Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьный театр

"Жұлдыз бала" қойылымының сценарийі
«Жұлдыз бала» қойылымы.

Мақсаты: Оқушыларды мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:
Табиғат көрінісі бар үлкен сурет.
Үйдің макеті.
Орындықтар.
Ағаштар.
Тас.
Жұлдыздар.
Қуыршақ.
Ыдыстар.
Дорба.
Отын.

Қойылым кейіпкерлері:

Ағаш кесуші №1.
Ағаш кесуші №2.
Ағаш кесушінің әйелі.
Жұлдыз бала.
Мейірімді перизат.
Мүсәпір әйел.
Бұлбұл құс.
Қоян.
Көбелек.
Сақшы №1.
Сақшы №2.
Уәзір.
Сиқыршы.
Ағаш кесушінің баласы.
Ағаш кесушінің баласы №2.
Тиін.
Мүсәпір.
Ханзада.
Ханшайым.
Жылан.
Қарлығаш.
Қарақшы №1.
Қарақшы №2.

«Жұлдыз бала» қойылымының сценарийі.
Басы.
І-бөлім.
Сахнаға баласын көтерген әйел шығады. Орман іші. Ол орманда адасып кетеді. Кенет, алдынан 2 қарақшы шығады.
Қарақшы №1: Түн жарық! Қайырлы түн, бикеш! Қайда жол тартып барасың мына қараңғы түнде?!
Қарақшы №2: Ей досым, қолына қара. Мынау жылтыр не? Алтын ба? О ғажап, мынау не деген байлық?!
Әйел: Өтінемін, бұл менің балам, тиспеңдер?!
Қарақшы №1: Жоқ ханзада, кешіріңіз! Бұл- алтын. Олжа біздікі!
Әйел: Жоқ, жоқ , бермеймін, бермеймін! (Баласын қорғаштай береді.)
(Әйел баласын бір ағаштың түбіне тастап, қарақшаларды адастырмақ ниетпен қашады, қарақшылар әйелді артынан қуады, бірақ айырылып қалады. Екі ағаш кесуші орманнан ағаштарын кесіп, үйлеріне қайтып келе жатады. Түн.)
Ағаш кесуші №1: Ой, түн қандай қараңғы?!
Ағаш кесуші №2: Үйге қашан жетеміз?!
Ағаш кесуші №1: Ей досым, кел отырып, сәл демалайық?!
Ағаш кесуші №2: Иә досым, дұрыс, сәл демалайық!
Ағаш кесуші №1: Тамаша, қазір үйге келеміз. Отбасыңда қандай жақсы, жанға жайлы! Туғандарыңның қасында?!
Ағаш кесуші №2: Ей досым, неге мәз боласың?! Өмір тек байларға жақсы, біз секілді кедейлерге емес.
Ағаш кесуші №1: Иә, дұрыс айтасың досым. Бір адамға - көп, ал бір адамға аз береді. Әлемде әділет жоқ. ЕҺ, досым.
Екі дос осылай өмірге деген наразылықтарын білдіріп жатқанда, кенет аспаннан бір жұлдыз ағып түседі. Аспанға қарап отырған екі дос орындарынан атып тұрады.)
Ағаш кесуші №2: Ей досым қара, аспаннан түскен алтын ғой!?
Ағаш кесуші №1: Жүр, тауып алайық, ғажап, біз бай боламыз!
(Екеуі жүгіріп барып, алтынды іздей бастайды.)
Ағаш кесуші №2: Ей досым, мында кел, мен таптым!
(Екі дос тауып алған алтынды көре бастайды, тауып алғандары алтын жапқышқа оранған кішкентай сәби екен.)
Ағаш кесуші №2: Еһ, барлық үмітіміз жоғалды. Мына кішкентай сәбиден бізге қандай пайда? Өз балаларымыз да жетеді. Сәби осы жерде қалсын!
Ағаш кесуші №1: Жоқ, досым! Бұл дұрыс емес! Бұл-зұлымдық! Мен бай емеспін, бірақ сәбиді үйге апарамын!
Ағаш кесуші №2: Ей досым, сәби сенде, ал алтын жапқышты маған бер!
Ағаш кесуші №1: Жоқ, бермеймін! Бұл жапқыш тек сәбидікі!
(Екі дос үйлеріне жетеді.)
Ағаш кесуші №1: Мен орманда бір нәрсе тауып алдым, саған қамқорлық жаса деп өтінемін.
Ағаш кесушінің әйелі: Ол не? Тез көрсет! Үйде түк жоқ!
(Ағаш кесуші №1 әйеліне алтын жапқышты ашып көрсетеді.)
Ағаш кесушінің әйелі: Бұның не? Баланы неге әкелдің? Бұл бала бізге жақсылық әкелмейді! Апарып таста!
Ағаш кесуші №1: Сен тыңда, бұл жай бала емес! Бұл- жұлдыз бала! Аспаннан түсті! Сәбидің әке- шешесі жоқ. Сәби жетім. Сен оған қамқорлық жаса!
Ағаш кесушінің әйелі: Жарайды, сәби қалсын! Мен оған қамқорлық жасаймын!
ІІ-бөлім.
Осылай сәби ағаш кесушінің үйінде қалып, ағаш кесушінің балаларымен бірге өсіп жатады, күндер, жылдар өтеді. Сәби үлкен болып, ержетіп, басқа балаларға ұқсамайтын сұлу, өнерлі болып өседі, бірақ өз сұлулығын, өнерлігін сезінген ол өте қатыгез, тек өзін ғана жақсы көретін өркөкірек болып өседі. Ағаш кесушінің балаларын өзінің қызметшісі немесе құлы ретінде санайды. Қайыршы немесе мүгедек адамдарды, қорғансыз құс, жәндік, аңдарды көрсе оларға зорлық жасап, тас лақтырып, қиянат жасайды .Ал ағаш кесушінің балалары оның сұлулығына, өнерлігіне қарап, «ерлік істеріне» қарап ерекше санайды. Бір күні ауылдың жанымен бір қайыршы өтіп бара жатады, оны көрген Жұлдыз бала артынан тас лақтырып, өз ісіне мәз болады.
Жұлдыз бала: Ей қайыршы, саған не керек!? Жолама ауылға! Кет, кет дедім мен саған!
Ағаш кесуші №1: Ей жұлдыз бала, тиспе оған! Біз сені осылай қатыгез болсын деп өсірдік пе?!
(Жұлдыз бала тыңдамай ашуланып, кетіп қалады. Сахнаға көбелек, қарлығаш құс ұшып шығады, артынан оларды қуып Жұлдыз бала шығады, оларды қуып жүріп, тас лақтырып, көбелек пен қарлығашты ұстап алып, қанатарын сындырып, «ерлік ісіне» өзі мәз болады, оған ағаш кесушінің балалары да мәз болады.)
Көбелек: Жұлдыз бала, Жұлдыз бала, тиспе маған, өтінемін. Қанатыма тиспе, сосын ұшуға жарамайды, өтінемін!
Жұлдыз бала: Ха-ха-ах, қанатың жоқ болса, аяғыңмен жүресің, көбелек мырза! Ха-ха-ха!
(Жұлдыз бала енді алдап жүріп қарлығаш құсты ұстап алады.)
Қарлығаш: Жұлдыз бала, Жұлдыз бала, өтінемін, маған тиспе, балапандарым бар. Олар жетім қалады ғой, тиспе, өтінемін!
Жұлдыз бала: Шырылдама жаман құс! Балапандарың сенсіз өседі! Жаман құс!
(Осы кезде мейірімді перизат келіп, арашаға түседі.)
Мейірімді перизат: Ей, ей тиспе, мынауың не? Қандай қатыгезсің?! Оларға зиян жасама! Аңдар, құстар, жәндіктер- олар еркін өмір сүретін тірі жандар. Бәрін құдай жаратты! Жер бетінде олардың өз орындары бар! Өмір сүруге олар да құқылы! Құдайдың жаратқан жандарына қиянат жасайтын сен кімсің?!
(Жұлдыз бала мейірімді перизатты тыңдамай ойнап жүрген балаларына жүгіріп кетеді. Ойнап жүрген балаларға бұлбұл құсты ұстап алуға бұйрық береді.)
Жұлдыз бала:Ей, ана бұлбұл құсты маған ұстап беріңдер! Жылдам, болыңдар тез!
(Балалар бұлбұлды ұстап алып, Жұлдыз балаға береді, өз әмірін орындатқанға мәз болған Жұлдыз бала құсты мазақ ете бастайды.)
Жұлдыз бала: Ой, мынау түрі қандай жаман!? Көзі қандай жаман?!
Бұлбұл құс: Жұлдыз бала, өтінемін, маған тиспе! Ұяда балапандарым бар! Оларға азық керек! Менсіз олар қалай тіршілік етеді?
Жұлдыз бала: Балапандарың сенсіз де өседі, жаман құс! Шырылдама!
(Осы кезде ауылдың жанынан киімі алба- жұмба мүсәпір кемпір өтіп бара жатады. Мұны көрген Жұлдыз бала мүсәпірді ауылдан қумақ ниетпен кемпірге жетіп барады.)
Жұлдыз бала: Ей балалар, мүсәпір кемпірді қараңдар! Оған не керек! Жүріңдер, мүсәпірді қуып жіберіңдер. Өйткені ол өте кір, түрі жаман, киімі алба- жұлба!
(Балалар мүсәпір кемпірді айнала қоршап, мазақтап, тас лақтырып, қуа бастайды.)
Балалар №1: Жаман кемпір саған біздің ауылдан не керек?
Балалар №2: Жөніңе кет! Ауылға жолама!
Жұлдыз бала: Сен түсіндің бе?! Жолама біздің ауылға!
(Осы кезде үйінен шыққан ағаш кесуші бұларды көріп, қастарына жетіп келеді.)
Ағаш кесуші №1: Ей Жұлдыз бала, не істеп жатырсың!? Шынында сенің жүрегің тас екен! Аяушылық дегенді түсінбейсің! Бұл мүсәпір саған не істеді? Неге сен оны қуып жатырсың!?
Жұлдыз бала (аяғымен жер теуіп): Сен менің не істеп жатқанымды сұрайтын кім едің?! Мен сенің ұлың емеспін және сені тыңдауға мен міндетті емеспін!
Ағаш кесуші №1: Иә, бұл рас, ал сені орманда тауып алғанда, мен саған аяушылық жасадым!
Мүсәпір әйел: Не, не дедің?
(Осы кезде мүсәпір айғайлап жіберіп, естен танып қалады.)
Ағаш кесуші №1: Су, су әкеліңдер!
(Мүсәпірге су беріп, есін жидыртады, сосын мүсәпігер үйіне апарып, ас береді.)
Мүсәпір әйел: Баланы орманнан тауып алғаның рас па?! Айтшы, бұған он жыл болды ғой!
Ағаш кесуші әйелі: Иә, баланы орманнан тауып алды, дұрыс он жыл болды!
Мүсәпір әйел: Баланың мойнында меруерт тастан алқасы, алтын жапқышы болды ма?
Ағаш кесуші №1: Иә, иә болды! (ағаш кесуші сандықтан меруерт алқа мен алтын жапқышты алып шығады.) Міне меруерт алқасы мен алтын жапқышы!
Мүсәпір әйел (жылап жіберіп): Бұл, бұл менің балам ғой! Мен оны орманда жоғалтып алдым! Баламды іздеп, бар дүниені шарладым! Шақыршы баламды!
(Ағаш кесуші үйден шығып кетіп, ойнап жүрген балалардың қасына барады.)
Ағаш кесуші №1: Жұлдыз бала, үйге кір! Сені анаң күтіп отыр!
Жұлдыз бала: Не, не дедің? Менің анам! Мені күтіп отыр? Не, бұл рас па?
(Жұлдыз бала қуаныштан жүрегі жарылардай болып, үйге жүгіріп кетеді.)
Жұлдыз бала: Ана, анашым! (жан- жағына қарап.) Қайда, менің анам?
Мүсәпір әйел (орнынан тұрып): Мен- сенің анаң! Келе ғой, балам!?
Жұлдыз бала: Сенің есің дұрыс па? Мен сенің ұлың емеспін! Сен мүсәпірсің! Киімің алба- жұлба, кір, кет, шық бұл үйден! Көрінбе көзіме!
Мүсәпір әйел: Балам, сен шынымен менің ұлымсың! Мен сені орманда жоғалтып алдым! Қарақшылардан құтқарамын деп... Мен сені бірден таныдым. Меруерт алқа мен алтын жапқышың арқылы таныдым!
(Жұлдыз баланың аяғына жығылып.) Жалынамын ұлым, менімен жүр, кетейік! Сені іздеп бар әлемді шарладым. Жүр, балам!
Жұлдыз бала (ашудан жарылардай болып): Айтқаның рас болса, сен шынымен менің анам болсаң, сен енді мында келме, мені ұятқа батырма! Мен «менің анам Жұлдыз» деп ойладым! Сондықтан сен бұл жерден кет! Мен сені көргім келмейді!
Мүсәпір әйел: Өкінішті, ұлым менің! Сені іздеймін деп, қанша қиындық көрдім! Тіпті болмаса, мені құшақта!
Жұлдыз бала (ашуланып) : Жоқ, мен одан да бақаны құшақтаймын!
(Мүсәпір әйел жылап үйден шығып кетеді. Жұлдыз бала мәз болып, ойнап жүрген балаларға жүгіріп кетеді.).
Бала №1: Ой, сенің түрің не болып кеткен? Түрің бақаның түрі секілді!?
Бала №2: Кет, бұл жерден, біз сенімен ойнамаймыз! Ойнама бізбен!
Жұлдыз бала: Ей, не болды? Не айтып тұрсың? Сарқырамаға барып қараймын, Ол маған менің сұлу екенімді айтады!
(Сөйтіп Жұлдыз бала сарқырамаға жүгіріп барып, түрін көріп, шошып кетеді, жерге құлай кетіп жылай бастайды.)
Жұлдыз бала (жылып отырып, өз-өзіне): Бұл не? Не үшін? Бұл менің түрім емес! Бұл не үшін?! (Орнынан атып тұрып) Тоқта, тоқта, түсіндім, түсіндім! Бұл менің кінәм үшін! Мен анамды ренжіттім, оған ауыр сөздер айттым, оны қудым. Жүрегін қатты жараладым! Оған қатыгез болдым! Мен оны іздеп, тауып, кешірім сұрау керек! Анашым! Анашым! Анашым қайдасың? Кешір мені! Кешір ақымақ балаңды! Анашымды таппай тыным таппаймын!
(Сөйтіп, Жұлдыз бала анасын іздеп, жолға шығады, орман ішінде анасын дауыстап шақырады.)
Жұлдыз бала: Анашым! Аяулы анашым, қайдасың?!
(Күні- түні анасын іздеп, шаршаған ол ұйықтап кетеді. Ысылдаған жылан, шырылдаған балапан даусынан оянып, жан-жағына қараса ұясынан құлап кеткен қарлығаш балапанын жемек болып, жорғалап келе жатқан жыланды көреді. Орнынан атып тұрып, балапанды қорғай бастайды.)
Жылан: Ей Жұлдыз бала , кет былай жолдан! Ха-ха-ха. Сен де қатыгез емес пе едің?! Кел, екеуміз дос болайық!
Жұлдыз бала: Жоқ, мен сенің досың емеспін! Мен сен секілді қатыгез емеспін! Тиспе, балапанға!
(Жұлдыз бала мен жылан айқасып жатқанда Қарлығаш құс ұшып келіп, ұядан құлап түскен балапанды көріп, бар жағдайды түсініп, Жұлдыз баланың мейірімділігіне таң қалып, оған көмектесе бастайды, екеулеп отырып жыланды жаралап, қуып жібереді.)
Қарлығаш құс: Ей, Жұлдыз бала! Рахмет саған!
(Жұлдыз бала балапанның жарасын таңып, ұясына апарып салады, өзі әрі қарай жүріп кетеді. Келе жатып көртышқанды көреді.)
Жұлдыз бала: Бұлбұл құс, бұлбұл құс сен ұшып жүріп бар әлемді көресің, сен менің анамды көрдің бе?
Бұлбұл құс: Ей қатыгез Жұлдыз бала, сен менің қанатымды сындырдың, мен биікте қалай самғап ұша аламын?!
(Жұлдыз бала істеген қылығы есіне түсіп, қысылып, төмен қарап өте береді, келе жатып көбелекті кездестіреді.)
Жұлдыз бала: Көбелек, көбелек! Сен ұшып жүріп, бар әлемді көресің, сен менің анашымды көрдің бе?
Көбелек: Ей ақымақ, қатыгез Жұлдыз бала, сен менің қанатымды сындырдың? Мен енді қалай ұшамын?!
(Жұлдыз бала есіне тағы бір «ерлік ісі» түсіп, қысылып, төмен қарап, өте береді. Жүріп келе жатып, тиінді көреді, оған жүгіріп барады.)
Жұлдыз бала: Тиін, тиін! Сен менің анашымды көрдің бе?
Тиін: Сен менің анамды өлтірдің, енді өз анаңды өлтіру үшін, оны іздеп жүрсің бе?
( Жұлдыз бала оны да есіне түсіріп, өзіне- өзі ызаланып, барлық тірі тіршілік иелерінен кешірім сұрайды.)
Жұлдыз бала: Кешіріңдер мені?! Кімге қиянат, зорлық жасадым?! Бәрінен кешірім сұраймын! Кешіріңдер!
(Біраз жүргеннен кейін Жұлдыз бала бір қалаға келеді. Қақпа алдында тұрған екі сақшыға жақын барып, анасын сұрайды.)
Сақшы №1: Ей, мүсәпір бала! Саған не керек?!
Жұлдыз бала: Мен анамды іздеп жүрмін! Менің анамды мүмкін сіздер көрдіңіздер!
Сақшы № 2: Ха-ха-ха, ей мүсәпір бала, сенің анаң қандай бақытты! Мына сенің бақа секілді сұлу түріңді көріп, мәз болатын шығар!? Ха-ха-ха! Кет бұл жерден! Біздің қалада сенің анаң жоқ!
Сақшы №1: Сенің анаң қайда, сен неге оны іздеп жүрсің?!
Жұлдыз бала: Менің анам мен секілді ел кезіп жүр, мен оны қатты ренжіттім.Қалаға кіруге сен маған рұқсат ет! Анам осы қалада тұратын шығар! Өтінемін!
(Қалаға келе жатқан уәзір бұлардың қасына келеді.)
Уәзір: Не болып жатыр?!
Сақшы №1: Мына мүсәпір бала анасын іздеп жүр. Біз оған қалаға кіруге рұқсат еткен жоқпыз! Қусақ кетпейді!
Уәзір: Жоқ, оны қумандар. Біз оны құлдыққа сатамыз!
(Қастарынан өтіп бара жатқан сиқыршы шал бұны естіп қалып, қастарына жақын келеді.)
Сиқыршы шал: Ей, мен оны сатып аламын!
(Жұлдыз баланы сатып алған сиқыршы шал оны қолына ұстап, үйіне апарады, кепкен нан мен суды беріп өзінше тамақтандырған болады.)
Сиқыршы шал: Міне сусын мен нан. Же, сен маған қызмет атқарасың! Қазір орманға барасың! Орманнан үш алтын бақырды тауып әкелесің! Біреу- ақ алтын, екіншісі- сары алтын, үшіншісі- қызыл алтын. Бүгін маған ақ алтын бақырды әкелесің! Егер таппасаң, мен саған жүз дүре соғамын, өткені сен менің құлымсың! Енді тұр!
(Таңнан кешке дейін іздеп, алтынды таба алмайды. «Енді не істеймін?» деп отырғанда көмек сұраған аянышты дауысты естиді. Дауыс шыққан жаққа жүгіріп барса , қақпанға түскен қоянды көреді, жүгіріп барып қоянды босата бастайды.)
Жұлдыз бала: Мен құлмын, бостандықта емеспін! Бірақ мен сені босатып, саған сол бостандықты сыйлаймын.
Қоян: Иә Жұлдыз бала, сен маған бостандық сыйладың, рахмет саған! Көмегің үшін мен саған не берсем екен?!
Жұлдыз бала: Мен ақ алтыннан жасалған бақырды іздеп жүрмін. Бірақ таба алмадым! Енді қожайын маған жүз дүре соғады.
Қоян: Жүр, мен саған ақ алтынның жатқан жерін көрсетемін.
(Қоян Жұлдыз баланы ақ алтын жатқан жерге апарады. Жұлдыз бала қуанып, алғысын айтады.)
Жұлдыз бала: Рахмет саған ақ қоян! Үлкен рахмет!
(Қоян алғысын айтып, қалаға келе жатқанда Жұлдыз бала қақпа алдында қайыр сұрап отырған қайыршыны көреді.)
Мүсәпір адам: Ей адамдар, маған қайырымдылық жасаңдар! Мен ашпын! Мені аяйтын кім бар?
Жұлдыз бала: Ей мүсәпір адам, өкінішті, менде бір ғана бақыр оны қожайынға апару керек! Бере алмаймын!
Мүсәпір адам: Мен ашпын! Мені аяйтын кім бар?
Жұлдыз бала (мүсәпірді аяп): Жарайды, міне, ала ғой! Аш болма!
(Сөйтіп алтын бақырды мүсәпірге берген Жұлдыз бала сиқыршының үйіне келеді.)
Сиқыршы: Сен маған алтыннан бақырды әкелдің бе?!
Жұлдыз бала: Жоқ, ақ алтын бақыр менде жоқ!
(Сиқыршы Жұлдыз баланы жүз рет дүре соғып, тамақ бермей қамап тастайды. Таң атады. Сиқыршы келіп, оны тағы орманға жібереді).
Сиқыршы: Ей, құл! Бүгін сен маған сары алтыннан жасалған бақырды әкелесің! Таппасаң үш жүз дүре соғамын!
(Жұлдыз бала орманға келіп сары алтыннан соғылған бақырды іздей бастайды, таба алмайды. Кеш батады. Жылап отырады.)
Жұлдыз бала: Сары алтынды енді қайдан іздесем екен?! Енді не істедім?
Қоян: Ей Жұлдыз бала! Неге жылап отырсың? Не болды? Орманда неге отырсың?
Жұлдыз бала: Сары алтынды таба алмай отырмын! Енді қожайын маған үш жүз дүре соғады.
Қоян: Жүр, мен саған сары алтынның жатқан жерін көрсетемін.
(Сары алтынды тауып алған Жұлдыз бала қатты қуанады.)
Жұлдыз бала: Рахмет саған ақ қоян! Сен маған екінші рет көмектестің! Рақмет.
( Жұлдыз бала қалаға оралады. Қақпа алдында отырған қайыршы адамды тағы көреді. Жұлдыз бала ны көре салып, аяғына жығылып қайырым сұрайды.)
Мүсәпір адам (аяғына жығылып): Маған қайырымдылық жаса, мен ашпын!
Жұлдыз бала: Өкінішті, менде бір ғана бақыр бар, оны қожайынға апару керек! Бере алмаймын!
Мүсәпір адам: Мен ашпын! Маған қайырымдылық жаса!
Жұлдыз бала : Жарайды, міне, ала ғой! Аш болма!
(Сары алтынды бақырды тауып әкелмегені үшін сиқыршы үш жүз рет дүре соғып, шынжырмен байлап, қамап тастайды. Таң атады. Сиқыршы келіп, оны тағы орманға жібереді.)
Сиқыршы: Бүгін сен маған қызыл алтын бақырды әкелесің! Тауып әкелсең мен сені босатамын!
(Жұлдыз бала орманға тағы келіп қызыл алтыннан бақырды іздей бастайды. Кеш батады. Алтын бақырды таба алмай жылап отырғанда баяғы қоян жүгіріп қасына келеді.)
Қоян: Ей Жұлдыз бала, сен іздеген қызыл алтын бақыр өзің отырған тастың астында.
(Жұлдыз бала орнынан атып тұрып, тасты алып қараса, расында қызыл алтын жатыр.)
Жұлдыз бала (қуанып): Рахмет, саған ақ қоян! Сен маған үшінші рет көмектестің!
(Қалаға келе жатқанда жолда баяғы қайыршы шал кездеседі.)
Мүсәпір адам: Ей, Жұлдыз бала қызыл алтын бақырды маған бер. Мен ашпын!
Жұлдыз бала : Міне, ала ғой! Ашықпа!
(Қолындағы соңғы алтынын беріп, қалаға жақындағанда керемет жағдайға тап болады. Бар халық оны күтіп тұрады. Сақшылар оған иіліп, тағзым етеді.)
Халық: Біздің ханзада қандай керемет! Барлық әлемде мынадай дарқан, мейірімді мырза жоқ!
(Жұлдыз бала таң қалып тұрып қалады, «мені мазақтап жатыр» деп ойланған ол қаша жөнелмек болады. Қалың тобырдың арасынан шыға алмай жүріп Ханзада сарайына қалай жетіп қалғанын білмей қалады.)
Жұлдыз бала: Жіберіңдер мені! Жіберіңдер мені!
Уәзір: Сен біздің көптен күткен мырзамсыз! Біздің ханзаданың ұлысыз! Сіз кереметсіз!
Жұлдыз бала: Жоқ, мен ханзаданың ұлы емеспін, мен кедейдің ұлымын! Маған неге керемет дейсіңдер!? Мен құбыжықпын!
Уәзір: Мырзам, сіз кереметсіз дегенге неге сенбейсіз?!
(Уәзірдің сауытынан өзін көрген Жұлдыз бала таң қалады. Өзінің бұрынғы сұлу түрін көреді. Тек көзі ғана өзгерген, мейірімді көзге айналған.)
Мейірімді перизат: Біздің болашақ ханзадамыз ортамызға оралды. Мына тәжді алыңыз. Мемлекетімізді мейірімділікпен, әділдікпен басқаратын болашақ ханзадамыз жасасын!
Жұлдыз бала: Мен бұл үлкен құрметке сай емеспін! Мен аяулы анашымды қатты ренжіттім. Мен анамды тауып, кешірім сұрау керек ! Әйтпесе маған тыныштық жоқ! Мені жіберіңдер! Анамды іздеймін!
(Жұлдыз бала қақпаға қарай бұрыла бергенде мүсәпір әйел мен мүсәпір адамды көреді. Анасын таныған ол жүгіріп барып, анасын құшақтап, кешірім сұрап, жылап жібереді.)
Жұлдыз бала: О менің анам! Өркөкірекпен мен сенен айырылып қалдым! Кешір мені!? Сені қатты ренжіттім! Маған махаббатыңды бер! Балаңды қабылда!
(Бірақ анасы қақиып тұра берді. Жұлдыз бала қасында тұрған мүсәпір адамға жалынып сөйлейді.)
Жұлдыз бала: Мен саған үш рет қайрымдылық жасадым. Анама өтінші, маған бір рет болса да тіл қатсын!
(Мүсәпір адам да үндемей тұра береді.)
Жұлдыз бала: О анашым менің, бұдан әрі менің күшім жоқ! Мені кешір, кешір анашым! Құшағыңа ал, құтқар балаңды!
Мүсәпір әйел (баласының басына қолын қойып): Тұр, балам!
Мүсәпір адам: Тұра ғой, ұлым!
(Жұлдыз бала орнынан тұрғанда алдында Ханзада мен Ханшайым тұрады. Ол аң- таң болып түк түсінбей қалады.)
Ханшайым: Балам, бұл сенің әкең! Сен оған қиыншылықта көмектестің.
Ханзада: Бұл сен көз жасыңмен аяғын жуған туған анашың!
Жұлдыз бала (қуанып): Әкетайым, анашым!
Халық: Жасасын ханзада! Жасасын ханшайым! Жасасын ханзаданың мұрагері!

Соңы.
Категория: Школьный театр | Добавил: maken_tosh74 (2015-12-04) | Автор: марал E
Просмотров: 2132 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 11:15 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru