Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
ШҚО Семей қаласы №25 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімдері Калембекова Толқын Сейілқызы Жетимекова Анаргүл Жексенбекқызы Тақырыбы: «Анаммен бірге» сайысы Мақсаты: Өскелең ұрпақты эстетикалық және адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуде отбасы шығармашылығының рөлін арттыру, отбасыларды қоғамдық және мәдени қызметке тарту, отбасылық-шығармашылық қатынастарды сақтау мен құндылықтарды дамыту болып табылады Көрнекілігі: Нақыл сөздер, слайдтар Біздің халық өнерпазға бай халық, Әнші деп те биші депте айталық. Талаптарын таудай екен бүгінгі, Өнерлеріңді көрсетсеңдер қайтеді - «Анаммен бірге» сайыскерлерін ортаға шақырамыз. Сайыскерлер қоржыннан асықты алып өз реттік сандарын таңдап алады. Реттік саны бойынша сайысқа түсетін жұптарды таныстыру. Өнерпаздар өнерін салыстырып, Бәйге үшін терлетер шабыстырып. Әділдікті қолдайтын баға беріп, Жіберейік қазыларды таныстырып Әділ қазылар алқасы 1.Оспанова Р.Ж. 2. Оразалиева Г.К. 3. Мусурманова Ж.Қ. Аналар бар өнерін салары анық, Өнегелі тәлімді алған қанып. Ал ендеше таныстырып өтейін мен, Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып Сайыстың бағдарламасымен таныстыру. 1. Таныстыруы. 2. «Әнді сүйсең менше сүй». 3. «Он саусағы майысқан ,шебер болар ұрпақпыз». Қолөнер 4. «Аяулы алақан» 5. «Мақал-мәтел» 1-жұп Қуантады білімімен Аружан қыз, Қол сағып қарсы алайық енді оны біз. Сайысқа анасымен келіп отыр , Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз. 2 «А» сынып оқушысы Темирбек Аружан анасы Темирбек Әсем Бөкенбайқызы 2-жұп. Сабырлы, әрі салмақты , Өзі өнерлі жан –жақты. Анасы мен Алуа, Жарысты бүгін жалғапты. 1 «А» сынып оқушысы Масалимова Алуа анасы Жармухамбектова Гулбану Солтанқызы 3-жұп. Ұлдары бәрі сұлу салсаң назар, Бәрі де арманына қолын созар. Анасы мен келіп тұр Дулыға батыр, Бұйырса бақыт құсы саған қонар. 3«А» сынып оқушысы 4-жұп. Қол соғып қарсы алыңдар шығады енді, Оларға да берейік бүгін төрді. Жеңімпаз болармын деп келіп тұрған , Анасы мен Абылайға кезек келді. 2 «А» сынып оқушысы Айтқалиев Абылай анасы Сүлейменова Құралай Айтқалиқызы 5-жұп Жақсы адам кімге болсын болар пана, Мол оның тал бойында ақыл,сана. Анасымен сайысқа келіп отыр , Сыныптың мақтанышы сұлу Ақнұр. 4 «А» сынып оқушысы Кабитова Ақнұр анасы Сахажанова Әйгерім ІІ. Абай атамыздың сөзімен айтқанда «Құлақтан кіріп бойды алар, Тәтті ән мен әсем күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй»- кезекті өнер сайысына береміз. Әр жұп халық әндерінен өзінің кезегінде ән айтып өнерге икемділігін байқатады. ІІІ. Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз (бұл шарт үй тапсырмасы ретінде берілді.). Өздерінің үйден дайындап келген қолөнері туралы айтып түсіндіреді. V. «Аяулы алақан» ойыны. Аналар бір қатарға, ал балалар бір қатарға тұрады. Ананың көзін таңып, қолдарын ұстап өз баласының қолы нешінші реттік санда тұрғанын табу. ІV. «Мақал-мәтел» бөлімінде сандықшадан суреттер салынған, қайдай сурет түссе сол суретке байланысты мақал-мәтелдер айту. Әділқазылар өз шешімдерін қабылдағанша 2 «А» сынып оқушысы Семейгазыева Дарина «Қаражорға» биі Жеңістер мен жеңілістен тұратын, Өмір күрес,жеткізе ме мұратын. Жеңбедім жеңілдім деп ренжімегін, Қатысу да бір жеңіс,жан болсаң сен ұғатын. Кезекті әділқазалар алқасына береміз. Ата салтым-асыл мұрам, ардағым, Бабалардың жалғастырар арманын Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірін, Өткенімді бүгініммен жалғадым! Құрметті ата-аналар, қонақтар, ұстаздар. Сіздер бүгін «Анаммен бірге» сайысын көріп тамашаладыңыздар. Өз ұл-қыздарыңыздың білімі мен өнерін аңғардыңыздар. Сіздерге әрқашанда сәттілік тілей отырып, отбасыларыңызға береке , ынтымақ тілеймін. Мектеппен жиі байланыста болыңыздар! | |
Просмотров: 1482 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|