен жұмыс.Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып алыңдар. Оқулықтарыңды ашыңдар, 87- беттегі, 1-жаттығуда берілген мәтінді оқып, аударамыз. Бәріміз мұқият тыңдаймыз. а/мәтінді мұғалім өзі оқиды ә/сөздікпен жұмыс: көрнекті жерлер – достопримечательности мүдірместен - без запинки б/оқушылар мәтінді оқиды, аударады. Жақсы, ал енді қай? сұрау есімдігін қолданып, мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңдар. Рақмет, жарайсыңдар! Қазақстанды «Туған елім» -деп тек қана қазақтар айтпайды, себебі біздің елімізде бір шаңырақтың астында тату-тәтті жүз отыздан астам ұлт өкілдері тұрады. Бәріне де Қазақстан – туған Отаны. Ал, ендеше, мәтін бойынша жұмысымызды жалғастырамыз. IV.Ойын ой шақырады. «Мәтін бөліктері» ойынын өткіземіз. Сендер 3 топқа бөлініп отырсыңдар. Әр топқа тапсырма беріледі. 1- топ «Кіріспе»-мәтіннің кіріспесін табу. 2-топ «Негізгі бөлімі»- мәтіннің негізгі бөлімін табу. 3-топ «Қорытынды»-мәтіннің қорытындысын табу. 5 минут ішінде әр топ өз жауабын айтып береді. Балалар, Қазақстан бүкіл әлемге танымал мемлекет. Шетелден біздің Отанымызға көп қонақтар келеді. Олардың ішінде Америкадан келген қонақ бала, оның ұлты- ағылшын, аты-Мэри бізге мынадай хат жолдапты. Мэри қазақ тілін жаңа үйреніп келе жатыр екен, соңдықтан хатында қателері бар. Біз қазақ тілін үшінші жыл үйреніп жүрміз, Мэридің хатындағы қателерді тауып, түзетейік V.Ойын «Ойлан, тап» Мэридің хаты Сәлем, бала! Мен болдым Қазақстанда. Әдемі Қазақстанда көп бар өзен, тау, көл. Тұрады көп ұлт. Мен келеді Қазақстан туралы білгім көп. Сәлеммен, Мэри. Мэридің хаттында қандай қателері бар екен? Бұл кателер неліктен кеткен? Иә, казак тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі ережесін білмегендіктен. Қазақ тілінде етістік әрқашанда сөйлемнің соңында тұрады. Дұрыс, балалар, Мэри екі тілді біледі екен, ал біз үш тілді оқимыз:орыс тілін, қазақ тілін, ағылшын тілін. Қазір біз Мэриге үш тілде сөйлейтінімізді көрсетеміз. VI «Полиглот» ойынын ойнаймыз Тапсырма: Парақта әр топқа екі-екіден сөз берілген, сөздерді үш тілде: қазақша, орысша, ағылшынша дәптерге жазу, айту. 1-топ. Родина, земля 2-топ. Дружба, национальность, 3-топ. Страна, столица Жарайсыңдар, балалар, үш тілде жақсы сөйлей аласыңдар екен. Мэри сендердің білімдеріне ғажап болған шығар. Біз көп жұмыс орындап шықтық, сергіту сәтінің кезі келіпті VII. СЕРГІТУ СӘТІ Жақсы, жұмысымызға кіресейік. Балалар, биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне неше жыл болады? Жиырма бір. Біздің елімізде өз мемлекеттік мерекелеріміз бар. Оларды анықтау үшін мынадай тапсырма орындайық. VIII. «Сандарға тіл бітсе» атты ойыны Әр топтың алдында жатқан сандар мен сөздерден Қазақстанға байланысты атаулы күндерді жасап, сәйкес сөйлем құрастырады. 4 маусым 1992 жыл –Қазақ елінің Елтаңбасы мен Мемлекеттік Туы қабылданған күні 1992 жылы маусым айында Тәуелсіз Қазақстан Туын,Елтаңбасын, Әнұранын қабылдады 1 желтоқсан ҚР-ның Тұңғыш Президенті күні. Н.Ә.Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті. 16 желтоқсан 1991 жыл ҚР-ның тәуелсіздік алған күні. Жарайсыңдар балалар, дұрыс айтасыңдар. Желтоқсанның бірі күні Қазақстан халқы тұңғыш Президенті күнін тойлады, алдымызда ҚР-ның Тәуелсіздік күні, сондықтан сендерге мынадай тапсырма беремін. Өз ата-аналарыңызды келе жатқан мерекемен құттықтап, өз тілектеріңізді жазыңдар. 1 оқушы құттықтауын дауыстап оқиды. IX.Сабақты қорыту. Жарайсыңдар балалар, келесі сабақта құттықтауда жіберілген қателерің болса түзетеміз, ал қазір сабағымызды қорытайық. Сабақты бес жол өлеңмен аяқтаймыз. Не? Қазақстан Қандай? Тәуелсіз, егеменді Не істейді? Сүйеміз, тұрамыз, ардақтаймыз Сөйлем Қазақстан – туған еліміз. Синоним Отан X.Үй тапсырмасы: Мен сендерге үш деңгейлік тапсырма әзірледім. Үзілісте маған келіп өздерің таңдап аласыңдар. 1.Қызыл кеспе.Мэриге өзіміздің, еліміз, жеріміз, рәміздеріміз, өзіміз туралы хат жазу. 2.Көк кеспе.Мәтін бойынша диалог құрастыру. 3.Сары кеспе.Мәтінді оқу, аудару, әңгімелеу XI. Рефлексия. Бағалау. Түсіндім, басқаларына көмек беруге дайынмын Бәрін түсіндім Түсіндім, бірақ көмек керек Ештеңе түсінген жоқпын | |
Просмотров: 4642 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|