Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия |
Тақырыбы: Керемет жетілік Мақсаты: Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау; оқушылардың пәнге қызығушылығын, танымдық көзқарастарын, ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, ұйымшыл болуға тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ-жауап, жеке жұмыс Көрнекі құралдар:қабырға газеттері, суреттер, компьютерлік техника, презентация, карточкалар, белгілер. Іс-шара ақпараттану кабинетінде өтеді. Уақыты 45-50минут Ойынды мұғалім және оның көмекшілері(2 оқушы) өткізеді. Ойын кезеңдері: 1.Дайындық кезеңі:әзірлемесі жазылады, зал безеңдірілуі, тапсырмалар ойластырылады, сыйлықтар дайындалады. 2.Ойын мақсаты, міндеттері, тәртібі таныстырады, қазылыр алқасы хабарлайды 3.Ойын-сайыс басталады. Біз бүгін «Керемет жетілік» ойынына жиналдық. Білім, біліктілік, логикалық ой-қабілеттерің, шапшан ой сеңдерге сайыстын бүкіл кезеңдерін өтуге мүмкіндік береді. Ойын 7 оқушы арасында сайыс түрінде өтеді. Ойын 7 кезеңнен тұрады 1-кезең. Өзің таныстыру. 2-кезең. Жалпы сұрақтар 3-кезең. Үй тапсырмасы 4-кезең. «Тәуелсіздік Қазақстанға-20 жыл» тест тапсырмалары 5-кезең.Саяхат 6-кезең.Мен саған-сен маған 7-кезең.Айналадағы химия(Кім шапшан) (ретін анықтау:№1,№2,№3,№4,№5,№6,№7) 1-жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Керемет жетілік» ойын-сайысымызды бастаймыз. 2-жүргізуші: Ойнайық, ойлайық та ойнайық! Қатардан артта қалып қоймайық, Белсенді болайық ортада Уақытты тектен текке жоймайық! Ойнайық, ойлайық та ойнайық! Білімділік көрсетейік сынайық, Жеңсе де, жеңбесе де ренішсіз болайық, Қаймықпай көңілді боп тарайық! 1-жүргізуші: Бүгінгі ойын-сайсымызда оқушылар өз білімдерің, көзқарастарын, ойларын, мәселелерді шешу жолдарын ортаға салады. Оларды бағалайтын қазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер 1. 2. 3. 1-жүргізуші:Сөз кезегі-ойын қатысушыларға. 1 кезең: Өзін таныстыру. (оқушылар өздерің таныстырады) 1. Бейбитова Элиза 2. Кусеева Арайлым 3. Ками Гульмира 4. Абдурахманова Жаннур 5. Абдуакитов Қаныбек 6. Сәбитбек Нұрислам 7. Мусатаева Гульнур 2-жүргізуші. Келесі кезең: Жалпы сұрақтар(сұрақ-жауап) №1 1. Атлант мұхитының атауы қандай алып атына байланыстыгрек аңызы бойынша Атлант деген алып) 2. Әлемнің ең ұзын өзені(Амазонка 6750км немесе Ніл 6673км) 3. Ең тұзды теңіз «Өлі теңіз) 4. Судағы тұздың мөлшері қандай шамамен анықталады(промилле) 5. Қазақстанда балықтардың қанша түрі мекендейді(140түрі) 6. Жер күні мерекесі қай күні аталады(22сәуір) 7. Менделеев кестесіндегі элементтерінің Қазақстандағы жер қойнауындағы неше элементтері табылған(99) №2 1.Топырақтың гумус қабатының пайда болуына ықпалын тигізетін ағзалар(өсімдіктер) 2.Жер өз осі арқылы айналу уақытын нақты атаңдар(23сағат 56минут 4секунд) 3.Емдік сулардың шығып жатқан жері(Арасан) 4. «Экология» терминді биология ғылымына енгізген ғалым(Э.Геккель) 5.Иісі бұрқыраған өсімдік(жусан) 6.Аумағы ең үлкен ағаш(баньян) 7.Ең биік шөп(бамбук) №3 1.Ең биік ағаш(эвкалипт) 2.Картоп құрамындағы органикалық зат(крахмал) 3.Көбелектер бір күн ғана тіршілік етеді, осымен келісесіңдер ме(кейбір көбелектер бірнеше ай тіршілік етеді) 4.Қандай жануар бірден 250 литр су іше алады(түйе) 5.Қазақстанның бірінші Қызыл кітабы жарық көрді(1978жыл) 6.Аршада -екеу, қарағайда –үшеу, түймедағыда-төртеу, жолжелкенде нешеу?(3, буындар туралы) 7.Қазақстандағы темір рудасына бай облыс(Қостанай) №4 1.Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал(барометр) 2.Түнде жаңбыр жауса, 72 сағаттан кейін, күннің көзі шығады ма?(жоқ, түн болады) 3.Жердің жасын анықтау мақсатында пайдаланатын элемент(Уран) 4.Үстелдің төрт бұрышы бар, егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады(5) 5.Жүрегі ең кішкентай жыртқыш(арыстан) 6.Кәрі бүркіт(баршын) 7.Балапан қаз(мамыр) №5 1.Ең ұзын жылан(анаконда) 2.Балдырлар туралы ғылым(альгология) 3.Дүние жүзі ең үлкен кітап дүкені (Лондонда «Джи фой») 4.Римнің алғашқы патшасы(Ромул) 5.Канада ақшасы(канада долары) 6.Ең күшті ұлғайтқыш құрал(электронды микроскоп) 7.Адамның ойлау қабілетті(интеллект) №6 1.Панама ақшасы(бальбоа) 2.Күляш Байсейтованың шың аты(Гүлбаһрам) 3.ҚР Тәуелсіздік күні(16желтоқсан 1991 жыл) 4.ҚР тұнғыш президенті(Н.Ә. Назарбаев) 5.Қостанай облысының бас қаласы(Қостанай) 6.Рудный қаласындағы №7 орта мектептің мекен жайы, телефоны(Корчагина 15 7.Ауаны оттекпен қамтамасыз ететін өсімдік мүшесі(жапырақ) №7 1.Жердің су қабаты(гидросфера) 2.Теңіз орамжапырағы(ламинария) 3.Құрлақтағы тұщы судың барлық мөлшерін неше пайызы мұз күйінде болады(75%) 4.Алакөл қорықтың эмблемасы(релікті шағала) 5.Қазақстанның бірінші қорығы(Ақсу-Жабағылы 1926жыл) 6.Озон қабатына қауіпті газ(фреон) 7.Қызыл кітапты ұсынған ұйым(табиғи ресурстарды және табиғатты қорғаудың Дүниежүзілік ұйымы) 1-жүргізуші: 3 Кезең-.Үй тапсырмасы Әрбір оқушыға жеке тапсырмалар берілген. Өз жүмыстарын ұсынады. 1. Бейбитова Элиза «Қостанай облысының балықтары» 2. Кусеева Арайлым «Қазақстанның қорықтары» 3. Ками Гульмира «Қызыл кітап» 4. Абдурахманова Жаннур «Дәрілік өсімдіктер» 5. Абдуакитов Қаныбек «Қостанай облысының өсісдіктері» 6. Сәбитбек Нұрислам «Қостанай облысының құстары» 7. Мусатаева Гульнур «Қостанай облысының жануарлары» 2-жүргізуші: 4 Кезең-Тест жұмысы «Тәуелсіз Қазақстан-20жыл» Өткен жылдар жемісі. 1. Елбасы Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. А) 1991 жылы 29-тамызда В)1991жылы 19қыркүйекте С)1992жылы 29 тамызда 2. Тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. А)16желтоқсан 1991жыл В) 1 желтоқсан 1991 С)1наурыз 1992жыл 3.Қазақ тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа самғады. А)1991жыл В)1992 жыл С)1993жыл 4.Қазақ халқының екінші қыраны ғарышкер Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды. А) 1994 жыл В)1995жыл С)1997жыл 5.Мұнай қоры мол Қашаған кен орнының ашылуына байланысты Қазақстан мұнай өндіру бойынша әлемде 5-орынға көтерілді. А)1996жыл В)1997жыл С)1998жыл 6.Еліміз мырыш қоры бойынша әлемде І орын, қорғасын қоры бойынша ІІ орын, марганец қоры бойынша ІІІ орында. А)1996жыл В)1997жыл С)1998жыл 7.Елімізде Ақ Азиада алауы жағылды, дәл осы жылы ЕҚЫҰ-на Қазақстан төрағалық етті. А)2009жыл В)2010жыл С)2011жыл 1-жүргізуші: 5. Кезен -Саяхат. Берілген суреттерді сөйлету. №1-Қостанай қаласындағы ескерткіш Ы.Алтынсарин №2-Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп №3-Қостанай қаласындағы мұражай №4-Қостанай қаласындағы ескерткіш Жеңіс күні №5-Рудный қаласындағы әкімшілік гимараты №6-Рудный қаласындағы №1 мектеп-гимназия №7-Рудный қаласындағы№13 мектеп 2-жүргізуші: 6 Кезең: Сен маған-мен саған(сайыскерлер бір-біріне сұрақ қояды) 1-жүргізуші: 7.Кезен-Айналадағы химия(кім шапшан) «Сәбілер айтқандай» 1.Менің көп ойыншықтарым осы материалдан жасалған Ол әр түсті болады, оны сындыруға қиын. Одан жасалған заттар жеңіл. Оны жандырса, қара түтін көп бөлінеді, иісі жаман. Оны тастауға болмайды, өйткені ол өздігінен ыдырамайды(пластмасса) 2.Ойлап тапқан қытайлықтар. Ағаштан жасайды. Көп қоқыс шығады. Орманда өртке себеп болуы мүмкін(шыны) 2.Ескіргенде, сыңғанда болады Қалада, ауылда, айдалада, барлық жерде Оны тапсырып ақша алуға болады Жаңа зат жасауға болады Түсті болуы мүмкін(темір-металлалом-терсек) 4.Онсыз біз қазір өмір сүре алмаймыз Күнде пайдаланамыз Суға түскенде көбіктенеді Суда балықты, жерде өсімдіктерді өлтіреді Ол арқылы барлығы таза болады(синтетикалық жуу құралдар) Осымен сайысымыздың жеті шарты да бітті. Әділқазылар алқасы оқушыларымыз жинаған ұпайларды есептегенше, (ән: Орындайтын Махмұтова Мәлика) «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз. Осымен «Керемет жетілік» сайысы аяқталды. Бәріңізге де көңіл қойып көргендеріңіз, тындағандарыңыз үшін көптен-көп рахмет айтамын! Сау болыңыздар! | |
Просмотров: 1968 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|