Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
ММ «Жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №5-ші мектеп – интернаты». АбижановаА.А. Семей қаласы «Мен адамдар арасында... » Мақсаты: 1. Балаларға бәріне бірдей қойылған талаптар мен жеке тұлға арасындағы қарым-қатынастардың маңыздылығы жайлы түсіндіру. 2. Жанжалдық сәттерді талждап, оларды шешу жолдарын қарастыруды үйрету. 3. Жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынастардың әрі қарай дамыту келісімдерінің маңызын табу. 4. Түзету жұмыстарын жүргізу. Өткізу формасы: Әңгіме түрінде. Құрал-жабдықтар: тақырыбы, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер. Барысы: -Балалар, бүгінгі біздің іс-шарамыздың тақырыбы «Мен адамдар арасында...» деп аталады. Ендеше мынадай сұраққа жауап беріңдерші: -Неге адамдар арасында келісім жасау жағдайлары туындап жатады? Осыған мысал келтіріңдерші. -(балалардың жауабы). -Жақсы, онда мына бір аңызды тыңдаңдар, артынан талдай жатармыз. Сонымен: «Бұрыңғы заманда бір шейхтың 19 түйесі болған екен. Өлер алдында ол өзінің 3 ұлын шақырып алып, оларға 19 түйені мұра етіп қалдыратынын айтады. Үлкен ұлына жартысын, екінші ұлына 4-тен 1бөлігін, үшінші ұлына 5-тен 1 бөлігін мұра қылады. Көп ұзамай ол қайтыс болады. Ұлдарыда түйелерін бөлісуге кіріседі. Түйелерді союға болмайды екен. Әрі ойлап, бері ойлап олар ешқандай шешім таппаған соң бір дана адамды шақырып алып, одан көмек сұрайды. Әлгі дана 19 түйенің 2-ге, 4-ке, 5-ке бөлінбейтінін түсініп, уақытша өзінің бір түйесін қосады. Сонда барлығы 20 түйе болады. Үлкен ұлға 10 түйе, екіншісіне 5 түйе, үшіншісіне 4 түйе береді. Артық қалған 1 түйені дана өзі алып жөніне кете береді». Енд, балалар, айтыңдаршы, сендер сол дана адамның орнында болсаңдар өз түйелеріңді уақытша берер ме едіңдер. - Жақсы, балалар, дұрыс айтасыңдар. Біз әрқашан өзімізден көмек сұраған адамдардан қолымыздан келгенін аямауымыз керек екен. Біз ақ көңіл, кең пейілді, қолымыз ашық болу керек екен. -Енді, мен сендерге бір аяқталмаған әңгіме оқимын, сендер мұқият тыңдап алыңдар, артынан өз ойларыңмен жалғастырасыңдар. «Бізді жаратқан тәңір әел затын жаратар кезде оған 6 күн, 6 түн уақытын кетірген екен. Бір періште одан: -Бұл әйелмен неге сонша көп уақытыңызды кетірдіңіз? Оған алла былай деп жауап қатыпты: -Ол жақсы ана, адал жар, өзі нағыз әйел болу үшін мен қандай талаптар қойғанымды сен білесің бе? Сонда періште не айтарын білмей ойланып қалыпты. -Ендеше, балалар, сендер маған жалпы әйел-жақсы ана, адал жар, нағыз әйел болу үшін қандай қасиеттерге ие болу керектігін айтыңдаршы. -Жақсы, балалар, сендер өте жақсы жауап бердіңдер. Енді адам үшін жеке тұлға арасындағы қарым-қатынаста не маңызды: өзінің дұрыстығын дәлелдеу ме, адам арасындағы жақсы қарым-қатынасты сақтап қалу ма? Жанжалдан қалай қашып құтылуға болады? Ол үшін мен сендерге тапсырма беремін. 1. Сендер бір-бірлеріңмен ұрысқан кезде айтатын ең жаман сөздеріңді жазыңдар. 2. Жанжалдан құтылу үшін адам қандай болу керектігін 5 сын есім сөзбен жазыңдар. 3. Жанжалдың артынан қандай 5 ауруға шалдығатынымызды жазайық. 4. Жанжалдың алдын алатын, немесе ұрыс туындаған кезде қандай сөздермен сендер сол балалардың көңілін аулайсыңдар. 5. Жанжалды қандай сөздермен жауып тастайсыңдар. -Жақсы, енді бағанағы жазған жаман сөздеріңді жыртып, іштеріңнен өздеріңе ондай сөздерді айтпаймыз деп өздеріңе уәде беріп, мына қоқыс салатын қорапқа тастаңдар. -Енді, балалар, орнымыздан тұрып мына сергіту сәтін жасайық. Адамның өмірі адамменен Осыны бауырым ұмытпа Адамға адам күш берер Қиналған сәтте қамықпа. Мен адамдар арасында Жүремін еш қорықпай Өйткені ол адамджар Сүйеніш болар қасымда. -Жақсы, енді мынаны тыңдайық: Жанжалдың алдын ала аласың ба? Бұл сұраққа жауап беру үшін әңгімелесу кезіндегі ұстанатын ережелерді еске сақтау керек: 1. Дауысымыз ақырын, біркелкі, әдепті болу керек. 2. Сөйлесуге ынтамыз болу крек. 3. Әңгімелесіп тұрған адамның көзіне қарап тұру керек. 4. Әңгіме кезінде ауызымызды қисайтуға, қабағымызды түюге, мұрынымызды жиыруға болмайды. 5. Адамның сөзін бөлуге, тоқтатуға болмайды. 6. Әңгімелесу кезінде сөзіміз нақты, өзіміз асықпай, сөзіміздің аяғын жұтпай сөйлеуіміз керек. 7. Дауысымыз адамды мүсіркеп тұрғандай естілмеуі керек. -Енді тақтаға қарап мына сөздермен танысайық: Жеке тұлға – личность Қарым қатынас – отношние Түйе – верблюд Жанжал конфликт Ұрыс керіс - ссора Мінез-құлық – характер Айырмашылық – отличие Қауіп-қатер – опасность. -Енді тақтаға қарап мына мақалдардың мағынасын қалай түсінгенімізді айтып шығайық: 1. Жақсы адам деп басқаларға жақсылық істейтін адамды айтады. 2. Жақсы сөз жарым ырыс. 3. Жақсы адамның ашуы Шай орамал кепкенше Жаман адамның ашуы Жерге басы тигенше. -Өте жақсы, балалар, енді сендер адаммен қарым-қатынасқа түскенде, адаммен сөйлескенде сендерге бірде болмасын бірде көмегін көрсететін тест жүргізейік. Мұнда сұрақтың 3 жауабы бар, соның дұрыс жауабын дөңгелетіп қойасыңдар. Тест: 1. Балалардың өз таңдауын жасауға құқығы бар ма? А. Өмірдің барлық жағдайларында.- Ә. Тек достар арасында. Б. Тек жанұяда 2. Адам неге ережеге сүйену керек? А. Қоршаған орта соны талап етеді.- Ә. Адамның қалауына байланысты. Б. Кейде солай болып қалады. 3. Адамдар бір-бірімен келісімге келгенде, олар: А. Жанжалдасады. Ә. Өз талаптарында тұрады. Б. Ережелерді нақтылайды.- 4. Адам неге ережелерді сақтамайды? А. Ереже бойынша өмір сүру қызықсыз. Ә. Ондай адам тәрбиесіз, мәдениеті төмен. Б. Ереже сақтау өзінің әлсіздігін көрсету деп санайды.- 5. Жанжалдың себептері не? А. Дөрекілік.- Ә. Мінездің әлсіздігі.. Б. Өзін ғана ойлау (эгоизм)- В. Мейірімділік. Г. Жауапкершілік. Ғ. Көзқарастарының әрқилылығы.- 6. Жанжал күш көросетусіз бола ма? А. Иә. Ә. Жоқ.- Б. Әрқашан. 7. Екі жақты сөзге келіп қалу жатады: А. Жанжал.- Ә. Ұрыс-керіске. Б. Сөз талас. (балалардың жауабын тексеріп, қателерін түзеу) -Енді балалардың дайындаған өлеңдерін тыңдайық: Аглямов Сергей: Ғылым таппай баптанба Білім таппай баптанба Құмарланып шаттанба Ойнап босқа күлуге Бес нәрседен қашық бол Бес нәрсеге асық бол Адам болам десеңіз Тілеуің, өмірің алдыңда Оған қайғы жесеңіз Өсек, өтірік, мақтаншақ Еріншек, бекер мал шашпақ Бес дұшпаның білсеңіз Талап, еңбек, терең ой Қанағат рақым ойлап қой Бес асыл іс көрсеңіз. Жакамбаев Азамат: Нельзя быть одиноким в этом мире, Как область автономная в квартире! Поэтому владеть собой обязан! Ведь ты законами людскими крепко связан. Ты уважай других, тебя зауважают. И поступай, как ждешь, с тобой чтоб поступали. Вот это человечностью зовется. Так не сегодня, исстари ведется! И мир худой надежней доброй ссоры. Стерпи, смолчи, коль это лучше в пору. Консенсусом такое вот назвали, А в старину беззлобностью считали! Демеубаева Еркегүл: . Хорошего конфликт, увы, не даст! Разрушит нервы ваши – это раз! Он червячком к вам в сердце заберется, И то, конечно, аритмично бьется! В мозги тот червь, как недоверие, вползет! Ни что на ум теперь уж не пойдет! Давление поднимет, боль в душе! Еще сказать иль хватит вам уже? Чтобы конфликт по жизни не разжечь, Ты должен, что имеешь, то беречь! Будь терпеливым, думающим будь! Внимательным, корректным – в этом суть! Акимжанов Ермек: Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да Алдамаған кім қалды тірі жанда Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім Жалғыз-жарым болмаса анда-санда. Тиккозова Аида: И дружелюбие тебе не помешает! А уважающего люди уважают! И думай, быть каким тебе и где! Конфликт, он первым навредит тебе! Не навреди! Подумай! Не шуми! Всех уважай! Добрее посмотри! Не спорь, коль не уверен! Отойди! Посредника, коль спор тяжел, найди! А, если с кем и вышло что не очень, То первым подойди сам, между прочим. Скажи: -Давай забудем все разборки. «Худой мир лучше ссоры» в поговорке. Ты – Человек! Ты – умный, добрый, знаю, Тебе я , милый, очень доверяю! Ты дружелюбен! Мы не правы в паре. И эта ссора надо нам? Едва ли! Бакиров Ербол: Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда. Мұнан менің қай жерім аяулы деп Бірге тұрып қалады кім майданда. -Міне, балалар, сендер тыңдаған өлең жолдарын біздің ұлы ақын атамыз Абай жазған екен. Абайдың осы өлең жолдарында адам баласы қандай жат мінезден қашық болып, қандай жақсы қасиеттерге ие болу керектігі жайлы айтылады. -Тағы бір айтып кететін жайт, балалар, сендер екі жылдан соң мектеп табалдырығынан аттап кетесіңдер. Сендердің алдарыңнан көптеген қиыншылықтар кездеседі, соларды счендер жеңе білулеріңдер керек. Өмірден түңілмеулерің керек, мойынсынбауларың керек. Мына бір аңызды тыңдап алыңдар, артынан талдап көреміз. Бұл әңгіме сендерге өздеріңе деген сенімдеріңді арттыруға көмектеседі. “Екі бақа” туралы аңыз Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі, шығалмайтынына көзі жетіп, қақтығыспай өліп қалады. Ал екіншісі, шығалмайтынына көзі жетіп тұрса да, қақтығысқанының бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. Бірақ, аяғында қаймақ, әлгі бақаның секіргенінен, қоюланып, майға айналады. Әлгі бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығып кетеді. (Аңыз талданады). -Енді біз сендермен тренингтер өткізейік: Мен кіммін, қандаймын?! тренингі. Мақсаты: өзіндік анықтауға, ішкі сезімін сыртқа шығару. 10 аса сөз жазуға болады. 3 минут беріледі. Мен Аселмін. Мен әдемі, сұлу қызбын. Мен қазақпын... Мен ........т.с.с. 1) Менің жан-жақты ерекшеліктерім тренингі. Мақсаты: Іштегі негативті шығару.. Жағымды-жағымсыз жақтарын жазу. 5-минут беріледі. 10 аса сөз жазуға болады. Дәптердің қақ ортасынан сызып: Жағымды ерекшеліктер: -Мен кішіпейілді қасиетіме ризамын т.б.... Жағымсыз ерекшеліктер: -Менің жылай салатын жаман қасиетім бар т.с.с. 3) Менің эмоциям және сезімім тренингі. Мақсаты: Адамның ішкі сезімі мен көңіл - күйінің көрініс табуы. Көңіл-күй түрлерін жазасыз. Сол көңіл -күйді мимикамен көрсетесіз. 2-минут беріледі. Мысалы, күлу, ойлау, қиялдау, аңсау, жылау, уайымдау т.с.с. Осындай әдістемелер немесе тренинг, профилактика, кеңес, мақал-мәтел немесе аңыз айта отырып, баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі бақылауға үйрету. -Жақсы, балалар. Біздің бүгінгі іс-шарамыз аяқталып қалды. Енді бүгінгі іс-шараның қорытындысы ретінде, сендерге іс-шара ұнаған ұнамағаны жайлы білу үшін мына таблицаны толтырамыз: «Іс-шара саған ұнады ма? Несімен?» Не? Иә. Не? Жоқ. -Міне, кімге іс-шараның қай жері ұнағаны жайлы біз білдік. Енді, мені құлақ салып тыңдаңдар. Біз жалпы көліктерді, химиялық реакцияларды, физикалық жағдайларды басқара аламыз. Ал өзімізді, өзіміздің сезімімізді көбінесе басқара алмаймыз. Бірақ, бүгінгі іс-шарамызда айтылған ережелер, жүргізген әңгімелер, бізді қоршаған адамдармен қалай қарым-қатынас табуымыз жайлы пікірлер арқылы сендер жан-жақтарыңдағы адамдармен, класстас-құрбыларыңмен, үлкендермен, мына біздермен тіл табысу үшін қолдарыңнан келгенін істейсіңдер деп үміттенемін. -Сау болыңдар! | |
Просмотров: 2428 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|