Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
Қаңбақ Қатысатын кейіпкерлер Кезбе шал;Кішкене қыздар 1 және 2;Ауыл тұрғындары;Бай;Байдың ұлы;Балалар Жабдық Сахна тереңіне ауылдың серті салынған шымылдық тұтылған.Түрлі тағам толы дастарқан жайылған. Бірінші көрініс Сахнада-мерекеше безендірілген ауыл.Бойжеткендер билеп жүр.Жас жігіттер мен балалар күш сынасуда.Қарттар дастарқан басында отыр. Кезбе шал (жанынан жүгіріп өтіп бара жатқан қызбалаға). Айтшы,айналайын,сендердің ауылдарында бүгін қандай мейрам? Кішкене қыз 1.Қарабай өзінің кенже ұлының туған күні құрметіне той жасап жатыр. Кезбе шал.Мерекеге осынша адам жиналған екен,демек,оның ұлы соған лайықты адам болды ғой!Солай ма? Кішкене қыз 2.Одан тәуірлер де болады! Кішкене қыз 1.Оған төрелік айтатын біз емес.Қонаққа шақырған адам жайында жаман айтпас болар. Кішкене қыз 2.Е,міне,Қарабайдың ұлы!Бәрінің ішіндегі корнектісі. Кезбе шал.Ол сонау,садақты бәрінен жақсы атып тұрған бала ма? Кішкене қыз 1.Жоқ.Ол Қарабайдың ұлы емес. Кезбе шал.Онда,бәлкім,киіз үйге бәрінен бұрын жүгіріп барған сонау жүйрік бала шығар? Кішкене қыз 1.Сіз тағы таппадыңыз,ата! Кезбе шал.Онда айтып жіберсеңдерші,мен оны қалай танимын енді? Кішкене қыз 2.Ол оп-оңай!Оның үстінде - ең әдемі киім бар! Екінші көрініс Музыка ойнап тұр.Қыздар өздерін шақырған құрбыларына қарай жүгіріп кетеді де,билей жөнеледі.Қариялар байдың дастарқагыга шақырылады. Бай.Алыстан мейман келгені-қожайынға ең тамаша тарту!Бізде бүгін мереке.Қара,адам-дар менің ұлымды ұлықтап жатыр!Оны қарттар мақтауда.Бойжеткендер ең жақсы әндерін шырқауда!Ал жастар оның құрметіне жарысқа түсіп,күштері мен ептерін сынасуда! Кезбе шал.Сенің ұлың шабандоз ба?Ол бәйгіде озды ма? Бай.Жоқ!Оның жақсы аты бар,бірақ атқа шапқанды ұнатпайды. Кезбе шал.Бәлкім,сенің ұлың ең күшті болар?Ол халық қорғаушысы болатын шығар? Бай.Ал оған күшті болудың керегі не?Мен тірі тұрғанда оны ешкім ренжіте алмайды! Кезбе шал.Ал онда сенің ұлыңның басқа балалардан несі артық? Бай.Ол бәрінен алысқа түкіреді! Кезбе шал.Сол да өнер болып па?Ондай ептілік үшін ешкім жүлде бермейді. Бай.Басқа бермесе-бермес!Ал мен сондай жарыс жасаймын.Жүлдесі де әйгілі болады-мен жүлдеге тайлақ тігем! Кезбе шал.Алайда бұл жақсы бола қояр ма екен? Бай.Менің ұлыма жақсы болғанның бәрі басқаларға қуаныш болуға тиіс! Музыка. Бай.(халыққа хабарлайды).Ал қазір біз балаларымыздың қайсысы бәрінен алысқа түкіре алатынын білетін боламыз!Жеңімпаз жүлдеге жасқа толған ботатайлақ алады! Байқауға қатысу үшін балалар барлық тараптан жүгіріп жетеді.Сөйтіп балалар түкірген кейіп көрсетеді.Ересектер оларды мақұлдаған айқайларымен және қол шапалақтарымен қолдап қояды.Тек бір Қарт қана мақұлдамай бас шайқап отырады.Елеусіз жылжып,кетіп қалады.Бұл жарыста байдың баласы жеңеді.Бәрі оны мадақтайды. Бай.(өзінің баласына жүлде тапсырып тұрып).Жарайсың!(Ауыл тұрғындары оған қосыла дауыстап жатыр.) Менің ұлым ел алдында ештеңесімен мақтана алмайды деген әлгі шал қайда?Кетіп қалды.Барсын,біз оған соншалықты өкіне қоймаспыз!Той жалғасады! Ауылда мейрам жалғасын табуда.Бәрі ән салып,би билеуде.Кенет қатты жел тұрады.Аспан лезде түнеріп кетеді.Сонда адамдардың бойын қорқыныш билеп,әр-қайсысы әр жаққа жүгіріп кетті.Сосын сахнада мүлдем қараңғылық орнады. Үшінші көрініс Бір кезде ауыл болған орын адам танығысыз.Бұл-ештеңе өспейтін шөл дала.Артқы фонда иесіз қалған киіз үй көзге шалынады.Бірнеше адам,іштерінде екі қыз-бала бар,шөпшек теріп жүр.Кезбе шал пайда болады. Кезбе шал.Менің анық есімде,мына жерде таяуда ғана дәулетті ауыл орын тепкен еді ғой? Ауыл тұрғындары.Болған... Кезбе шал.Бұл жердің шөбінің өзі белуардан келетін,әрі солқылдаған шырынды жас шөп.. Ауыл тұрғындары.Болған... Кезбе шал.Ал далада ақтылы қой отарлары мен жылқы табындары сыңситын... Ауыл тұрғындары.Болған... Кезбе шал.Таңның атасынан күннің батысына дейін ән де үзілмейтін... Ауыл тұрғындары.Ән салар ешкім жоқ...Ауыл босап қалды.Бұлақ суалды.Ағаштар солды... Кезбе шал.Ал Қарабай бай мен оның кенже ұлына не болды? Кішкене қыз 1.Бай жұтады да,қайғыдан өліп қалды.Ал оның баласы баспанасыз күйге ұшырады.Дүниенің бір түкпірінде қаңғып жүр... Кішкене қыз 2.Біздің де өміріміз жаман боп тұр.Күніне көз жасымен жуынамыз... Кішкене қыз 1.Айтыңызшы,ата,сіз өмірде көпті көрдіңіз ғой.Біздің ауылда нендей сұмдық тап келді? Кезбе шал.Естеріңде ме,Қарабай байдың ұлын сендер алысқа түкірген үшін қалай мадақтап едіңдер? Ауыл тұрғындары.Есімізде... Кезбе шал.Жер-біздің анамыз.Оған түкіру-күнәға бату деген сөз.Жерді ренжіткен күнәһарлықты тек көз жасын төгіп қана жууға болады. Қайтадан жел соғады.Адамдар бораған құмнан алақандарын тосып қорғанады.Дабылды музыка естіледі.Кезбе шал сахнаның шетіне келеді де,көрермендерге қарап,сөйлейді. Кезбе шал.Сендер бұл ауылдың тұрғындарына не болғанын білгілерің келе ме?Оларға өз отанын тастап кетуге тура келді,енді олар жер бетінде тұрақтай алмай,қаңбақша домалап жүр.Бұл адамдарға еш жерде орын жоқ. Шымылдық | |
Просмотров: 901 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|