Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ростовка орта мектебі Тәрбие ісінің орынбасары Қ.А.Амралина
Жаздық лагерь Қоғамымыздың экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениеттің талабына сай келетін білімді, мәдениетті, жоғары интеллектуалдық мүмкіншіліктері мол азамат тәрбиелеу Ростовка Ресурстық Орталығына зор міндет жүктейді. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын басшылыққа ала отырып, Ростовка Ресурстық Орталығы жазғы лагерьдің оқу-тәрбие үрдісі бойынша жұмысымыздың негізгі мақсаты: оқушының ерекшелігін ескере отырып, дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, білімді, мәдениетті, еңбекқор, әлеуметтенген, өз «Менін» толық жүзеге асыратын, жеке дара, қайталанбайтын, бүгінгі қоғам жағыдайына тез бейімделе алатын жас ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Бала (біздің жағдайда оқушы) ұжым мен қоғамдық қарым-қатынас жүйесінен тыс, адамдық қажеттіліктері әлеуметтік жағынан қанағаттандырылмаса және қоғамнан шет қалып өссе жеке тұлға, азамат болып тәрбиеленіп, қалыптаса алмайды. Жеке тұлғаны қалыптастыруға көптеген факторлар әсер етеді, отбасы, қоршаған ортасы, бұқаралық ақпарат құралдары, т.с.с, бірақ іс жүзінде қандай да бір жеке әсерді бөліп айтуға болмайды. Бұл күрделі процессте оқушылар үшін жаздық лагерь өз алдына дирижер рөлін атқарады, балалардың бойындағы оң қасиеттерін дамытып, бағыт беруші.
Источник: http://svetik-1219@mail.ru |