Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Мой Казахстан

Шетелдердегі қазақ ирредентасы мен диаспорасының пайда болу
XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ-жоңғар соғысы тұсында Қазақ мемлекетінің шекарасын анықтау аса зор кажеттілікке айналды. Бірнеше жыл қатарынан болған соғыс кезінде жоңғар жеріне шектес жатқан Жетісу аймағындағы жайылымдар үшін күрес қызу жүрді. Әсіресе «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталған қайғылы жылдарда қазақ халқы азып-тозып, бет-бетіне шашырап кетті. 1723-1725 жылдары, демограф М.Тәтімовтың есебінше, қазақ халқының шығыны 1 млн 100 мың адам болған екен. Қазақтар атамекенінен ауа көшіп, ұлы және Орта жүздің бірсыпыра рулары Орталық Азия мен Ресейге бағыт алды. Осы кеткен қазақтардың көпшілігі отанына қайтып оралған жоқ, өйткені 1758 жылға дейін Жетісудың бір бөлігі, Орталық Азияның солтүстік аудандары, Түркістан және Ташкент қалалары Жоңғарияның қол астында қала берді. Жоңғар хандығын Цин империясы жойып жібергеннен кейін қалмақтар басып алған қазақ жерлері де Қытай қарамағына өтіп кетті. Қазақтар дипломатиялық жолмен Тарбағатай төңірегіндегі жайылымдық жерді қайтарып алуға тырысты. 1763 жылы 5 қыркүйекте Қытай императоры Цяньлун Шыңжаң билеушілеріне арнаған арнаулы жарлығында қазақтар мен қырғыздардың Шу, Талас өзендері аймағында және Іле өзенінен батысқа қарай, Аягөздің оңтүстік жағындағы жерлерде көшіп-қонуына тыйым салды. Тыйымға қарамастан, қазақтар Тарбағатай мен Жетісуға көшуін тоқтатпайды. Сөйтіп, бұл аумақтар екі жақтың арасында дау туғызды. Бұл кезеңде Ресейдің Орталык Азияға ықпалы артып, Цин империясының беделі бәсендей түсті. 1864 жылы 25 қыркүйекте орыс-қытай шекарасын межелеу туралы Шәуешек хаттамасына қол койылды. Бұл келісім бойынша Қытайдың Ресеймен батыс өлкесінің шекарасы анықталды. Шекара сызығын жүргізу кезінде Тарбағатайдағы қазақтардың жайылымы Цин империясына ауысып, жергілікті қазақ рулары Қытайдың боданына айналады. Ливади (1879 ж. 20 қыркүйек) және Петербург (1881 ж. ақпан) келісімшарттары бойынша Іле өлкесі Қытайға тиесілі жер болып бекітілді. Орта жүз бен ұлы жүздің біраз бөлігі, көбінесе найман, албан және керей рулары Батыс Қытайдың қол астында қалып қойды. Сөйтіп, халықтың негізгі құрамынан бөлініп қалған қазақ шоғырлары алғаш рет қазақ-қытай шекара сызығын белгілегенде пайда болды. Шет мемлекеттердегі қазақтардың тарихы мынадай жағдайда қалыптасты. Бірінші кезең-XIX ғасырда Қазақстан аумағын Ресей империясы мен Циндік Қытай мемлекеттерінің бөліске салуы нәтижесінде Алтай өңірі мен Жетісу қазақтары Монғолия мен Шығыс Түркістанда қалып қойды. 1883 жылы Шығыс Түркістан қазақтарына бір жылдың ішінде екі мемлекеттің біреуін таңдау міндеті қойылды. 1884 жылы Маньчжур Цин империясы Жоңғария жерлеріне Шыңжаң (Жаңа өлке) деген атау беріп, өзінің қол астына ресми түрде қосып алды. Алайда шекаралық аудандағы қазақтар шекараны әрі-бері кесіп өтіп көшуді көпке дейін жалғастыра берді. Осылайша Қазақстанмен шектесетін Шығыс және Оңтүстік-Шығыс өңірлерде ирридент қазақтар алғаш рет пайда болды. Бұл қазақтардың әр түрлі мемлекеттердің кұрамына бөлшектенуі ұлттың біртұтастығына зиянын тигізіп, ұлттың бір-бірінен ажырап, бір бөлігінің оқшаулануына әкелді. Дегенмен Қытайдың қол астындағы қазақтардың Ресейдің құрамындағы қалың қазақ еліне қосылуға деген табиғи ұмтылыстары сақталып қалды. Кейін оларға Ресейдің отаршылдық езгісінен қашқан қазақтар қосылды. Ал қазақтардың бір тобы жаңа жер іздеп Ертіс бойымен XIX ғасырдың басында Алтай аймағына көшіп барады. Алтай тауының Өр және Теріскей бөлігі Шыңжаң әкімшілігіне қарады.1912 жылы құрылған Монғолия мемлекетінің құрамына Қобда қазақтары да енді. Екінші кезең-1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басып жанышталғаннан кейін қазақтардың жаппай ауа көшуі байқалды. Ресей әскері Шыңжаңға өтпекші болған қазақтарды зеңбірекпен атқылайды. Қазақтардың біразы қырылып, қалғаны Қытай шекарасына қарай қашады. 1916 жылы Қазақстаннан Қытайдағы Шығыс Түркістанның Іле, Шәуешек, Алтай аймақтарына кеткен босқын қазақтар мәселесін Шыңжаң үкіметі бейбіт түрде шешуге тырысып бақты. Шекараны бұзып барған қазақтарды бейбіт, мәмілегерлік тәсілдермен кейін қайтарып жіберуге бар күшін салды. Себебі, Тарбағатайдағы шағын қытай әскерінің саны көп босқындарды тоқтатуға әлі келмеді. Сонымен бірге босқындармен немесе орыс әскерлерімен қақтығыс Шыңжаң өлкесінде де дүрбелең туғызуы мұмкін еді. Қытайға қарай толассыз ағылған босқындар легін тоқтатуды талап етіп Іле өлкесінің бас бақылаушысы Ресей елшісіне наразылық нотасын да тапсырады. Қытай үкіметі босқын халықты өз еліне қайтару мақсатында әскер шығарады. Қытайдағы «босқын қазақтар» мәселесі Қытай үкіметін де біраз әуре-сарсаңға салды. Шыңжаңда оған дейін де 500 мыңдай тұрғылықты қазақтар болды. 1916 жылы Орталық Азия мен Қазақстаннан барған қазақтар Іле, Тарбағатай, Алтай, Ақсу, Қашқар аймақтарына қоныстанды. Әсіресе ауа көшу Жетісуды көбірек қамтыды. Ашыққан, күйзелген адамдар тобы Қытаймен шекараға жақын өңірлерге ығысты. Үрімші, Қүлжа, Ақсудағы босқындар лажсыздықтан тиын-тебен үшін бай қытайларга жалданды. 1917 жылы Іле бойына келгендердің көп бөлігі 200 мыңдай адам Қазақстанға кайтарылды. Алайда алғашқы қайтқан қазақтарды Қаракөл деген жерде оқтың астына алып, 700 адам қаза тапты. Бұл қыргынды естіген калған бөлігі Қытайдан кетуден бас тартады. Олар осындағы байырғы қазақтармен араласып кетеді. Қазақ ирредентасының одан әрі кең етек алуына Ресей отаршылдығы да тікелей ықпал етті. Өзбекстаңдағы қазақтар патшалык Ресейдің Орталық Азия мен Қазақстан жерін саяси-әкімшілік жағынан бөлуі барысында пайда болды. Бұл әкімшілік бөлініс халықтардың ұлттық мүддесі және этностық орналасу тәртібімен санаспай жүргізілді. 1867 жылы бұрынғы Қоқан хандығы иеліктері жерлерінде Түркістан генерал губернаторлығына енген Сырдария облысы Ташкент уезінің 28 болысының 17 болысында қазақтар тұрған. Ташкент уезінің Шыршық, Қарасу (Тайтөбе) аудандарында қазақтар басым болды. Қарасу, Келес өңіріндегі халықтар түгелдей қазақтардан тұрды. Ал Ангрен тобының Осман болыстығында қазақтар жергілікті халықтың көпшілігін құрады. Жалпы, Ангрен өңірінде көбінесе құрама халықтар мекендеген. Олар әр түрлі ұлттардың қосындысынан туған халықтың бір тобы. Олардың ішінде өзбектеніл кеткен тәжіктер, қалмақтармен бірге қазақтар да болды. Шындығында, олардың тұрмыс-салты, тілі, түр- түлғасы қазақтарға ұқсас. Құрамалардың ішінде қазақ рулары кездеседі. Сонымен, XX ғасырдың басында Ташкент уезінің 64,1% халқын қазақтар мен құрамалар құрады. Ресей өкіметінің қазақтардың жерін тартып алып, орыс шаруаларын қоныстандыруынан Сырдария облысы Ташкент уезі қазақтарының көші-қон аумағы қысқарды. Олар көбінесе отырықшы елді мекендерге баруына тура келді. Өзбекстанның қәзіргі Ташкент облысы аумағындағы қазақтар саны кеми бастады. Олардың бір бөлігі Орталық Азияға ішкерілеп еніп, Бұхарға, Әндіжанға, Ферғанаға, Тәжікстанға, Түрікменстанға қоныс аударды. Мұнда ежелден тұрып келе жатқан қазақтардың орнын қоныс аударған орыс шаруалары басты. 1915 жылға дейін жалпы саны 200 мың қазақтар сыртқа кетуге мәжбүр болды. Орталық Азия мен Ресей Федерациясына іргелес жерлерде қазақтар ежелден-ақ қоныстанып келді. Оларға 1916-1921, 1931-1933 жылдардағы аштық пен голощекиндік геноцидтен қашқандар қосылды. Жалпы, Қаракалпақстаңдағы, Түрікменстаңдағы, Өзбекстаңдағы қазақ диаспорасы да осылай қалыптасты. Ал ат-көліғі барлар одан әрі Ауғанстан, Иран елдеріне асып кетті. Сондықтан Ауғанстан қазақтары, негізінен, Кеңес өкіметінің қысым көрсетуінен Сырдария бойынан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстаннан ауып барғандардан тұрды. 1978 жылы Ауғанстаңдағы төңкерістен кейін қазақтар Иранға өтіп кеткен. Маңғыстау өлкесін мекен еткен адай тайпаларының бір бөлігі көшпенділік салтымен қазіргі Түрікменстан аумағындағы Жаңғақ, Балқантауға дейін мекен етіп келген. Кеңес Одағы құрылғанға дейін қазақтар Жаңғақ, Бесқала маңын атамекені деп санаған. 1897 жылғы халық санағы бойынша.Закаспий облысына енген Красноводск, Ашхабад, Мерв, Тәжен уездеріндегі бүкіл халықтың бестен бір бөлігін (72 589 адам) қазақтар құраған. Демек, аталмыш өңірлердегілерді қазақтар ирредентасы деп толығымен айтуға болады. Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі кеңестік таптық реформаларға жұт пен аштық сияқты табиғи апаттар қосылып, халық күйзелген жылдары қазақтар Маңғыстау түбегінен Түрікменстанға, одан әрі Ауғанстан, Иран елдеріне кетуге мәжбүр болды. Түрікменстанның Шағадам, Байрамалы, Бесқалада қоныстанған қазақтар тұрмыс салттары, діні мен тілі туыстас түрікмен, өзбек халқымен тез тіл табысып кетеді. Туған жерінен қол үзіп келгендерге түрікмен халқы қонақжайлық көрсеткенін казіргі оралмандар ерекше ризашылық сезіммен атап өтеді. Иран еліндегі қазақ диаспорасы, негізінен, Бендер-Түрікмен, Гүрген, Күмістөбе кенттерінің төңірегінде орналаскан. Ирандағы қазақтар көбінесе Маңғыстау өңірінен кеткендерден тұрады. Иран еліндегі қазақтарды екі топқа жіктеуге болады. Олардың біріншісі Иранға 1930 жылдардың бас кезіндегі аштық жылдарында Маңғыстау өңірінен қоныс аударғандар, екінші тобы- Ауғанстаннан Иранға коныс аударып келгендер. Үшінші кезең-Азамат соғысы жылдардағы қазақтарды күштеп отырықшыландыру және ұжымдастыру жылдарында қазақтардың шетел асуы. Халықтың боскыншылыққа ұшырауының басты себебі-күштеп ұжымдастырудағы асыра сілтеулер, бұрмалаулар мен аштық еді. 1932-1933 жылдары жабық шекарадан өту көп шығынға ұшыратты. Шекара бойындағы ОГПУ қызметкерлері ауа көшкен әлсіз де аш қазақтарды шеп құрып, пулеметпен қарсы алды. Ауа көшу, негізінен, шекаралық аудандарды қамтыды. 1931-1932 жылдардағы аштық кезінде қазақтар Батыс Сібір мен Орта Еділ бойына босып кетті. Олар бұрыннан сол жақта тұрып жатқан қазақ ауылдарын паналады. Орта Еділ, Орынбор өңірінде, Самара төңірегіне Батыс Қазақстан жерінен келген 50 мыңдай адам қоныстанды. Ал Батыс Сібірдің 33 ауданында 1932 жылы 46,6 мыңдай қазақ босқындары тіркелген. 1930 жылдан бастап қазақтардың Орталық Азия жеріне ауа көшуі кең ауқымда жүрді. Көрші республикалар-Өзбекстанға, Түрікменстанға, Тәжікстанға кетті. Қарақалпак жеріне Қазалы, Арал, Шалкар, Темір, Ақтөбе аудандарынан келгендер болды. Оңтүстік Қазақстаннан Орталық Азия республикалары аркылы Ауғанстан асқан қазақтар салыстырмалы түрде көп болған жоқ. Кейін қазақ босқындарын Қазақстанға қайтару жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыста С.Меңдешев көп еңбек сіңірді. Дегенмен босқындардың жартысына жуығы барған жерінде қалып қойды. Өзбекстанның Әндіжан, Хаваст, Самарқант, Қаттақорған, Ташкент ауданындағы босқын қазақтарды да елге қайтару ісі жүргізілді. Қазақстаңда Кеңес өкіметін орнату кезеңінде Кеңес автономиялық республикасын құру мақсатында өкімшілік шекараны анықтау шаралары жүзеге асырылды. Ақгвардияшылар мен интервенттерден босатылған Қазақстан мен Сібір аумақтарында Қырревком (қырғыз (қазақ) революдиялық комитеті) және Сибревком (Сібір революциялық комитеті) құрылды. Сібір жерлерінің азат етілуіне орай Сибревкомға Ақмола және Семей губерниялары бағындырылды. 1921 жылы сөуірде бұл екі губерния Қазақ АКСР-інің құрамына енгізілді. Алайда қазақтар мекендейтін бірқатар аудандар РКФСР-дің құрамында болды. 1926 жылғы 17 желтоқсандағы бүкілодақтық халық санағының деректері бойынша Сібір өлкесінде 48 392 қазақтар өмір сүрген. 1920 жылы тамыз айындағы Қазақ АКСР-і құрылуы кезеңінде батыс шекарадағы бірқатар аумақтар (Астрахан, Саратов облысының кейбір аудандары) республика құрамына кірмей қалды. 1925 жылы астана Орынбордан Қызылордаға ауысқаннан кейін Орынбор мен оның маңындағы жерлер РКФСР-ге берілді. РКФСР- дегі қазақ ирредентасы осылайша пайда болды. Сонымен, Өзбекстандағы, Түрікменстаңдағы, Ресейдегі қазақтардың бір бөлігі өз жерінде тарихи себептермен бөлініп қалғандар тобына жатады. Кейін оларды 1929-1930 жылдары келгендер толықтырды.
Категория: Мой Казахстан | Добавил: elya (2013-01-23) | Автор: Эльянора E
Просмотров: 3241 | Комментарии: 2 | Теги: История, джунгары., история Казахстана | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 3:21 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru