Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Мой Казахстан

Қазақстанның қалалары
Оразбаева Жұмабике Қаймолдақызы
Бірінші қалалық жалпы білім беретін
лицейдің қазақ тілі мұғалімі
Петропавл қаласы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қалалары
Сабақтың мақсаты:
білімділік: «Менің Отаным» модуль бойынша алған білімдерін
пысықтап, қорыту;
дамытушылық: оқушылардың ойлау, еске сақтау
қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік: Отанына, еліне, жеріне деген
сүйіспеншіліктерін арттыру.

Көрнекі құралдары : слайдтар, сөзжұмбақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, сөзжұмбақ шешу, сөйлесу, әңгімелеу,
тірек сызба жасау, мәнерлеп оқу.
Сабақтың түрі: саяхат
Сабақтың барысы :
І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Біздің сабағымызға қонақтар келіпті, қонақтармен амандасайық
- Сәлеметсіздер ме!
- Отырыңыздар.
Кезекшінің мәліметі: - Сыныпта кезекші кім?
- Сыныпта кімдер жоқ?
- Рақмет, отыр.
- Бүгінгі күнді айта қойшы?
- Бүгін - қыркүйектің он жетісі.
(Экранда 1-ші слайд)

Мұғалімнің сөзі:
- Балалар, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңдар.
- Балалар, сабағымызды сөзжұмбақ шешуден бастаймыз.
- Мына сұрақтар арқылы сөзжұмбақты шешеміз. Бірінші сұрақты кім оқиды?
- Кім жауап береді?
(Экранда 2-ші слайд)

(Тақтада сөзжұмбақ ілулі тұрады. Оқушы тақтаға шығып бос торға керекті әріпті
жазады)
-Дұрыс, жарайсыңдар! Рақмет!
-Сонымен, сөзжұмбақтың негізгі сөзі қандай сөз болып шықты?
-Қалалар
-Дұрыс
Сабақтың мақсатымен таныстыру:
Балалар, бүгінгі сабағымыз өткен сабақтардан өзгеше өтеді.
«Менің Отаным» модулі бойынша алған білімдерімізді пысықтап,
қорыту үшін қазір біз Қазақстан қалаларына саяхат жасаймыз.
(Экранда 3-ші слайд «Қазақстанның картасы» )

Петропавл қаласынан шығып Көкшетау, Астана, Қарағанды, Алматы қалаларына барамыз. Ол қалаларға жету үшін берілген тапсырмаларды орындауымыз керек.
Саяхатқа пойызбен шығамыз. Пойызға отыруға рұқсат алу үшін үй тапсырмасын
тексерейік.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру : -Үйге не берілді?
- Кім дайын?
- Сен сөйлесуді кіммен бірге дайындадың?
( Оқушылар жұппен шығып, дайындап келген сөйлесулерін айтады).
III. Өткенді қайталау:
Мұғалімнің сөзі: Рақмет, жарайсыңдар! Үй тапсырмасын жақсы орындап келіпсіңдер.
Пойызға отыруға рұқсат. Ал енді пойызға отырайық, пойызбен бірге
қимылдаймыз. Алға!
(Экранда 4-ші слайд «Пойыз», «Петропавл» вокзалы )


(Экранда 5-ші слайд «Көкшетау» вокзалы )

Мұғалімнің сөзі: Балалар, біз Көкшетауға келдік. Көкшетаудан Астанаға жүру үшін мына
тапсырманы орындау керек. «Көкшетау» сөзіне тірек сызба
құрастырыңдар.

(Экранда 6-ші слайд)



Мұғалімнің сөзі: - Жақсы, жарайсыңдар! Енді тірек сызба арқылы Көкшетау туралы кім
әңгімелеп береді?
Мұғалімнің сөзі: Жақсы, рақмет, саяхатымызды жалғастырайық. пойызға отырамыз Кеттік.
(Экранда 7-ші слайд «Пойыз» )


(Экранда 8-ші слайд «Астана» вокзалы)

Мұғалімнің сөзі: Міне, біз Қазақстанның елордасы-Астана қаласына келдік.
- Балалар, сендер Астана туралы не білесіңдер?
(Экранда 9-шы слайд «Бәйтерек» )

- Жақсы, өлеңіңді жатқа оқып бере ғой.
- Кім Астанада болды?
- Астанада нелер бар?
- Нұрсан, сен Астананың қай жерінде болдың?
- Саған океанариум ұнады ма? Неліктен?
Жақсы, жол жүру үшін келесі тапсырманы орындайық. Назарларыңды теледидарға
аударыңдар. Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді
қойып, оқып, орысшаға аударыңдар.
(Экранда 10-шы слайд «Сөйлемдер» )


1.Қазақстан Республикасында ... астана болды.
2.Бірінші астанасы ... қаласы.
3. ... астанасы – Қызылорда қаласы.
4, ... астанасы - ... қаласы.
Мұғалімнің сөзі: Дұрыс, Қазақстан тарихында төрт астана болды. Астана күннен
күнге көркейіп келе жатыр.
Астана – біздің мәртебеміз, мақтанышымыз.
Тапсырмалар жақсы орындалды, сондықтан саяхатымыз жалғасады.
Пойызға отырыңдар, кеттік.
(Экранда 11-ші слайд «Пойыз» )


(Экранда 12-ші слайд «Қарағанды» вокзалы )



Мұғалімнің сөзі: Балалар, Қарағанды қаласына келдік. Көз алдарында не елестеді ?

(Экранда 13-ші слайд «Көмір» )

Қазір екі минут ішінде «Көмір» сөзіне фонетикалық талдау
жасаңдар.
Тексеру.
Қарағанды қаласы Қазақстанда көмір Отаны деп саналады.
Тапсырманы дұрыс орындадыңдар, саяхатымызды жалғастырайық.
(Экранда 14-ші слайд «Пойыз» )


(Экранда 15-ші слайд «Алматы»вокзалы )


Мұғалімнің сөзі: Балалар, мынау Онтүстік Қазақстанның астанасы – Алматы қаласы.
Экранға назарымызды аударамыз. Сендерге мынадай тапсырма
қоямын. Берілген суретке қарап, Алматы туралы әңгімелеп беріңдер.
(Экранда 16-ші слайд «Алматы» , 17-ші слайд «Медео» , 18-ші слайд «Алма» )


Мұғалімнің сөзі : Рақмет, әңгімең жақсы екен..Енді өзіміздің сүйікті қаламыз
Петропавлға бет бұрайық,

(Экранда 19-шы слайд «Пойыз» )



Мұғалімнің сөзі: Сонымен, саяхатымыз аяқталып келе жатыр. Өз қаламызға оралдық,
Өз туған лицейімізге келіп түстік.
(Экранда 20-шы слайд «Петропавл» вокзалы,
21-ші слайд«Лицей» )



- Бүгінгі саяхат сендерге ұнады ма?
-Неге?
IV.Сабақты қорытындылау.
Жақсы, ендеше бүгінгі сабағымызды бес жол өлең стратегиясымен қорытайық.
(Экранда 22-ші слайд «Бес жол өлең стратегиясы» )


1.Сөзжұмбақтың негізгі сөзі? 1.Қалалар
2.Қазақстанның қалалары қандай? 2.Әдемі, үлкен
3.Ол қалаларға не істедік? 3.Бардық, көрдік, ұнады
4. «Қалалар» сөзіне сөйлем құрастыр. 4.Қазақстанда әдемі қалалар көп.
5. «Қала» сөзіне синоним сөздерді айт 5.Шаһар, кент

V.Бағалау. Сабағымыз аяқталып келе жатыр.
Бүгін сендер көп тапсырмалар орындап , модуль бойынша
алған білімдерінді көрсете білдіңіздер.
(Экранда 23-ші слайд «Үй тапсырмасы» )

VІ. Үй тапсырмасы. «Сүйікті қалам» атты тақырыпқа шағын шығарма жазу
VII. Қоштасу. Сабағымыз аяқталды, қонақтармен қоштасайық
- Сау болыңыздар!
- Сау болыңыздар, балалар.
Категория: Мой Казахстан | Добавил: Жумабике (2013-01-05) E
Просмотров: 4408 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2026-03-13, 6:39 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [872]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол задачи Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс здоровый образ жизни педагогика стихи МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители добро Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура English Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru